Дiни қызмет саласында мемлекеттiк қызмет көрсету стандарттарын бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 15 қазандағы № 1311 Қаулысы.
“Егемен Қазақстан” 2012.12.12., № 818-823 (27894); “Казахстанская правда” от 12.12.2012 г., № 431-432 (27250-27251)
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексiнiң 34-бабына, «Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1, 15-1, 15-2-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған:
1) «Республика аумағындағы шетелдiк дiни бiрлестiктердiң қызметiн, шетелдiк дiни орталықтардың Қазақстан Республикасындағы дiни бiрлестiктер басшыларын тағайындауын келiсу» мемлекеттiк қызмет стандарты;
2) «Дiнтану сараптамасын жүргiзу» мемлекеттiк қызмет стандарты;
3) «Дiн қызметi саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша ғибадат үйлерiн (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерiн айқындау, сондай-ақ үйлердi (ғимараттарды) ғибадат үйлерi (ғимараттары) етiп қайта бейiндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешiм беру» мемлекеттiк қызмет стандарты бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2012 жылғы 15 қазандағы
№ 1311 қаулысымен
бекiтiлген
«Республика аумағындағы шетелдiк дiни бiрлестiктердiң қызметiн, шетелдiк дiни орталықтардың Қазақстан Республикасындағы дiни бiрлестiктер басшыларын тағайындауын келiсу» мемлекеттiк қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Республика аумағындағы шетелдiк дiни бiрлестiктердiң қызметiн, шетелдiк дiни орталықтардың Қазақстан Республикасындағы дiни бiрлестiктер басшыларын тағайындауын келiсу» мемлекеттiк қызметiн (бұдан әрi – мемлекеттiк қызмет) мекенжайы, басшылықтың және құрылымдық бөлiмшелердiң жауапты адамдарының байланыс деректерi осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген Қазақстан Республикасы Дiн iстерi агенттiгi (бұдан әрi – Агенттiк) көрсетедi.
2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттiк қызмет «Дiни қызмет және дiни бiрлестiктер туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы Заңының 4-бабының 9) тармақшасының негiзiнде жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттiк қызмет туралы толық ақпарат электрондық Үкiметтiң www.e.gov.kz порталында, Агенттiктiң www.din.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылады.
5. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет нәтижесi мемлекеттiк қызметтi алушыға республика аумағындағы шетелдiк дiни бiрлестiктердiң қызметiне, шетелдiк дiни орталықтардың Қазақстан Республикасындағы дiни бiрлестiктер басшыларын тағайындауына келiсiм-хат беру не қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жазбаша жауап беру болып табылады.
Келiсiм хат қағаз тасымалдағышта ресiмделедi.
6. Мемлекеттiк қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрi – мемлекеттiк қызметтi алушы) көрсетiледi.
7. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi:
1) мемлекеттiк қызметтi алушы осы стандарттың 11-тармағында айқындалған қажеттi құжаттарды Агенттiкке тапсырған сәттен бастап күнтiзбелiк отыз күн;
2) мемлекеттiк қызметтi алушы өтiнiш берген күнi құжаттарды қабылдау кезiнде күтуге рұқсат берiлетiн ең ұзақ уақыты – 30 минут;
3) мемлекеттiк қызметтi алушы өтiнiш берген күнi құжаттарды қабылдау кезiнде қызмет көрсету үшiн күтуге рұқсат берiлетiн ең ұзақ уақыты – 30 минут.
8. Мемлекеттiк қызмет тегiн көрсетiледi.
9. Агенттiктiң жұмыс кестесi: 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексiнде және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Заңында белгiленген демалыс және мереке күндерiнен басқа, жұмыс күндерi, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн, сағат 13.00-ден 14.30-ге дейiнгi түскi үзiлiспен ұсынылады.
Мемлекеттiк қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетiлген қызмет көрсетусiз, кезек күту тәртiбiмен жүзеге асырылады.
10. Мемлекеттiк қызмет осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген мекенжай бойынша жүзеге асырылады. Үй-жай режимi: ғимаратқа кiру, бөлек кiретiн есiгi бар рұқсаттама бюросы беретiн бiржолғы рұқсаттама бойынша жүзеге асырылады.
Құқықтық тәртiптi сақтау үшiн ғимаратта тәулiк бойы күзет бекетi, өртке қарсы сигнализация және басқа да қауiпсiздiк шаралары көзделген. Кiреберiстiң алды мүмкiндiгi шектеулi адамдарға арналған пандустармен жабдықталған.
2. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң тәртiбi
11. Республика аумағындағы шетелдiк дiни бiрлестiктердiң қызметiн келiсу туралы мемлекеттiк қызметтi алу үшiн мемлекеттiк қызметтi алушы (не нотариалды расталған сенiмхат бойынша өкiл) Агенттiкке мынадай құжаттарды ұсынады:
1) республика аумағындағы шетелдiк дiни бiрлестiктердiң қызметiн келiсу туралы жазбаша өтiнiш;
2) шетелдiк дiни бiрлестiктiң орналасқан жерiн растайтын құжат;
3) шетелдiк дiни бiрлестiктiң пайда болу тарихы мен сенiм негiздерiн ашатын және өзiне тиiстi дiни қызмет туралы мәлiметтерден тұратын баспа дiни материалдар;
4) құрылтайшы – дiни бiрлестiктiң шетел мемлекетiнiң заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатындығын куәландыратын заңдастырылған немесе апостильденген, мемлекеттiк және орыс тiлiндегi аудармасы бар нотариаттық куәландырылған құжат.
Шетелдiк дiни орталықтардың Қазақстан Республикасындағы дiни бiрлестiктер басшыларын тағайындауын келiсу туралы мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн мемлекеттiк қызметтi алушы (не нотариалды расталған сенiмхат бойынша өкiл) Агенттiкке мынадай құжаттарды ұсынады:
1) кандидат туралы, оның шетелдiк дiни орталықтағы бұрынғы қызметi туралы мәлiметтер қамтылған қолдаухат;
2) кандидатты Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс iстейтiн шетелдiк дiни бiрлестiктiң басшысы етiп тағайындау туралы шет тiлiндегi шешiм, қазақ және орыс тiлдерiне аудармасының дұрыстығы Қазақстан Республикасында нотариаттық куәландырылған және аударманы жүзеге асырған аудармашы қолының түпнұсқалығы Қазақстан Республикасында нотариаттық куәландырылған түрiнде табыс етiледi.
3) дiни бiрлестiктiң басшысы лауазымына кандидат паспортының немесе жеке куәлiгiнiң көшiрмесi шетел тiлiнде қазақ және орыс тiлдерiне аудармасының дұрыстығы Қазақстан Республикасында нотариаттық куәландырылған және аударманы жүзеге асырған аудармашы қолының түпнұсқалығы Қазақстан Республикасында нотариат куәландырылған түрiнде ұсынылады.
Көрсетiлген құжаттарды ұсынған кезде мемлекеттiк қызметтi алушы (не нотариалды расталған сенiмхат бойынша өкiл) паспортын немесе жеке басын куәландыратын өзге де құжатты көрсетедi.
12. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн қажеттi келiсу туралы өтiнiш немесе қолдаухат ерiктi нысанда толтырылады және интернет-ресурста орнастырылмайды.
13. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн қажеттi құжаттар Агенттiктiң кеңсесiне осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген мекенжай бойынша тапсырылады.
14. Осы стандарттың 11-тармағында көрсетiлген құжаттардың өткiзiлгендiгiн растау құжаттарды қабылдау күнi және құжаттарды қабылдауды iске асырған лауазымды тұлғаның аты, жөнi, тегi көрсетiлген Агенттiктiң тiркеу мөртабаны қойылған мемлекеттiк қызметтi алушының өтiнiш не қолдаухат көшiрмесi болып табылады.
15. Көрсетiлген қызмет нәтижесi мемлекеттiк қызметтi алушыға (не нотариалды расталған сенiмхат бойынша өкiлге) Агенттiкте қағаз тасымалдағышта қолма-қол берiледi не мемлекеттiк қызметтi алушы көрсеткен мекенжай бойынша пошта арқылы жiберiледi. Келiсiм хаттың берiлуi берiлген келiсiм хаттар журналында тiркеледi.
16. Республика аумағындағы шетелдiк дiни бiрлестiктердiң қызметiн келiсу туралы мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тартуға:
1) осы стандарттың 11-тармағында көзделген құжаттардың толық пакетiнiң ұсынылмауы;
2) осы стандарттың 11-тармағында көзделген құжаттарда сенiмдi емес мәлiметтердiң ұсынылуы;
3) шетелдiк дiни бiрлестiктiң мақсаты немесе iс-әрекетi республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге, оның тұтастығын бұзуға, мемлекет қауiпсiздiгiне нұқсан келтiруге, әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлттық, дiни, тектiк-топтық және рулық араздықты қоздыруға, сондай-ақ заңдарда көзделмеген әскерилендiрiлген құрамалар құруға бағытталуы негiз болып табылады.
Шетелдiк дiни орталықтардың Қазақстан Республикасындағы дiни бiрлестiктер басшыларын тағайындауын келiсу туралы мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тартуға:
1) осы стандарттың 11-тармағында көзделген құжаттардың толық пакетiнiң ұсынылмауы;
2) осы стандарттың 11-тармағында көзделген құжаттарда сенiмдi емес мәлiметтердiң ұсынылуы;
3) кандидат қызметiнiң конституциялық құрылымға, қоғамдық тәртiпке, адамның құқықтары мен бостандықтарына, халықтың денсаулығы мен имандылығына қатер төндiруi негiз болып табылады.
3. Жұмыс қағидаттары
17. Агенттiк мемлекеттiк қызметтi ұсыну кезiнде мынадай қағидаттарды басшылыққа алады: адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарының сақталуы, заңдылықтың сақталуы, көрсетiлетiн қызмет туралы толық ақпараттың берiлуi, сыпайылық, құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету, ақпаратты қорғау және құпиялылығын сақтау.
4. Жұмыс нәтижелерi
18. Мемлекеттiк қызметтi алушыларға мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижелерi осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес сапа және қолжетiмдiлiк көрсеткiштерiмен өлшенедi.
19. Агенттiктiң жұмысы бағаланатын мемлекеттiк қызметтердiң сапасы мен тиiмдiлiгi көрсеткiштерiнiң нысаналы мәндерi жыл сайын Агенттiк төрағасының бұйрығымен бекiтiледi.
5. Шағымдану тәртiбi
20. Жауапты лауазымды адамдардың әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбiн түсiндiру Агенттiктiң құжаттамалық қамтамасыз ету қызметтерi арқылы жүзеге асырылады.
21. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен мемлекеттiк қызметтi алушы келiспеген жағдайда шағым атауы, жұмыс кестесi, заңды мекенжайлары, телефондары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген Агенттiк төрағасы орынбасырының атына берiледi.
22. Дөрекi қызмет көрсетiлген жағдайда шағым жазбаша түрде пошта арқылы не Агенттiктiң құжаттамалық қамтамасыз ету қызметтерi арқылы қолма-қол берiледi.
23. Көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайда мемлекеттiк қызметтi алушының заңнамада белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқығы бар.
24. Мемлекеттiк қызметтi алушының шағымында оның тегi, аты, әкесiнiң аты немесе заңды тұлғаның атауы, пошталық мекенжайы көрсетiледi. Шағымға мемлекеттiк қызметтi алушы қол қоюға тиiс.
25. Шағым Агенттiктiң құжаттамалық қамтамасыз ету қызметiнде тiркеледi. Шағым берушi тұлғаға өтiнiштiң тiркелген уақыты мен күнi, қабылдаған тұлғаның тегi мен аты-жөнi көрсетiлген оның көшiрмесi берiледi.
Шағымдарды қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында көзделген тәртiппен және мерзiмде жүзеге асырылады.
Шағымды қарау барысы туралы ақпаратты осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген телефондар арқылы Агенттiктiң құжаттамалық қамтамасыз ету қызметiнiң қызметкерлерi бередi.
Республика аумағындағы шетелдiк дiни
бiрлестiктердiң қызметiн, шетелдiк дiни
орталықтардың Қазақстан Республикасындағы
дiни бiрлестiктер басшыларын тағайындауын
келiсу» мемлекеттiк қызмет стандартына
1-қосымша
Мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша Қазақстан Республикасы Дiн iстерi агенттiгiнiң басшылығы мен жауапты құрылымдық бөлiмшелердiң мекенжайлары, байланыс мәлiметтерi
Р/с № |
Лауазымы |
Орналасқан жерi |
Телефон нөмiрлерi |
1 |
2 |
3 |
4 |
1 |
Төрағаның орынбасары |
Астана қаласы, «Министрлiктер үйi», Орынбор көшесi, 8 үй, 15 кiреберiс, 566 каб. |
(8-7172) 74-00-42 |
2 |
Конфессияаралық қатынастар департаментi |
Астана қаласы, «Министрлiктер үйi», Орынбор көшесi, 8 үй, 15 кiреберiс, 530 каб. |
(8-7172) 74-09-34; 74-09-83; 74-02-55 |
3 |
Ұйымдастырушылық және кадрлық жұмыс басқармасы |
Астана қаласы, «Министрлiктер үйi», Орынбор көшесi, 8 үй, 15 кiреберiс, 908 каб. |
(8-7172) 74-09-88 74-09-33; 74-09-28, 74-07-76 (кеңсе) |
Республика аумағындағы шетелдiк дiни
бiрлестiктердiң қызметiн, шетелдiк дiни
орталықтардың Қазақстан Республикасындағы
дiни бiрлестiктер басшыларын тағайындауын
келiсу» мемлекеттiк қызмет стандартына
2-қосымша
Кесте. Сапа және қолжетiмдiлiк көрсеткiштерiнiң мәнi
Сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерi |
Көрсеткiштiң нормативтiк мәнi |
Көрсеткiштiң келесi жылғы нысаналы мәнi |
Көрсеткiштiң есептi жылдағы ағымдағы мәнi |
1 |
2 |
3 |
4 |
1. Уақтылылығы |
|||
1.1. Құжатты тапсырған сәттен бастап белгiленген мерзiмде қызметтi ұсыну жағдайларының %-ы (үлесi) |
|||
2. Сапасы |
|||
2.1. Қызметтi ұсыну үдерiсiнiң сапасына қанағаттанған мемлекеттiк қызмет алушылардың %-ы(үлесi) |
|||
3. Қолжетiмдiлiк |
|||
3.1. Қызметтi ұсынудың сапасына және оны ұсыну тәртiбi туралы ақпаратқа қанағаттанған мемлекеттiк қызмет алушылардың %-ы (үлесi) |
|||
3.2. Ақпаратқа электрондық форматта қол жеткiзуге болатын қызметтердiң %-ы (үлесi) |
|||
4. Шағымдану үдерiсi |
|||
4.1. Қызметтiң осы түрi бойынша қызмет көрсетiлген тұтынушылардың жалпы санына негiздi шағымдардың %-ы (үлесi) |
|||
5. Сыпайылық |
|||
5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған мемлекеттiк қызметтi алушылардың %-ы (үлесi) |
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2012 жылғы 15 қазандағы
№ 1311 қаулысымен
бекiтiлген
«Дiнтану сараптамасын жүргiзу»
мемлекеттiк қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Дiнтану сараптамасын жүргiзу» мемлекеттiк қызметiн (бұдан әрi – мемлекеттiк қызмет) мекенжайлары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген Қазақстан Республикасы Дiн iстерi агенттiгi (бұдан әрi – Агенттiк) және оның аумақтық органдары көрсетедi.
