Кейбір жат ағым өкілдері айтқандай, Ханафи мәзһабы – сүннет жолынан тыс емес. Керісінше осы мәзһабтың негізін қалаған Әбу Ханифа (р.а.) ең алғаш болып Құран мен хадис секілді дін ғылымының негіздеріне сүйене отырып, исламды ұстанудың ең сенімді әрі дұрыс жолын қалыптастырып кетті. Бүгінде Ханафи мәзһабын әлем мұсылмандарының тең жарымынан астамы ұстанады.