Сұрақ: Хижреттің әлеуметтік немесе тарихи маңызы қандай?
Жауап: «Хижрет» араб тілінде «бір жерден екінші жерге көшу, қоныс аудару» деген мағыналарды білдіреді. Ислам тарихында «хижрет» деп пайғамбардың (с.ғ.с.) туған жері Меккеден Мәдина шаһарына көшуін айтамыз.
Кімге болса да туып-өскен жері ыстық. Адам туған жерінен көшуі үшін нақты әрі үзірлі себептің болуы шарт, әйтпесе көшпейді. Пайғамбар үшін де (с.ғ.с.) кіндік қаны тамған Мекке шаһары қымбат еді. Мұсылман қауымының бұдан артық Мекке шаһарында қалулары қауіпті болған соң, пайғамбар (с.ғ.с.) Мәдинаға қоныс аударады.
Алғашқы мұсылман қауымының Мекке шаһарынан Мәдинеге қоныс аударуы – тек ислам емес, адамзат тарихындағы маңызды оқиғалардың бірі. Хижрет еткен мұсылмандар зорлық-зомбылықтан құтылып, еркін және тәуелсіз қоғамда өмір сүре бастады. Асқақ мақсаттарына жету жолында қатты қарсылыққа тап болса да мұсылман қауымы осы жолда қайраты мен жігерін салып, жандарын пида етті.
Пайғамбардың (с.ғ.с.) хижрат етуі тәуелсіз өмір жолындағы жаңа дәуірдің бастауыны жол салды. Ислам дін ретінде әлем халықтарының арасына тарап, жаңадан қанат жаю кезеңі басталды. Мұсылман үмбеті үшін тарих сахнасынан жаңа дәуірді білдіретін «хижрат мерзімі» атанатын жаңа бет ашылды.
Жалғас САДУАХАСҰЛЫ