2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттiк қызмет «Дiни қызмет және дiни бiрлестiктер туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы Заңының 6-бабы және «Дiнтану сараптамасын жүргiзу қағидаларын бекiту туралы және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 7 ақпандағы № 209 қаулысы (бұдан әрi – Қағида) негiзiнде жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi туралы толық ақпарат электрондық Үкiметтiң www.e.gov.kz порталында, Агенттiктiң www.din.gov.kz интернет-ресурсында, аумақтық органдардың ақпараттық стендiлерiнде орналастырылады.
5. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет нәтижесi мемлекеттiк қызметтi алушыға қағаз тасығышта сараптамалық қорытынды немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жазбаша дәлелдi жауап беру болып табылады.
6. Мемлекеттiк қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрi – мемлекеттiк қызметтi алушы) көрсетiледi.
7. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi:
1) мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi – мемлекеттiк қызметтi алушы осы стандарттың 11-тармағында айқындалған қажеттi құжаттарды тапсырған сәттен бастап – күнтiзбелiк отыз күн.
Сараптаманы жүргiзу үшiн сарапшының (сарапшылардың) қосымша материалдар мен ақпараттарды зерделеуi қажет болған жағдайда, сараптаманы жүргiзу мерзiмi күнтiзбелiк отыз күнге ұзартылуы мүмкiн. Сараптама мерзiмiн ұзарту туралы шешiм қабылданған жағдайда, Агенттiк және оның аумақтық органдары осындай шешiм қабылданған сәттен бастап үш жұмыс күнi iшiнде сұрау салумен жүгiнген тарапқа жазбаша хабарлайды;
2) мемлекеттiк қызметтi алушы қажеттi құжаттарды тапсыру кезiнде рұқсат берiлген ең ұзақ уақыты отыз минуттан аспайды;
3) құжаттарды алу кезiндегi күтуге рұқсат берiлген ең ұзақ уақыты – он бес минут.
8. Мемлекеттiк қызмет тегiн көрсетiледi.
9. Агенттiк және аумақтық органдардың жұмыс кестесi: «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Заңында белгiлеген демалыс және мереке күндерiнен басқа, жұмыс күндерi, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн, сағат 13.00-ден 14.30-ге дейiнгi түскi үзiлiспен ұсынылады.
Мемлекеттiк қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетiлген қызмет көрсетусiз, кезек күту тәртiбiмен жүзеге асырылады.
10. Мемлекеттiк қызмет осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген мекенжайлар бойынша жүзеге асырылады. Үй-жай режимi: ғимаратқа кiру, бөлек кiретiн есiгi бар рұқсаттама бюросы беретiн бiржолғы рұқсатнама бойынша жүзеге асырылады.
Құқықтық тәртiптi сақтау үшiн ғимаратта тәулiк бойы күзет бекетi, өртке қарсы сигнал беру және басқа да қауiпсiздiк шаралары көзделген. Кiреберiстiң алды дене мүмкiндiктерi шектеулi адамдарға арналған пандустармен жабдықталған.
2. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң тәртiбi
11. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн мемлекеттiк қызметтi алушы (не нотариалды расталған сенiмхат бойынша өкiл) Агенттiкке және оның аумақтық органдарына мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес өтiнiш не жеке тұлғалардың миссионер ретiнде тiркеу (қайта тiркеу) және (немесе) дiни бiрлестiктердi тiркеу үшiн өтiнiшi;
2) жеке басты куәландыратын құжат көшiрмесi – жеке тұлғалар үшiн;
3) дiни бiрлестiктердiң құрылтай құжаттары;
4) дiни мазмұндағы құжаттар (дiни бiрлестiктердiң құрылымын, дiни iлiмiнiң негiздерiн, дiни практикасын айқындайтын құжаттар, сондай-ақ дiни қызметтiң нысандары мен әдiстерiн сипаттайтын құжаттар);
5) рухани (дiни) бiлiм беру бағдарламалары;
6) дiни мазмұндағы ақпараттық материалдар мен әдебиет;
7) дiни мақсаттағы заттар;
8) ұсынылған материал шет тiлiнде болған жағдайда, оның мемлекеттiк немесе орыс тiлдерiндегi теңтүпнұсқалы аудармасы.
Осы тармақтың 8) тармақшасында көрсетiлген құжаттар қазақ және орыс тiлдерiне аудармасының дұрыстығы Қазақстан Республикасында нотариаттың куәландырылған және аударманы жүзеге асырған аудармашы қолының түпнұсқалығын Қазақстан Республикасында нотариат куәландырылған түрiнде ұсынылады.
12. Өтiнiш үлгiсi Үкiметтiң www.e.gov.kz электрондық порталында, Агенттiктiң www.din.gov.kz интернет-ресурсында және аумақтық органдардың ақпараттық стендiлерiнде орналастырылған.
13. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн қажеттi құжаттар заңды мекенжайлары мен телефондары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген Агенттiк пен аумақтық органдарға тапсырылады.
14. Агенттiк және аумақтық органдар кеңсесiнiң тiркеу мөртабаны (кiрiс нөмiрi, күнi) және мемлекеттiк қызметтi алу мерзiмi қойылған мемлекеттiк қызметтi алушы өтiнiшiнiң көшiрмесi осы стандарттың 11-тармағында көрсетiлген құжаттардың өткiзiлгендiгiн растау болып табылады.
15. Сараптама қорытындысы мемлекеттiк қызметтi алушыға (не нотариаттық расталған сенiмхат бойынша өкiл) осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген Агенттiк пен аумақтық органдардың ғимаратына жеке өзi келгенде берiледi.
