Сұрақ: Хирург немесе оташы адамның әрбір жерін кеседі, тіпті адамның дене мүшелерін де алып тастайды. Намаз оқитын адам мұндай мамандық иесі бола ала ма?
Жауап: Пайғамбар (с.ғ.с.) мұсылман өзге адамға қолымен де, тілімен де зиянын тигізбейді деп сипаттаған хадисі бар. Бірақ, бұл жердегі мәселе ғылым (медицина) мен мамандық (хирург) жайында болып отыр. Сондықтан ислам ғылымды да, білікті маманды да құптайды.
Хирург адамның өмірін сақтауына себеп, қанша науқасқа ота жасап, өмірін құтқарады. Мұсылман адам дәрігер (хирург, окулист, лор, ветеренар, зоолог, биолог және т.б.) болмасын деген ереже жоқ. Әлем ғылымының (оның ішінде медицина) дамуына елеулі үлес қосқан Ибн Сина, Ибн Маскауайһ, әр-Рази, әт-Туси сыңды т.б. көптеген мұсылман энциклопедист ғалымдар осының айқын дәлелі.
Мұсылман адам хирург болуы арқылы азаматтардың салауатты өміріне орасан үлес қосады. Бұл пайғамбардың: «Сендердің ең жақсыларың – адамдарға көп пайда келтіргендерің» деп айтқан хадисімен үндеседі.
Жалғас САДУАХАСҰЛЫ