Сұрақ: Ешкіні құрбандыққа шалуға бола ма?

Жауап: Мұсылман ғалымдар құрбандыққа қой, ешкі, сиыр, түйені шалуға болатындығына бір ауыздан келіседі. Құранда «Хаж» сүресі, 34-аятта: «Біз әрбір үмбет үшін өздеріне берген малдарынан Алланың ғана атын атап, құрбан шалуды бекіттік», – деген. Демек, жоғарыда аталған төрт түлік малдың қайсысын болса да құрбандыққа шалуға болады.

Құрбандыққа ешкі шалынатын жағдайда оның бір жасқа толған болуы қажет. Сондай-ақ басқа малдар секілді құрбандыққа шалынатын ешкінің де соқыр, ауруға шалдыққан, жүре алмайтындай ақсақ немесе көтерем арық болмауы керек. Бұл туралы Пайғамбарымыз (с.а.с.) хадисінде: «Төрт мал құрбандыққа жарамайды: Анық соқыр, анық ауру, (жүре алмайтындай дәрежеде) көрініп тұрған ақсақ және жілігі көрінетіндей өте арық малдар»,деген (Тирмизи).

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ  Мұсылман қоғамында полиция қызметі қалай қалыптасты?

Алау ӘДІЛБАЕВ

Пікір жазу