29 маусым күні Маңғыстау облысы Дін істері басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында “Абай” атындағы мәдени-демалыс кешенінде “Рухани кеш” ұйымдастырылды.
Таза ауа аясында өткен рухани кешті облыс тұрғындары тамашалады.
Кеште қазақ халқының ұлттық құндылықтары жыр, терме, күй және дәстүрлі әндері шырқалды.
Шараны Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Маңғыстау облысы бойынша өкілі, облыстық “Бекет ата” мешітінің бас имамы Ануар Ізімбайұлы ашып беріп, кеш қонақтарына ыстық лебізін айтып, рухани кештің мән-мағынасы жайлы сөз қозғады.
Кешті Бердіхан Әлмен жүргізіп, қазақ ақын-жыраулары Шәтім Мұңайтпасұлының 245 жылдығына және Зайыр Мектепұлының 110 жылдығына орай Маңғыстау облысына танымал эстрада әншілері, термеші, жыршы және күйшілер мен “Ақжелкен” тобы өнер көрсетті.
Рухани кеште Жаңаөзен қаласы “Әбіш-Қожа” мешітінің бас имамы Юнус Қадірқұлұлы қазақ халқы дін мен дәстүрін қатар ұстаған ұлы халық екені жөнінде насихат айтты.