Бес адаммен еш уақытта дос болма

    0
    408

    Әбу Жағфар Мұхаммед бин Әли Бақир былай дейді:
    Әкем маған: «Балам! Бес кісімен ешуақытта жолдас болма, олармен әңгімелеспе және жолда серік болма! — деді.
    — Құрбаның болайын әке, ол бесеуі кім?,-деп едім, әкем:
    — Пасықпен жолдас болма, ол бір асқа бола немесе одан да төменіне сені сатып жібереді,-деді.
    — Әке! Одан да төмені не?
    — Дәметіп, қолы жетпеген нәрсе.
    — Әке! Екінші адам кім?
    — Сараңмен жолдас болма. Өйткені, ол саған ең керек кезде мал-дүниесін бермейді.
    — Әке! Үшіншісі кім?
    — Өтірікшіні жолдас етпе, ол сағым сияқты жақынды сенен алыстатып, алысты саған жақын етіп көрсетеді.
    — Әке, төртіншісі кім?
    — Ақымақпен жолдас болма. Өйткені, ол саған пайда беремін деп зиян тигізеді.
    — Әке, бесіншісі кім?- дегенімде:
    — Туысқанымен ара-қатынасын үзгенмен жолдас болма, өйткені ондай адамның Құранда үш орында лағынеттелгенін көрдім»,-деп әкем өсиет еткен еді.
    P.S. Дос — араб тілінде «садық», яғни, шыншыл деген сөзден туындайды. Демек, дос  – әр жағдайда сізбен шыншыл, қарым-қатынастағы бауырыңыз.

    Руслан ҚАМБАР

    Пікір жазу