Күндердің күнінде шәкірт ұстазынан былай деп сұрапты:
– Неге адамның бойындағы жаман қасиет тұрақты болады да, ал, жақсы қасиетті ұстап тұру өте қиынға соғады? Ұстаз:
– Егер кез келген жемістің сау дәнін жердің бетіне, ал, жаман дәнді жердің астына қойсаң не болады?Шәкірт:
– Әрине, жер бетінде қалған дән күннің астында бұзылып кетеді. Ал, әлгі жаман дән өсе келе тексіз әрі жеміссіз болады,-дейді. Сонда ұстаз:
– Адамдар да осындай дән секілді. Қандай да бір игі жақсылық, ізгі амалды жасырын жасаудың орнына жұртқа көрсетіп, баршаның назарын аудартып жасайды. Содан соң ол жақсылығы жемісті болмайды. Ал, бойындағы жаман қасиеттерді керісінше іште сақтап, ешкімге көрсетпеуге тырысады. Осылайша оның бойында адами қасиеттер бұзылып, тұрақтана бастайды,-деген екен.
Жалғас АСХАТҰЛЫ,
Дінтанушы