16. Егер:
1) сараптамаға ұсынылған материал сот шешiмiмен Қазақстан Республикасының аумағында қызметiне тыйым салынған дiни бiрлестiкке (ұйымға) жатса;
2) сараптамаға ұсынылған материал сот шешiмiмен Қазақстан Республикасының аумағында еңбектерiне тыйым салынған авторға тиесiлi болса;
3) сараптамаға ұсынылған материалға (оның iшiнде анонимдiк) сот шешiмiмен Қазақстан Республикасының аумағында таратылуына тыйым салынса;
4) сараптамаға ұсынылған материал Қазақстан Республикасы таныған және ратификациялаған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының орындауы үшiн мiндеттi болып табылатын халықаралық немесе мемлекетаралық актiлермен қызметiне тыйым салынған дiни бiрлестiкке (ұйымға) тиесiлi болса;
5) сараптамаға ұсынылған материалдың авторы халықаралық-құқықтық актiлерге сәйкес бейбiтшiлiк пен адамзаттың қауiпсiздiгiне қарсы қылмысы үшiн, оның iшiнде экстремистiк және террористiк әрекетi үшiн сотталған адам болып табылатындығы жөнiнде мәлiметтер бар болса;
6) ұсынылған материалды Қазақстан Республикасы таныған және ратификациялаған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының орындауы үшiн мiндеттi болып табылатын халықаралық немесе мемлекетаралық актiлермен таратуға тыйым салынғандығы туралы мәлiметтер бар болса;
7) ұсынылған материал толық жинақталмаған (ақаулы, iшiнара немесе толық зақымдалған) болып табылса;
8) ұсынылған материалдың мемлекеттiк не орыс тiлдерiндегi теңтүпнұсқалы аудармасы болмаса, мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тартылады.
Мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту туралы материалдар келiп түскен сәттен бастап бес жұмыс күн iшiнде мемлекеттiк қызметтi алушыға жазбаша хабарланады.
3. Жұмыс қағидаттары
17. Агенттiк және оның аумақтық органдары мемлекеттiк қызметтi ұсыну кезiнде мынадай қағидаттарды басшылыққа алады: адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарының сақталуы, заңдылықтың сақталуы, көрсетiлетiн қызмет туралы толық ақпараттың берiлуi, сыпайылық, құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету, ақпараттың қорғалуы және құпиялылығын сақтау.
4. Жұмыс нәтижелерi
18. Мемлекеттiк қызметтi алушыларға мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижелерi осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес сапа мен тиiмдiлiк көрсеткiштерiмен өлшенедi.
19. Агенттiк және оның аумақтық органдарының жұмысы бағаланатын мемлекеттiк қызметтердiң сапасы мен тиiмдiлiгi көрсеткiштерiнiң нысаналы мәндерi жыл сайын Агенттiк төрағасының бұйрығымен бекiтiледi.
5. Шағымдану тәртiбi
20. Қызметкерлердiң әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбiн түсiндiру, сондай-ақ шағымды дайындауда жәрдем көрсету мекенжайлары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген Агенттiк және аумақтық органдардың құжаттамалық қамтамасыз ету қызметтерi арқылы жүзеге асырылады.
21. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда шағым атауы, жұмыс кестесi, заңды мекенжайлары, телефондары, электрондық поштасының мекенжайлары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген Агенттiк және тиiстi аумақтық орган басшысының атына берiледi.
22. Дөрекi қызмет көрсетiлген жағдайда шағым жазбаша түрде пошта арқылы не құжаттамалық қамтамасыз ету қызметi арқылы Агенттiк пен тиiстi аумақтық орган басшысының атына қолма-қол берiледi.
23. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда мемлекеттiк қызметтi алушының заңнамада белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқығы бар.
24. Мемлекеттiк қызметтi алушының шағымында оның тегi, аты, әкесiнiң аты, ұйымның атауы (заңды тұлғалар үшiн) пошталық мекенжайы көрсетiледi. Шағымға тұтынушы қол қоюға тиiс.
25. Шағым Агенттiктiң және тиiстi аумақтық органның құжаттамалық қамтамасыз ету қызметiнде тiркеледi. Шағым берушi тұлғаға өтiнiштiң тiркелген уақыты мен күнi, өтiнiштi қабылдаған тұлғаның тегi мен аты-жөнi, шағымға жауап алу мерзiмi көрсетiлген оның көшiрмесi берiледi. Шағымның қаралу барысы туралы ақпаратты Агенттiктiң және тиiстi аумақтық органның құжаттамалық қамтамасыз ету қызметiнiң қызметкерлерiнен алуға болады.
Шағымдарды қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан РеспубликасыныңЗаңында белгiленген тәртiппен және мерзiмде жүзеге асырылады.
«Дiнтану сараптамасын жүргiзу»
мемлекеттiк қызмет көрсету стандартына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы Дiн iстерi агенттiгi мен оның аумақтық органдарының мекенжайлары мен жұмыс кестелерi
Р/с№ |
Атқарушы органның толық атауы |
Байланыс телефондары мен электрондық мекенжайлары |
Заңды мекенжайы |
Жұмыс кестесi |
1 |
2 |
4 |
5 |
6 |
1 |
Қазақстан Республикасы Дiн iстерi агенттiгi |
8 (7172) 74-09-28 74-02-55 |
010000, Астана қаласы, Сол жағалау, Орынбор көшесi 8, Министрлiктер үйi, 15 кiреберiс, 581 каб. |
Жұмыс күндерi: дүйсенбi – жұма. Жұмыс уақыты: сағ. 09.00-ден 18.30-ға дейiн, үзiлiс 13.00-ден 14.30-ға дейiн Демалыс күндерi: сенбi – жексенбi |
2 |
Акмола облысының Дiн iстерi департаментi |
8(7162) 40-16-03 akmola@din.g ov.kz |
020000, Көкшетау қаласы, Горький көшесi, 37 |
Жұмыс күндерi: дүйсенбi – жұма. Жұмыс уақыты: сағ. 09.00-ден 18.30-ға дейiн, үзiлiс 13.00-ден 14.30-ға дейiн Демалыс күндерi: сенбi – жексенбi |
