Жұма, 22 Қыркүйек, 2023
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Пайдаңды тигізе алмасаң да, зияныңды тигізбе немесе мешіт салуға неге қарсымыз?

08.09.2023
- Қоғам, Таңдаулы
0
240
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Әлеуметтік желіде Қосшы елді мекенінде іргетасы қаланған мешіт туралы ақпарат жарияланғаннан кейін кейбір азаматтар елімізде мектептерге оқушылар сыймай жатқанда мешіттерді топырлатып сала бергеннен не пайда деген сыңайдағы қыңыр пікір білдіріпті. Осыны оқығаннан кейін, бір мұсылман пенде ретінде, осы елдің азаматы ретінде өз ойымды қоса кеткім келіп отыр.

Біріншіден, мемлекетке мектеп те, мешіт те керек. Оған ешкімнің қарсылығы да, таласы да жоқ. Айырмашылығы, мешіттер Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қолдауымен салынады және ол үшіт мемлекеттен бір тиын да қаржы бөлінбейді. Мүфтият діни бірлестік ретінде өз құзыреті шеңберінде дінге жанашыр азаматтардың, кәсіпкерлерлердің демеушілігімен қаржы тауып, сол қаражатқа мешіт салдырып жатыр. Көзі ашық, оқыған пенде білетіндей, еліміздегі діни бірлестіктер мемлекеттің есебінен қаржыландырылмайды, мемлекеттік бюджеттен ақша алмайды, яғни мемлекеттің қазынасына қол сұғып отырған жоқ. Сонымен қатар, ешкімнің де қалтасына зорлап түсіп жатқан жоқ. Мешіттерді халық өздерінің еркімен берген ақшасымен ұстап отыр. Сондықтан барлық нәрсені мешіттен көре беру ақылға қонымсыз.

Ал, мектеп мемлекеттік бюджет есебінен салынады немесе мектепті салуға ниет білдірген кез келген азамат білім саласындағы уәкілетті органмен және жергілікті атқарушы органдармен келісе отырып сала алады, оған мемлекеттік бюджеттен арнайы қаржы бөлінеді. Қолынан іс келетін әрбір адам, оның ішінде мен де, желідегі жазбаның авторы Ахметбек Нұрсила да бастамашы болып мектеп сала алады. Істің көзін тапқан іскер азаматтар мен кәсіпкерлер мектептерді салып та, ашып та жатыр. Жұмысы барлар жұмысын істеп, жұмысы жоқтар біреуге килігіп жатқан мына заманда қоғамның дертіне айналған нашақорлықты, отбасындағы зорлық-зомбылықты, ұрлық пен тонаушылықты, жасөспірімдер арасындағы қылмысты неге жазбаймыз? Мешіттер осындай келеңсіздіктермен табанды түрде күресіп келе жатқан бірегей орын емес пе! Қоғамның азып-тозуы рухани әлсірегеннен туындап отырғанын көре-біле тұра мешітке тиісе беру еріккеннің ермегі болмауы керек.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мектеп салмаңдар деп ешкімнің қолынан байлап отырған жоқ. Керісінше, имамдардың уағыздарын мұқият тыңдасаңыздар, олар мешітке келушілерді білім алуға шақырып жатыр, өркениетті елдермен тереземіз тең болғанын қаласаңыздар білім мен ғылымға ұмтылыңыздар деп жатыр. Имамдар мектеп, көпір, аурахана салсаңыздар одан үлкен сауапты іс жоқ деп айтып жатыр. Тіпті, бірер жыл бұрын облыстарда имамдардың өздеріңің қаржылай демеушілігімен құдықтар қазылып, кішігірім көпірлер салынып халықтың игілігіне берілген еді. Егер, заңнамемен құзырет берілсе мүфтият та бір емес бірнеше мектептің салынуына мұрындық болар еді.

