Сұрақ: Мұхаррам айында Рамазан айының қазаларын өтеуіме бола ма?
Жауап: Рамазан оразасынан қалған қазаларды кез келген айда өтеуге болады. Сондықтан осы ай, яғни Мұхаррам айында да Рамазан қазасын өтеудің еш ағаттығы жоқ. Тіпті, Мұхаррам айында қазаны өтеудің өзіндік артықшылығы бар десек, артық айтқан болмаспыз.
Өйткені, хазіреті Әлиден (р.а.) жеткен хадисте бір кісі Пайғамбарымыздан (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Уа, Расулаллаһ! Рамазан айынан кейін, қай айда ораза ұстауыма кеңес етесіз?» – деп сұрағанда, Ол: «Рамазан айынан кейін ораза тұтқың келсе, Мұхаррамда айында ораза ұста! Шынында, бұл ай – Алланың айы. Бұл айда бір күн бар, сол күні Алла Тағала кей қауымның тәубесін қабыл еткен еді. Қалғандардың да тәубесін қабыл етеді»,[Тирмизи, Китабуссиям, №741 хадис] – деп жауап берген.