Сұрақ: Мешітте әрбір адамның өз орны бола ма?
Жауап: Мешіт жамағат үшін ашық орын. Мұнда келген адам құлшылықты өзінің қалаған орнында жасай береді. Адамның жасына немесе намаз оқыған жылдың ұзақтығына қатысты арнайы орын белгіленбейді. Тіпті пайғамбар (с.ғ.с.) түйе бір мәрте ұнатқан жерін, өзіне тұрақты орын етіп алатыны сияқты мешіттен де арнайы орын белгілеп алуға болмайтыны туралы айтқан (Жамиғ әс-Сағир). Сол үшін мешітте үнемі бір орында намаз қылуды әдетке айналдыру мәкруһ.
Ал енді имамның үнемі тұратын михраб алдындағы орны немесе азаншының микрофон қасында тұрып құлшылық етуі олардың қызмет орны болып саналады.
Жалғас САДУАХАСҰЛЫ