Дүйсенбі, 16 Мамыр, 2022
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

«Қазір қылмыскерлер ұрлап емес, алдап алады» – елордалық тергеушімен сұхбат

30.07.2021
- Сұхбат
0
75
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Нұр-Сұлтан қаласында күніне орта есеппен 20-ға жуық қылмыс тіркеледі. «Соңғы 6 айда 103 іспен айналысуға тура келді». Елордалық Полиция департаменті Тергеу басқармасының аға тергеушісі Жандар Болатбек Azattyq Rýhy тілшісіне берген сұхбатында қылмыс түрлері мен сипаты, тергеуші жұмысының қыр-сыры жайлы айтты.

Еңбек өтілі алты жылдан асқан полиция капитаны Жандар Болатбек Тергеу басқармасында жұмыс істейді. Айтуынша, тергеуші болып қызмет атқару – ең әуелі ардың ісі.

«Тергеу басқармасы үш бөлімнен тұрады. Аса ауыр қылмыстарға байланысты, қоғамға аса қауіпті қылмыстар, одан кейін мүлікке қарсы қылмыстар бөлімі. Мен соңғысында жұмыс істеймін. Қазір көпке мәлім алаяқтық қылмыстары, одан бөлек ұрлық, тонау, қарақшылық деректері бар – бәрі осы мүлікке қарсы қылмыстар. Ал енді ауыр санаттағы қылмыстарға адам өлімі, зорлау, педофилия, мал ұрлығы енеді. Жұмыстағы басты мақсат – көрсеткіш қуу емес, болған қылмысты ертерек, нәтижелі аяқтау. Жәбір көрген азаматтарды анықтап, күдіктілердің іс-әрекетін дәлелдеп, прокуратура арқылы сотқа жібереміз», – деп сипаттап өтті жұмысын.

«ТӘУЛІГІНЕ 15 САҒАТТЫ ЖҰМЫСҚА АРНАЙМЫН»

Жандар мырзаның айтуынша, тергеуші отбасына күнделікті уақытының 2-3 сағатын ғана бөлуге мәжбүр.

«Әр саланың өзіндік қиындығы мен жауапкершілігі бар. Ал тергеу қызметінің басқа салаларға қарағанда, ар алдындағы жүгі ауыр. Себебі, адамның тағдырын шешесің. Сол себепті, 24 сағаттың кемі 15 сағатын жұмысқа арнауға мәжбүр боласың. Ұйқыға кететін уақытты алып тастағанда, отбасына 2-3 сағат қана қалады. Өйткені, Нұр-Сұлтан қаласының өзін алсақ, сырттан келіп-кетушілер көп. Олар «басқа қалаға қашып кетеміз, бізді ұстай алмайды» деп санайды. Мегаполис болып саналғандықтан, қылмыс көп. Алайда, мен полицияға жүрек қалауыммен келгендіктен, жұмысымды жақсы көремін», – дейді капитан.

ӨРШІП ТҰРҒАН ҚЫЛМЫС ТҮРІ – АЛАЯҚТЫҚ

Тәжірибелі маманның айтуынша, бүгінде алаяқтық саны күн санап артып келеді. Алаяқтар сан алуан тәсілге жүгініп, халықты алдаудан бас тартар емес.

«Тау бөрісіз, ауыл ұрысыз болмайды» дейді. Ұрылар бұрын да болды, қазір де бар. Бірақ бұрын ұрлап алуға тырысса, қазір алдап алуға тырысады. Интернет желісі арқылы алдайтын қылмыскерлер саны артты. Пирамидалар көбейді. Осы сәтті пайдаланып айтушы едім. Құрметті азаматтар, пирамидаға кірмеңіздер, ертең зардабын тартасыздар. Оңай жерде олжа жоқ.«Банктен» хабарласып отырмыз деп, жеке мәліметтерді сұрайтындар көп. Олардың көбі шетелден хабарласады. Интернет арқылы Қазақстанның нөмерін сатып алады. Сол нөмір арқылы сөйлесе береді. Негізгі интернет алаяқтар Ресейде отырады. Оларды полиция ұстап жатқанымен, IT саласын қатты білмегендіктен, сытылып жүргендер де көп. Бізде «Отдел К» деген бөлім бар, интернет алаяқтарымен жұмыс істейді. Бірақ олардың бәрі IT саласын толық меңгерген деп баға бере алмаймын. Ондай алаяқтар одан сайын дамып кетпес үшін, біз осы бағытты қолға алу керекпіз», – деді.

