Сұрақ: Не үшін Құдай жолында малдың жақсысын беру қажет?
Жауап: Ислам сеніміне сәйкес мұсылман ақыретке иман келтіреді. Адам бұл дүниеде жасаған қайырымды ісінің жемісін ақыретте көреді. Берген зекеті, садақасы мен малы бұл дүниеде сауап болып жазылып, ақыретте алдынан шығады. жасаған ізгі амалдарының жемісін көреді. Құдай Тағала пенденің мал-мүлкіне мұқтаж емес, керісінше, адам мұқтаж.
Ибн Масғуд (Алла оған разы болсын): «Алланың елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):
– Сендердің қайсыларың, мирасқордың малын өз малынан артық көреді? – деп сұрайды.
Сахабалар:
– Уа, Алланың елшісі! Біздің барлығымыз өз малын жақсы көреді, – дейді.
Алланың елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):
– Негізінде берген малдарың, сендердің малдарың саналады. Ал (тәуір санап, алып қалған) малдарың, мирасқордың малы болмақ, – деді» деген риуаятты келтіреді (Бұхари).
Жалғас САНДЫБАЕВ
Себебі, Алла – төтенше мұқтажсыз әрі Жалғыз Молшылық Иесі. Түсіну үшін келесі сілтеме ашып, комментарийлерді оқыңыз:
https://kazislam.kz/qudajdyng-razylyghyn-qalaj-alugha-bolady/#comment-7352
https://kazislam.kz/qudajdyng-razylyghyn-qalaj-alugha-bolady/#comment-7352