3 |
Актөбе облысының Дiн iстерi департаментi |
8(7132) 55-23-43 55-29-93 aktobe@ din.gov.kz |
030000, Ақтөбе қаласы, Әбiлқайыр хан даңғ., 40 |
Жұмыс күндерi: дүйсенбi – жұма. Жұмыс уақыты: сағ. 09.00-ден 18.30-ға дейiн, үзiлiс 13.00-ден 14.30-ға дейiн Демалыс күндерi: сенбi – жексенбi |
4 |
Алматы облысының Дiн iстерi департаментi |
8(7282) 27-06-38 ф. 27-25-33 zhetysu@ din.gov.kz |
040000, Талдықорған қаласы, Тәуелсiздiк көшесi, 38 |
Жұмыс күндерi: дүйсенбi – жұма. Жұмыс уақыты: сағ. 09.00-ден 18.30-ға дейiн, үзiлiс 13.00-ден 14.30-ға дейiн Демалыс күндерi: сенбi – жексенбi |
5 |
Атырау облысының Дiн iстерi департаментi |
8(7122) 32-16-40 atyrau@din.g ov.kz |
060010, Атырау қаласы, Әйтеке би көшесi, 77 |
Жұмыс күндерi: дүйсенбi – жұма. Жұмыс уақыты: сағ. 09.00-ден 18.30-ға дейiн, үзiлiс 13.00-ден 14.30-ға дейiн Демалыс күндерi: сенбi – жексенбi |
6 |
Батыс Қазақстан облысының Дiн iстерi департаментi |
8(7112) 24-10-50 ф. 50-63-95 batys@din.go v.kz |
090000, Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 201 |
Жұмыс күндерi: дүйсенбi – жұма. Жұмыс уақыты: сағ. 09.00-ден 18.30-ға дейiн, үзiлiс 13.00-ден 14.30-ға дейiн Демалыс күндерi: сенбi – жексенбi |
7 |
Жамбыл облысының Дiн iстерi департаментi |
8(7262) 57-92-01 zhambyl@din. gov.kz |
080012, Тараз қаласы, Төле би көшесi, 35 |
Жұмыс күндерi: дүйсенбi – жұма. Жұмыс уақыты: сағ. 09.00-ден 18.30-ға дейiн, үзiлiс 13.00-ден 14.30-ға дейiн Демалыс күндерi: сенбi – жексенбi |
8 |
Қарағанды облысының Дiн iстерi департаментi |
8(7212) 41-34-10 42-07-52 karaganda@di n.gov.kz |
100000, Қарағанды қаласы, Костенко көшесi, 6 |
Жұмыс күндерi: дүйсенбi – жұма. Жұмыс уақыты: сағ. 09.00-ден 18.30-ға дейiн, үзiлiс 13.00-ден 14.30-ға дейiн Демалыс күндерi: сенбi – жексенбi |
9 |
Қостанай облысының Дiн iстерi департаментi |
8 (7142) 54-84-35 kostanay@din.gov.kz |
110000, Қостанай қаласы, Таран көшесi, 85 |
Жұмыс күндерi: дүйсенбi – жұма. Жұмыс уақыты: сағ. 09.00-ден 18.30-ға дейiн, үзiлiс 13.00-ден 14.30-ға дейiн Демалыс күндерi: сенбi – жексенбi |
10 |
Қызылорда облысының Дiн iстерi департаментi |
8(7242) 26-38-74 kyzylorda@di n.gov.kz |
120000, Қызылорда қаласы, Жақаев көшесi, 76 |
Жұмыс күндерi: дүйсенбi – жұма. Жұмыс уақыты: сағ. 09.00-ден 18.30-ға дейiн, үзiлiс 13.00-ден 14.30-ға дейiн Демалыс күндерi: сенбi – жексенбi |
11 |
Маңғыстау облысының Дiн iстерi департаментi |
8(7292) 43-03-32 mangystau@di n.gov.kz |
130000, Ақтау қаласы, 14 шағын ауданы, 1 үй |
Жұмыс күндерi: дүйсенбi – жұма. Жұмыс уақыты: сағ. 09.00-ден 18.30-ға дейiн, үзiлiс 13.00-ден 14.30-ға дейiн Демалыс күндерi: сенбi – жексенбi |
12 |
Оңтүстiк Қазақстан облысының Дiн iстерi департаментi |
8(7252) 30-14-92 ontustik@din.gov.kz |
160000, Шымкент қаласы, Тәуке хан көшесi, 6 |
Жұмыс күндерi: дүйсенбi – жұма. Жұмыс уақыты: сағ. 09.00-ден 18.30-ға дейiн, үзiлiс 13.00-ден 14.30-ға дейiн Демалыс күндерi: сенбi – жексенбi |
13 |
Павлодар облысының Дiн iстерi департаментi |
8(7182) 32-73-25 pavlodar@din.gov.kz |
140000, Павлодар қаласы, Ленин көшесi, 61 |
Жұмыс күндерi: дүйсенбi – жұма. Жұмыс уақыты: сағ. 09.00-ден 18.30-ға дейiн, үзiлiс 13.00-ден 14.30-ға дейiн Демалыс күндерi: сенбi – жексенбi |
14 |
Солтүстiк Қазақстан облысының Дiн iстерi департаментi |
8(7152) 46-30-25 sko@din.gov. kz |
150000, Петропавл қаласы, Конституция көшесi, 58 |
Жұмыс күндерi: дүйсенбi – жұма. Жұмыс уақыты: сағ. 09.00-ден 18.30-ға дейiн, үзiлiс 13.00-ден 14.30-ға дейiн Демалыс күндерi: сенбi – жексенбi |
15 |
Шығыс Қазақстан облысының Дiн iстерi департаментi |
8(7232) 26-25-44 shygys@din.g ov.kz |
070004, Өскемен қаласы, М.Горький көшесi, 40 |
Жұмыс күндерi: дүйсенбi – жұма. Жұмыс уақыты: сағ. 09.00-ден 18.30-ға дейiн, үзiлiс 13.00-ден 14.30-ға дейiн Демалыс күндерi: сенбi – жексенбi |
16 |
Астана қаласының Дiн iстерi департаментi |
8(7172) 55-74-53 ф.32-74-21 astana@din.g ov.kz |
010000, Астана қаласы, Бейбiтшiлiк көшесi, 11 |
Жұмыс күндерi: дүйсенбi – жұма. Жұмыс уақыты: сағ. 09.00-ден 18.30-ға дейiн, үзiлiс 13.00-ден 14.30-ға дейiн Демалыс күндерi: сенбi – жексенбi |
17 |
Алматы қаласының Дiн iстерi департаментi |
8(7272) 72-87-42 almaty@din.g ov.kz |
050000, Алматы қаласы, Абылай хан көшесi, 74 а |
Жұмыс күндерi: дүйсенбi – жұма. Жұмыс уақыты: сағ. 09.00-ден 18.30-ға дейiн, үзiлiс 13.00-ден 14.30-ға дейiн Демалыс күндерi: сенбi – жексенбi |
«Дiнтану сараптамасын жүргiзу»
мемлекеттiк қызмет көрсету стандартына
2-қосымша
Өтiнiш нысаны
Қазақстан Республикасы Дiн iстерi агенттiгiнiң
төрағасы
(Республикалық маңызы бар қала, астана,
облыстық, маңызы бар қала, аудан) Дiн iстерi
департаментiнiң директоры)
_______________________________________
(Т.А.Ә.)
Өтiнiш берушi
________________________________________
________________________________________
________________________________________
(Т.А.Ә., жеке тұлғалар үшiн мекенжайы
мен телефоны.
Заңды тұлғалар үшiн пошталық
мекенжайы мен телефоны)
ӨТIНIШ
Сiзден мына дiни материалдарға дiнтану сараптамасын жүргiзудi сұраймын:
(Материалдың атауы, авторы (және/немесе аудармашы, құрастырушы), басылым деректерi (қала, баспасы, шыққан жылы, бет саны)
1.____________.
2. ____________.
3. ____________.