Ал, мешітті мүфтият салмағанда кім салады? Қолданыстағы заңнамаларға сәйкес мүфтиятқа ислам дінін ұстанатындардың мұқтаждықтарын үйлестіру уәкілеттілігі берілген. Осының шеңберінде дін исламға жанашыр азаматтардың қаржылай қолдауымен мешітке мұқтаж елді мекендерде ғибадат орындарын тұрғызып жатқанын қызғанудың еш негізі жоқ. Керісінше, мемлекеттің ұрпақ тәрбиесіне өз тарапынан қолдау көрсетіп, мешітке келушілерді жамандықтан тыйып жақсылық жасауға шақырып жатыр. Қоғамның әлеуметтік осал топтарына миллиондаған ақшаға азық-түлік таратып, киім-кешек алып беріп жатыр. Жыл сайын «Мектепке жол» бағдарламасы шеңберінде жүз мыңдаған балаларға мектеп заттарын алып беруде. Елді, отанды қорғаудың  қасиетті борышымыз екенін насихаттап, жастардың рухын жігерлендіруге үлес қосып келеді. Сондықтан, қоғамға өзіміз пайда тигізе алмасақ та жақсы амалдар жасап жатқандарға кедергі келтірмейік, қызғанбайық. Ал, жақсылықтың үлкен-кішісі болмайды. Жақсылық жасасаң өзіңе жақсы ғой!

 Балғабек МЫРЗАЕВ,

Дінтанушы, «Ислам зерттеулері орталығы» қоғамдық қорының атқарушы директоры

Шымкентте жаңа мешіт ашылды

Шымкентте жаңа мешіт ашылды

22.09.2023
Иранда әйелдер футбол стадионына баруға рұқсат алды

Иран парламенті хиджаб кимегендерді жұмыстан қууы мүмкін

22.09.2023
Тегтер: Балғабек МырзаевҚосшымектепмешіт
Бөлісу6Твитерге4Бөлісу2Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Алғашқы кезеңдерде мешіттердің діни тәлім беру орталығы ретінде атқарған функциялары
Сұрақ-жауап

«Мешіт салғанша мектеп салмай ма?» деп талап қою қаншалықты орынды?

18.09.2023
Ақтөбе тасжолы бойында намазхананың іргетасы қаланды
Жаңалықтар

Ақтөбе тасжолы бойында намазхананың іргетасы қаланды

13.09.2023
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Кәсіпті нәсіп еткен қолөнер шеберлері

Кәсіпті нәсіп еткен қолөнер шеберлері

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Көп қаралғаны

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    1493 рет бөліскен
    Бөлісу 597 Твитерге 373
  • Исламның 5 парызы – Ибраһимнің (а.с.) 5 қазынасы

    7508 рет бөліскен
    Бөлісу 3003 Твитерге 1877
  • Духа намазы қалай оқылады?

    2157 рет бөліскен
    Бөлісу 862 Твитерге 539
  • Дұрыс дұға жасау әдебі

    4960 рет бөліскен
    Бөлісу 1982 Твитерге 1239
  • «Хикмет» cөзінің мағынасы қандай?

    795 рет бөліскен
    Бөлісу 318 Твитерге 199

Соңғы жарияланымдар

Шымкентте жаңа мешіт ашылды

22.09.2023
0
Шымкентте жаңа мешіт ашылды

Толығырақ оқу

Иран парламенті хиджаб кимегендерді жұмыстан қууы мүмкін

22.09.2023
0
Иранда әйелдер футбол стадионына баруға рұқсат алды

Толығырақ оқу

Алматы облысында «Үлкенге құрмет – кішіге ізет» тақырыбында семинар өтті

22.09.2023
0
Алматы облысында «Үлкенге құрмет – кішіге ізет» тақырыбында семинар өтті

Толығырақ оқу
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

 

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2022 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Бастапқы бет
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Сауалнама
    • Кітапхана
  • Жоба туралы
  • ҚАЗ
    • ҚАЗ
    • РУС

© 2022 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіге кіріңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы аты немесе электрондық пошта мекенжайын енгізіңіз.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00