Құранда бұл жайлы: «Ей, Пайғамбар! Раббыңнан саған түсірілгеннің барлығын жеткіз. Егер мұны жасамасаң, пайғамбарлық міндетіңді толық орындамаған боласың. Алла сені адамдардың қастандығынан сақтайды» –деп, бұйырылған(«Маида» сүресі, 567.)
Тағы бір аятта: «(ол пайғамбарларды) дәлелдермен және қасиетті кітаптармен жібердік. Саған да адамдар үшін аян етілген шариғатты ашық баян етсін деп, Құранды түсірдік. Әрине, олар түсінер»-деп, бұйырылады («Нахыл» сүресі, 1644.)
Мұхаммед Пайғамбар (с.а.с.) тақуа ғұмыр кешіп, аса кішіпейіл, ұяң, биязы мінезінен айнымаған, бір сәт те болсын өзінің бас пайдасын ойламаған, Құран аяттарын Алла тағаланың құдыреттілігін, үстемдігін сездіре отырып түсіндірген ардақты тұлға және мұғжизалардың иесі.