Қолы, күнi, мөр (заңды тұлғалар үшiн)
«Дiнтану сараптамасын жүргiзу»
мемлекеттiк қызмет көрсету стандартына
3-қосымша
Кесте. Сапа және қолжетiмдiлiк көрсеткiштерiнiң мәнi
Сапа және тиiмдiлiк |
Көрсеткiштiң |
Көрсеткiштiң |
Көрсеткiштiң |
1 |
2 |
3 |
4 |
1. Уақтылылығы |
|||
1.1. Құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгiленген мерзiмде қызметтi ұсыну жағдайларының % (үлесi) |
|||
2. Сапасы |
|||
2.1. Қызметтi ұсыну үдерiсiнiң сапасына қанағаттанған мемлекеттiк қызметтi алушылардың % (үлесi) |
|||
3. Қолжетiмдiлiк |
|||
3.1. Қызметтi ұсыну тәртiбi туралы сапаға және ақпаратқа қанағаттанған мемлекеттiк қызметтi алушылардың % (үлесi) |
|||
3.2. Ақпаратқа электрондық форматта қол жеткiзуге болатын қызметтерiнiң % (үлесi) |
|||
4. Шағымдану үдерiсi |
|||
4.1. Қызметтiң осы түрi бойынша қызмет көрсетiлген тұтынушылардың жалпы санына негiздi шағымдардың %-ы (үлесi) |
|||
5. Сыпайылық |
|||
5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған мемлекеттiк қызметтi алушылардың % (үлесi) |
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2012 жылғы 15 қазандағы
№ 1311 қаулысымен
бекiтiлген
«Дiн қызметi саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша ғибадат үйлерiн (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерiн айқындау, сондай-ақ үйлердi (ғимараттарды) ғибадат үйлерi (ғимараттары) етiп қайта бейiндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешiм беру» мемлекеттiк қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттiк қызмет мекенжайлары осы стандартқа 1 және 2-қосымшаларда көрсетiлген облыстардың, республикалық маңызды қаланың және астананың жергiлiктi атқарушы органдарының сәулет және қала құрылысы басқармалары (бұдан әрi – басқармалар) Қазақстан Республикасы Дiн iстерi агенттiгiнiң аумақтық органдармен (бұдан әрi – аумақтық органдар) келiсiм бойынша көрсетедi.
2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттiк қызмет «Дiни қызмет және дiни бiрлестiктер туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы Заңының 5-бабының 5) тармақшасы негiзiнде жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi туралы толық ақпарат облыстардың, республикалық маңызды қаланың және астананың жергiлiктi атқарушы органдарының интернет-ресурстарында орналастырылған.
5. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет нәтижесiнде мемлекеттiк қызметтi алушы ғибадат үйлерiн (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерiн айқындау, сондай-ақ үйлердi (ғимараттарды) ғибадат үйлерi (ғимараттары) етiп қайта бейiндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешiм не қызмет көрсетуден бас тарту туралы қағаз тасымалдағышта уәжделген жауап алады.
6. Мемлекеттiк қызмет жеке және заңды тұлғаларға (мемлекеттiк қызметтi алушылар) көрсетiледi.
7. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi:
1) мемлекеттiк қызметтi алушы осы стандарттың 11-тармағында белгiленген қажеттi құжаттарды тапсырған сәттен бастап мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмдерi:
ғибадат үйлерiн (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерiн анықтау туралы шешiм алу үшiн – күнтiзбелiк отыз күндi;
үйлердi (ғимараттарды) ғибадат үйлерi (ғимараттары) етiп қайта бейiндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешiм алу үшiн – күнтiзбелiк отыз күндi құрайды;
2) мемлекеттiк қызметтi алуға арналған құжаттар пакетiн тапсыруға ниеттенген мемлекеттiк қызметтi алушының күтуiн рұқсат берiлген ең ұзақ уақыт – 30 минут;
3) мемлекеттiк қызметтi алушыға өтiнiш жасаған күнi сол жерде көрсетiлетiн қызмет көрсету үшiн рұқсат берiлген ең ұзақ уақыт – 30 минуттан аспайды.
8. Мемлекеттiк қызмет тегiн көрсетiледi.
9. Басқармалардың жұмыс кестесi: 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексiнде және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Заңында белгiленген демалыс және мереке күндерiнен басқа, жұмыс күндерi, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн, түскi үзiлiспен ұсынылады.
Мемлекеттiк қызмет кезек тәртiбiмен, алдын ала жазылусыз және жеделдетiлген қызмет көрсетусiз жүзеге асырылады.
10. Мемлекеттiк қызмет басқармалардың ғимаратында көрсетiледi. Басқармалардың үй-жайларында бөлек кiретiн есiгi бар, күту және құжаттарды дайындау залы, күту орындары, толтырылған бланк үлгiлерi бар ақпараттық стендiлер болады. Мүмкiндiгi шектеулi мемлекеттiк қызметтi алушыларға қызмет көрсету үшiн жағдай көзделген.
2. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi
11. Мемлекеттiк қызметтi алушылар ғибадат үйлерiн (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерiн анықтау туралы шешiм алу үшiн мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы стандарттың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
2) салыстырып тексеру үшiн құжаттардың түпнұсқасын мiндеттi түрде ұсына отырып, салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрiнiң көшiрмесi;
3) жеке тұлғалар үшiн – салыстырып тексеру үшiн құжаттардың түпнұсқасын мiндеттi түрде ұсына отырып, жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi немесе заңды тұлғалар үшiн – салыстырып тексеру үшiн құжаттардың түпнұсқасын мiндеттi түрде ұсына отырып, заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктiң көшiрмесi;
4) ғибадат үйiн салу туралы анықтама-негiздеме.
Мемлекеттiк қызметтi алушылар үйлердi (ғимараттарды) ғибадат үйлерi (ғимараттары) етiп қайта бейiндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешiм алу үшiн мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
2) жеке тұлғалар үшiн – салыстырып тексеру үшiн құжаттардың түпнұсқасын мiндеттi түрде ұсына отырып, жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрме немесе заңды тұлғалар үшiн – салыстырып тексеру үшiн құжаттардың түпнұсқасын мiндеттi түрде ұсына отырып, заңды тұлға мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктiң көшiрмесi;
3) салыстырып тексеру үшiн құжаттардың түпнұсқасын мiндеттi түрде ұсына отырып, жылжымайтын мүлiк объектiсiне меншiк құқығын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
4) жылжымайтын мүлiк объектiсiне ауыртпалықтардың жоқ екендiгi туралы анықтама;
5) салыстырып тексеру үшiн құжаттардың түпнұсқасын мiндеттi түрде ұсына отырып, жылжымайтын мүлiк объектiсiне техникалық паспорт;
6) ғимараттар етiп қайта бейiндеу туралы анықтама-негiздеме.
12. Өтiнiштер үлгiсi облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергiлiктi атқарушы органдарының интернет-ресурстарында орналастырылған.
13. Мемлекеттiк қызметтi алуға қажеттi құжаттар мекенжайлары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген басқармаларға тапсырылады.
14. Басқармалардың құжаттамалық қамтамасыз ету қызметiнiң тiркеу мөртабаны (кiрiс нөмiрi, күнi) қойылған мемлекеттiк қызметтi алушы өтiнiшiнiң көшiрмесi осы стандарттың 11-тармағында көрсетiлген құжаттардың өткiзiлгендiгiн растау болып табылады.
15. Мемлекеттiк қызметтi алушыға (не нотариалды расталған сенiмхат бойынша өкiлге) шешiм осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген мекенжайларға жеке өзi келгенде берiледi немесе мемлекеттiк қызметтi алушыға көрсетiлген мекенжайға пошта арқылы жiберiледi.
16. Мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тартуға:
1) осы стандарттың 11-тармағында көзделген құжаттардың толық пакетiнiң ұсынылмауы;
2) осы стандарттың 11-тармағында көзделген құжаттарда дұрыс емес мәлiметтердiң ұсынылуы;
3) құжаттардың тиiсiнше ресiмделмеуi;
4) аумақтық органның келiсуiнiң болмауы негiз болып табылады.