БЮРОКРАТИЯ МЕН МАМАН ТАПШЫЛЫҒЫ – ӘЛІ КҮНГЕ ШЕШІЛМЕЙ ТҰР

Самал БОТАХАНҚЫЗЫ: Бала дамуына бір жыл ғана емес,  әрдайым көңіл бөлінуі керек

Самал БОТАХАНҚЫЗЫ: Бала дамуына бір жыл ғана емес, әрдайым көңіл бөлінуі керек

06.05.2022
Уақып – сарқылмас сауап

Уақып – сарқылмас сауап

30.04.2022

Жандар мырза тергеу саласындағы басқа да мәселелерді атады.

«Маңызды мәселенің бірі – тергеуші мамандар санының аздығы. Астана бойынша үнемі тергеушінің бос орны бар. Маман саны жеткіліксіз болғандықтан, жұмыс ауыртпалығы көп. Мәселен, бізде эпизод деген ұғым бар. Бір істің ішінде бірнеше эпизод, яғни, бірнеше қылмыс болуы мүмкін. Мен соңғы 6 айда 103 эпизод бойынша жұмыс істеппін. Алты іс болатын болса, біреуі 40, біреуі 30 эпизодты деп айтсақ болады. Бір адам 40 адамды, 30 адамды алдауы мүмкін. Бір эпизод бір іс болып есептеледі. Әр тергеушінің осындай жеке көрсеткіші болады», – дейді Жандар мырза.

Полиция капитаны әлі күнге дейін қағазбастылық мәселесінің шешілмей келе жатқанын айтты.

«Қағазбастылық. Электрондық жүйеге, цифрландыруға толық келсек дейміз. Адамдармен сұрақ-жауап алу барысында бәрін емес, керектісін ғана алу қажет деп ойлаймыз. Мысалы, біз бір адамды тергесек, оны видеоға жазамыз. Сосын оның бәрін сөзбе-сөз қағазға түсіреміз. Бізде 200 томдық істер бар. Бір томында 180 беттен, мысалы. Оның бәрі қолмен жазылады», – дейді ол.

ҚАЖЫЛЫҚҚА БАРҒАН АДАМ ӘЙЕЛІН ПЫШАҚТАҒАН

Сұхбат барысында Тергеу басқармасының маманы өзінің ойында қалған, жан шошырлық істер жөнінде айтып өтті.

«Осы уақытқа дейін әр түрлі қылмысты көрдік. Қолын шауып тастаған, терісін сыпырған, тағысын тағы. Сол себепті таңғалмаймын. 2016 жылы 3 адамды бауыздап кеткен бір қылмыс ойымда қалыпты. Осы елордадағы Көктал елді мекенінде жеке үйде өрт шықты. Қызыл жалыннан 3 адамды алып шықтық. Сөйтсек, олар өрттен емес6 пышақпен бауылдағаннан көз жұмған. Сау-тамтығы жоқ, денесінің бәріне пышақ ұрып тастаған. Кейін анықталғандай, оларды бұрын сотталып шыққан бір еркек өлтіріпті. Бәрі ішімдік ішкен. Сөзге келіп қалып, әлгі қылмыскер үшеуін де пышақпен бауыздаған. Кейін өліп қалған соң, пышақпен әбден ұрып шыққан. Қылмысын жасыру үшін үйді өртеген», – дейді капитан.

Сондай-ақ ерлі-зайыптылар арасындағы ұрыс салдарынан болатын қылмыстар саны да күн санап артып келеді.

