Бір күні атақты Хазіреті Әбу Дәрда қаланы аралап жүргенде бір топ адамның күнәһар бір адамға ауыр сөздер айтып, қорлап жатқанын көреді. Сосын олардан:

– Сендер бір адамның құдыққа түсіп кеткенін көрсеңдер, оны ол жерден шығарасыңдар ма? – деп сұрады. Олар бірауыздан:

– Әрине, шығарамыз! – деп жауап берді. Сонда Хазірет Әбу Дәрда:

– Олай болса, бауырларыңа ауыр сөз айтпаңыздар. Одан да сендерді күнәдан сақтаған Аллаға мадақ, мақтау айтыңдар! – деді. Сол уақытта жиналған адамдар:

– Сонда сіз мына күнәһарға ашуланбайсыз ба? – деп сұрады.

Алла Елшісі Мұхаммедтің (с.ғ.с.) тәрбиесімен рухани жетілген қадірлі сахаба былай деп жауап қайтарған екен:

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ:  Жақсылық жасау – жүректің ісі

– Мен оған немесе оның тұлғасына ашуланбаймын, мен тек оның жасаған күнәларына ғана ашуланамын. Күнәсін тәрк еткен кезде ол менің дін бауырым болып қала бермек.

 Дайындаған – Тұрар ТҮГЕЛҰЛЫ

Пікір жазу