3. Жұмыс қағидаттары
17. Басқармалар мемлекеттiк қызметтердi ұсыну кезiнде мынадай қағидаттарды басшылыққа алады: адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарының сақталуы, заңдылықтың сақталуы, көрсетiлетiн қызмет туралы толық ақпараттың берiлуi, сыпайылық, құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету, ақпаратты қорғау және құпиялылығын сақтау.
4. Жұмыс нәтижелерi
18. Мемлекеттiк қызметтi алушыларға мемлекеттiк қызметтi көрсетудiң нәтижелерi осы стандартқа 5-қосымшаға сәйкес сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiмен өлшенедi.
19. Басқармалардың жұмысы бағаланатын мемлекеттiк қызметтердiң сапасы мен тиiмдiлiгi көрсеткiштерiнiң нысаналы мәндерi жыл сайын жергiлiктi атқарушы органдардың бұйрығымен бекiтiледi.
5. Шағымдану тәртiбi
20. Басқармалар қызметкерлерiнiң әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбiн түсiндiру, сондай-ақ шағымды дайындауда жәрдем көрсету осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетiлген мекенжайлар мен телефондар арқылы жүзеге асырылады.
21. Көрсетiлген қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда шағым жазбаша нысанда пошта бойынша не қолма-қол осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетiлген байланыс деректерi арқылы (мекенжайлар мен телефондар) басқарма басшысының атына берiледi.
22. Мемлекеттiк қызметтi ұсыну кезiнде мемлекеттiк қызметтi алушыларға дөрекi қызмет көрсетiлген жағдайда басқармалар қызметкерлерiнiң әрекетiне шағым жазбаша нысанда пошта бойынша не қолма-қол осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетiлген мекенжайлар бойынша басқарма басшысының атына берiледi.
23. Көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайда мемлекеттiк қызметтi алушының заңнамада белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқығы бар.
24. Мемлекеттiк қызметтi алушының шағымында оның тегi, аты, әкесiнiң аты, ұйымның атауы (заңды тұлғалар үшiн) пошталық мекенжайы көрсетiледi. Шағымға тұтынушы қол қоюға тиiс.
25. Шағым басқармалардың құжаттамалық қамтамасыз ету қызметiнде тiркеледi. Шағым берушi тұлғаға өтiнiштiң тiркелген уақыты мен күнi, өтiнiштi қабылдаған тұлғаның тегi мен аты-жөнi, шағымға жауап алу мерзiмi көрсетiлген оның көшiрмесi берiледi. Шағымның қаралу барысы туралы ақпаратты басқармалардың құжаттамалық қамтамасыз ету қызметiнiң қызметкерлерi бередi.
Шағымдарды қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221 Заңында белгiленген тәртiппен және мерзiмде жүзеге асырылады.
«Дiн қызметi саласындағы құзыреттi органмен
келiсу бойынша ғибадат үйлерiн (ғимараттарын) салу
және олардың орналасатын жерiн анықтау, сондай-ақ
үйлердi (ғимараттарды) ғибадат үйлерi (ғимараттары)
етiп қайта бейiндеу (функционалдық мақсатын
өзгерту) туралы шешiмдер беру» мемлекеттiк
қызмет стандартына
1-қосымша
Мемлекеттiк қызмет көрсететiн басқармалардың тiзбесi
Р/с№ |
Атауы |
Мекенжайы |
Телефон нөмiрлерi |
Жұмыс кестесi |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1 |
Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы |
Көкшетау қаласы, Абай көшесi, 87 |
8 (7162) 40-10-17, ф. 25-47-42 |
Жұмыс күндерi: дүйсенбi – жұма. Жұмыс уақыты: сағ. 09.00-ден 18.00-ға дейiн, түскi үзiлiспен. Демалыс күндерi: сенбi – жексенбi |
2 |
Ақтөбе облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы |
Ақтөбе қаласы, Әбiлқайыр хан даңғылы, 40 |
8 (7132) 55-13-99 |
|
3 |
Алматы облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы |
Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесi, 36/42 |
8 (7282) 24-56-14, 27-13-19 |
|
4 |
Атырау облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы |
Атырау қаласы, Әйтеке би көшесi, 77 |
8 (7122) 32-03-63 |
|
5 |
Шығыс Қазақстан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы |
Өскемен қаласы, Қазақстан көшесi, 27 |
8 (7232) 26-36-69 |
|
6 |
Жамбыл облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы |
Тараз қаласы, Желтоқсан көшесi, 72 |
8 (7262) 43-78-79, 43-78-77 |
|
7 |
Батыс Қазақстан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы |
Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 215 |
8 (7112) 50-45-14, 50-98-06 |
|
8 |
Қарағанды облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы |
Қарағанды қаласы, Гоголь көшесi, 34 |
8 (7212) 56-43-04, ф. 56-66-12 |
|
9 |
Қостанай облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы |
Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 85 |
8 (7142) 57-54-12 |
|
10 |
Қызылорда облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы |
Қызылорда қаласы, 3-iрiленген орам |
8 (7242) 26-30-46 |
|
11 |
Маңғыстау облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы |
Ақтау қ., 14 шағын ауданы, 1-үй, 102 каб. |
8 (7292) 31-36-47 |
|
12 |
Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы |
Павлодар қаласы, Жеңiс алаңы көшесi, 5б-үй |
8 (7182) 32-76-64, 32-82-94 |
|
13 |
Солтүстiк Қазақстан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы |
Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесi, 23 |
8 (7152) 46-35-57 |
|
14 |
Оңтүстiк Қазақстан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы |
Шымкент қаласы, Бейбiтшiлiк көшесi, 3 |
8 (7252) 23-17-67 |
|
15 |
Алматы қаласының сәулет және қала құрылысы басқармасы |
Алматы қаласы, Абылайхан даңғылы, 91, 7-9-қабаттар |
8(727) |
|
16 |
Астана қаласының сәулет және қала құрылысы басқармасы |
Астана қаласы, Әуезов көшесi, 6 |
8 (7172) |
«Дiн қызметi саласындағы құзыреттi органмен
келiсу бойынша ғибадат үйлерiн (ғимараттарын) салу
және олардың орналасатын жерiн анықтау, сондай-ақ
үйлердi (ғимараттарды) ғибадат үйлерi (ғимараттары)
етiп қайта бейiндеу (функционалдық мақсатын
өзгерту) туралы шешiмдер беру» мемлекеттiк
қызмет стандартына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы Дiн iстерi агенттiгi мен оның аумақтық органдарының мекенжайлары мен жұмыс кестелерi
Р/с № |
