Қазақстан да мұсылман елі болып табылады. Осы орайда айтарым, барша мұсылман әлемінің көптеген басшылары Қазақстаннан төзімділік пен ашықтық, бостандық тұрғысында үлгі алуын қалаймын.
Бұл туралы бүгін Әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының ІІІ-ші съезіне орай өткен баспасөз мәслихатында Израильдің Бас ашкеназийлер раввині Йона Мецгер айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Мен Қазақстан Президентінің жылы шырайлы, әрі достық лебізбен қабылдауына ризашылығымды білдіргім келеді. Қазақстан елордасы Астанаға осымен үшінші рет аса жоғары ілтипатпен келім отырмын. Мен бірінші конгреске қатысқан болатынмын. Алғаш рет Қазақстан жеріне Израильдің Бас раввині ретінде келгенмін. Енді, әсем елорда саналатын Астанаға үшінші сапарымды жасадым. Астанаға келе отырып айтарым – кемеңгерлік танытып, Қазақстанның дамуына елеулі үлес қосқан Президент Нұрсұлтан Назарбаевты сіздер толығымен мақтан тұта аласыздар. Астана даму жолында жылдан жылға қазіргі заманғы кейпімен ерекшеленіп келеді. Осыған орай сіздердің жетістіктеріңізге үлкен құрметпен қараймын», – деді Йона Мецгер.
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің ІІІ-ші съезіне орай өткен баспасөз мәслихатындағы Израиль бас ашкеназийлер раввині Йона Мецгердің сөзінен