«Мәселен, соңғы бір тіркелген оқиғаны айтып өтейін. Қаны аққан, көмек сұрап жүгірген адамдар жөнінде хабар келіп түсті. Сөйтсек, 50 жастан асқан әйелі мен күйеуі ұрсып қалыпты. Үлгілі отбасы, бала-шағасының алды отбасылы, жас емес. Әйел әпкесінің үйіне кетіп қалады. Таңертең оянып, күйеуі оны іздеп келеді. Камерадан қарасақ, 15 минуттан кейін үстінде 3-4 пышақтың ізі бар, қаны су сияқты атылып жатқан әйелдің әпкесі үйден жүгіріп шығады. Сол уақытта әлгі еркек үйді құлыптап алып, өзін де, әйелін де пышақтап өлтіреді. Бірнеше жерден пышақ соққысын алған әпкелері тірі қалды. Кейін анықталғаны – ұрыс қызғаныштан шығыпты. Қажылыққа барып келген, үлкен жастағы кісілер осылайша мерт болды. Сондықтан адамға қарап, мынау қылмыскер деп анықтау қиын. Кей жағдайда алтын мінезді адамның өзінен қатыгездік шығуы мүмкін», – деп тәжірибесімен бөлісті.

Жүрек қалауымен тергеу саласына еңбек етуге келген Жандар мырза үйде жүрсе де, түзде жүрсе де өз ісін ойдан шығармайтынын айтады.

«Істер, түрлі тағдырлар миымнан кетпейді. Себебі, әр ісім арқылы елге қызмет істеп жатырмын деп ойлаймын. Жәбірленушіге жақсы болсақ, күдіктіге жаманбыз. Бізді олар жамандауы, қарғауы мүмкін. Сол себепті, бір ғана шындық бар – шыншыл, әділ болу керек. Елордада күніне орта есеппен 20 қылмыс тіркеледі. Тергеуші адамның тағдырын шешкендіктен, ар ісі екенін ұмытпай қызмет ету керек», – деп сөзін қорытындылады.

Сымбат ҒАЛЫМЖАН,

Нұр-Сұлтан

Қайнар көзі: azattyq-ruhy.kz
Тегтер: алаяқтыққылмыстергеуші
Бөлісу2Твитерге1БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Педофилдерге электронды бақылау білезігі тағылды
Жаңалықтар

Педофилдерге электронды бақылау білезігі тағылды

20.04.2022
Ағымдар ақиқаты

Экстремисті «емдеу» мүмкін бе?

29.09.2021
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Исламның реинкарнацияға көзқарасы қандай?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Көп қаралғаны

  • Бауыржан Әлиұлы жариялаған ой салар соңғы 10 пост

    Бауыржан Әлиұлы жариялаған ой салар соңғы 10 пост

    63 рет бөліскен
    Бөлісу 25 Твитерге 16
  • Исламның 5 парызы – Ибраһимнің (а.с.) 5 қазынасы

    2047 рет бөліскен
    Бөлісу 819 Твитерге 512

Соңғы жарияланымдар

Дін атынан білімсіз сөйлеу қауіпті

16.05.2022
0
Дін атынан білімсіз сөйлеу қауіпті

Толығырақ оқу

Қажылық электронды жүйесінің басшысы болатын өзгерістермен бөлісті

16.05.2022
0
Қажылық электронды жүйесінің басшысы болатын өзгерістермен бөлісті

Толығырақ оқу

Мемлекеттің мүлкін рұқсатсыз пайдалануға бола ма?

16.05.2022
0
Мемлекеттің мүлкін рұқсатсыз пайдалануға бола ма?

Толығырақ оқу
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

 

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2022 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Бастапқы бет
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Сауалнама
    • Кітапхана
  • Жоба туралы
  • ҚАЗ
    • ҚАЗ
    • РУС

© 2022 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіге кіріңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы аты немесе электрондық пошта мекенжайын енгізіңіз.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00