Атауы |
Мекенжайы |
Телефон нөмiрлерi |
Жұмыс кестесi |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1. |
Акмола облысының Дiн iстерi департаментi |
020000 Көкшетау қаласы, Горький көшесi, 37 |
8(7162) 40-16-03 akmola@din.gov.kz |
Жұмыс күндерi: дүйсенбi – жұма. Жұмыс уақыты: сағ. 09.00-ден 18.00-ға дейiн, үзiлiс 13.00-ден 14.00-ға дейiн Демалыс күндерi: сенбi – жексенбi |
2. |
Актөбе облысының |
030000 Ақтөбе қаласы, Әбiлқайыр хан даңғылы, 40 |
8(7132) 55-23-43 55-29-93 aktobe@ din.gov.kz |
|
3. |
Алматы облысының |
040000 Талдықорған қаласы, Тәуелсiздiк көшесi, 38 |
8(7282) 27-06-38 ф. 27-25-33 zhetysu@ din.gov.kz |
|
4. |
Атырау облысының Дiн iстерi департаментi |
060010 Атырау қаласы, Әйтеке би көшесi, 77 |
8(7122) 32-16-40 atyrau@din.gov.kz |
|
5. |
Батыс Қазақстан облысының |
090000 |
8(7112) 24-10-50 ф. 50-63-95 batys@din.gov.kz |
|
6. |
Жамбыл облысының |
080012 |
8(7262) 57-92-01 zhambyl@din.gov.kz |
|
7. |
Қарағанды облысының |
100000 Қарағанды қаласы Костенко көшесi, 6 |
8(7212) 41-34-10 42-07-52 karaganda@din.gov. kz |
|
8. |
Қостанай облысының |
110000 Қостанай қаласы, Таран көшесi, 85 |
8 (7142) 54-84-35 kostanay@din.gov.k z |
|
9. |
Қызылорда облысының |
120000 Қызылорда қаласы, Жақаев көшесi, 76 |
8(7242) 26-38-74 kyzylorda@din.gov. kz |
|
10. |
Маңғыстау облысының |
130000 |
8(7292) 43-03-32 mangystau@din.gov. kz |
|
11. |
Оңтүстiк Қазақстан облысының |
160000 Шымкент қаласы, Тәуке хан көшесi, 6 |
8(7252) 30-14-92 ontustik@din.gov.k z |
|
12. |
Павлодар облысының |
140000 Павлодар қаласы, Ленин көшесi, 61 |
8(7182) 32-73-25 pavlodar@din.gov.k z |
|
13. |
Солтүстiк Қазақстан облысының Дiн iстерi департаментi |
150000 Петропавл қаласы, Конституция көшесi, 58 |
8(7152) 46-30-25 sko@din.gov.kz |
|
14. |
Шығыс Қазақстан облысының Дiн iстерi департаментi |
070004 Өскемен қаласы, М. Горький көшесi, 40 |
8(7232) 26-25-44 shygys@din.gov.kz |
|
15. |
Астана қаласының |
010000 Астана қаласы, Бейбiтшiлiк көшесi, 11 |
8(7172) 55-74-53 ф.32-74-21 astana@din.gov.kz |
|
16. |
Алматы қаласының |
050000 Алматы қаласы, Абылай хан көшесi, 74 а |
8(7272) 72-87-42 almaty@din.gov.kz |
«Дiн қызметi саласындағы құзыреттi органмен
келiсу бойынша ғибадат үйлерiн (ғимараттарын) салу
және олардың орналасатын жерiн анықтау, сондай-ақ
үйлердi (ғимараттарды) ғибадат үйлерi (ғимараттары)
етiп қайта бейiндеу (функционалдық мақсатын
өзгерту) туралы шешiмдер беру» мемлекеттiк
қызмет стандартына
3-қосымша
(Облыстың, республикалық маңызы бар
қаланың, астананың) сәулет және қала
құрылысы басқармасының бастығы
________________________________________
(тегi, аты, әкесiнiң аты)
Өтiнiш берушi
________________________________________
________________________________________
________________________________________
(жеке тұлға үшiн тегi, аты, әкесiнiң аты,
мекенжайы және телефоны, заңды тұлға
үшiн ұйымның атауы, пошталық мекенжайы,
телефоны)
ӨТIНIШ
__________________________ мекенжайы бойынша орналасқан жалпы көлемi ____ гектар жер учаскесiнде ғибадат үйiн (ғимаратын) салу туралы шешiм берудi сұраймын.
Ғибадат үйi __________________________________________________.
(конфессияға тиесiлiлiгi)
Ғибадат үйi құрылысының қаржыландыру көзi _________________________.
Ғибадат үйiнiң сыйымдылығы (адамдар саны) ____________________.
Қолы, күнi, мөрi (заңды тұлғаларға)
«Дiн қызметi саласындағы құзыреттi органмен
келiсу бойынша ғибадат үйлерiн (ғимараттарын) салу
және олардың орналасатын жерiн анықтау, сондай-ақ
үйлердi (ғимараттарды) ғибадат үйлерi (ғимараттары)
етiп қайта бейiндеу (функционалдық мақсатын
өзгерту) туралы шешiмдер беру» мемлекеттiк
қызмет стандартына
4-қосымша
(Облыстың, республикалық маңызы бар
қаланың, астананың) сәулет және қала
құрылысы басқармасының бастығы
________________________________________
(тегi, аты, әкесiнiң аты)
Өтiнiш берушi
________________________________________
________________________________________
________________________________________
(жеке тұлға үшiн тегi, аты, әкесiнiң аты,
мекенжайы және телефоны, заңды тұлға
үшiн ұйымның атауы, пошталық мекенжайы,
телефоны)
ӨТIНIШ
________________________ мекенжайы бойынша орналасқан ________________ үйiн (ғимаратын) ғибадат үйi (ғимараты) етiп қайта бейiндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешiм берудi сұраймын.
Ғибадат үйi
_______________________________________________________________.
(конфессияға тиесiлiлiгi)
Ғибадат үйiнiң сыйымдылығы (адамдар саны) _________________________________.
Қолы, күнi, мөрi (заңды тұлғаларға)
«Дiн қызметi саласындағы құзыреттi органмен
келiсу бойынша ғибадат үйлерiн (ғимараттарын) салу
және олардың орналасатын жерiн анықтау, сондай-ақ
үйлердi (ғимараттарды) ғибадат үйлерi (ғимараттары)
етiп қайта бейiндеу (функционалдық мақсатын
өзгерту) туралы шешiмдер беру» мемлекеттiк
қызмет стандартына
5-қосымша
Кесте. Сапа және қолжетiмдiлiк көрсеткiштерiнiң мәнi
Сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерi |
Көрсеткiштiң нормативтiк мәнi |
Көрсеткiштiң келесi жылғы нысаналы мәнi |
Көрсеткiштiң есептi жылдағы ағымдағы мәнi |
1 |
2 |
3 |
4 |
1. Уақтылылығы |
|||
1.1. Құжатты тапсырған сәттен бастап белгiленген мерзiмде қызметтi ұсыну жағдайларының %-ы (үлесi) |
|||
2. Сапасы |
|||
2.1. Қызметтi ұсыну үдерiсiнiң сапасына қанағаттанған мемлекеттiк қызметтi алушылардың %-ы (үлесi) |
|||
3. Қолжетiмдiлiк |
|||
3.1. Қызметтi ұсынудың сапасына және оны ұсыну тәртiбi туралы ақпаратқа қанағаттанған мемлекеттiк қызметтi алушылардың %-ы (үлесi) |
|||
3.2. Ақпаратқа электрондық форматта қол жеткiзуге болатын қызметтердiң %-ы (үлесi) |
|||
4. Шағымдану үдерiсi |
|||
4.1. Қызметтiң осы түрi бойынша қызмет көрсетiлген тұтынушылардың жалпы санына негiздi шағымдардың %-ы (үлесi) |
|||
5. Сыпайылық |
|||
5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған мемлекеттiк қызметтi алушылардың %-ы (үлесi)
|