Сұрақ: «Коммунизм» дін бе?
Жауап: Дін дегеніміз – сенім және сол сенімге сәйкес өмір сүру жолы. Ислам – Құдайға сену, Соның көрсеткен шариғатымен өмір сүру дегенді білдіреді.
Ал енді «коммунизм» Құдайды жоқ деп сену және Құдайсыз өмір сүру деген сөз. Сол үшін ол бір діннің орнына «коммунизм» атты дінді алып келуді мақсат тұтты. Бұған «Ленин» баспасынан В.А. Рудневтің «Советские обычаи и обряды» атты кітабының жарыққа шығуы осының нақты айғағы.
Кітапта Кеңес өкіметі азаматының коммунизмдік дәстүрді, әдет-ғұрыптарды, отбасылық, жергілікті және ұлттық мерекелерді күнделікті өмірге енгізу кезеңдері мен тәртібі және ережелері қамтылды. Коммунистік іс-шаралардың ұйымдастырылуы, жүргізілуі және одан әрі даму тенденциялары туралы баяндалады.
Дін сөзімен айтар болсақ, коммунизм «шариғаты» жазылды. Кітаппен танысу үшін интернеттен немесе кітапханадан жаздырып алып оқуға болады.
Жалғас САДУАХАСҰЛЫ