Сұрақ: Мәһірді қыздың келісімімен бермей қойса болады ма?
Жауап: Жоқ, болмайды. Мәһір беру уәжіп. Құдай Тағала мәһір беруді міндеттеген: «…оларға некелесу шартымен тиісті малын төлеңдер» (Ниса: 24) және «Әйелдердің мәһірін ықыласпен беріңдер. (Ниса: 4).
Кейбір азаматтар «Мен қызды келісімін алдым. Ол мәһір алмауына разы» деп мәһірді бермей қоя алмайды. Ислам бұлай жасауға рұқсат бермейді. Мәһір – қалындықтың ақысы. Келісілген мәһірді бермеу – күнә.
Жалғас САДУАХАСҰЛЫ