Бір күні ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Хазреті Әлиден (Алла одан разы болсын) бірнеше сұрақтар сұрайды.
– Уа, Әли! Алланы жақсы көресің бе? – дейді. Хз.Әлиде,
– Әрине, Алланың Елшісі! Жақсы көремін, – дейді.
– Ал мені жақсы көресің бе? – дейді. Хз.Әлиде,
– Әрине, Алланың Елшісі! Сізді де жақсы көремін, – дейді.
– Жұбайың Фатима жақсы көресің бе? – дейді Пайғамбар. Сонда Хз.Әли,
– Әрине, Алланың Елшісі! Оны да жақсы көремін, – дейді.
– Ал балаларыңды жақсы көресің бе? – дейді. Хз.Әлиде,
– Әрине, Алланың Елшісі! Оларды қалайша жақсы көрмеймін!, – дейді.
«Жарайды, жақсы көреді екенсің, бірақ бұлардың барлығын бір жүрекке қалай сыйғызасың», деп сұраған екен Алла Елшісі.
Пайғамбарымыздан (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) мұндай сұрақ күтпеген Хз. Әлиде (Алла одан разы болсын) жауап бере алмай,
– Уа, Алланың Елшісі! Бұл сұрақтың жауабын табу үшін маған уақыт берсеңіз, – дейді.
Сөйтіп ақшам намазының уақытынан кейін Хз. Әли үйіне барады. Хз. Әлидің жүзінен жұбайы Хз. Фатима (Алла одан разы болсын) анамыз бір мұңның белгісін байқайды. Одан неге сонша мұңайып келгенін сұрайды. Сонда Хз. Әли болған жайды баяндап, соңғы сұраққа жауап бере алмағанын айтады. Хз. Фатима анамыз күйеуі Хз.Әлиге қуат беріп, сұрақтарына жауап тауып, енді барып әкеме жауабын айтып келіңіз, деп шығарып салған екен.
Хз. Әлиде ардақты Пайғамбарымыздың құзырына барып;
– Уа, Алланың Елшісі! Адам Алланы ақылымен және рухымен, ал Пайғамбарды жүрегімен, жұбайын нәпсісімен, балаларын болса мейірімімен жақсы көреді екен, деп әлгі сұрақтың жауабын берген екен. Сонда Хз. Пайғамбарымыз;
– «Уа, Әли! Сұрақтың жауабын дұрыс таптың, бірақ жауабыңнан қызым Фатиманың да үлесі барын аңғардым», деп күлімсіреген екен.
Кейбір риуаятта Хз.Әлидің аталмыш сұраққа «Алланы Оның құлы болғандықтан, Пайғамбарды үмметі болғандықтан, Фатиманы күйеуі болғандықтан, балаларымды әкесі болғандықтан жақсы көремін» депте жауап бергендігі жөнінде нұсқалары кездеседі.
Дайындаған – Тұрар ТҮГЕЛҰЛЫ