Қазақстан Республикасы Дiн iстерi агенттiгiнiң мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 1 тамыздағы № 888 Қаулысы
Дiни қызмет және дiни бiрлестiктер туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы Заңының 4-бабына, «Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгi туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 15-бабына және «Қазақстан Республикасы Дiн iстерi агенттiгi туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2011 жылғы 18 мамырдағы № 84 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Ескерту. Кiрiспе жаңа редакцияда – ҚР Үкiметiнiң 2012.10.08 № 1269 Қаулысымен.
1. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгiнiң Дiни iстер комитетi оның функциялары, өкiлеттiктерi мен мүлкi Қазақстан Республикасы Дiн iстерi агенттiгiне (бұдан әрi – Агенттiк) берiле отырып, таратылсын.
2. Қоса берiлiп отырған:
1) Агенттiк туралы ереже;
2) Агенттiктiң аумақтық органдары – мемлекеттiк мекемелерiнiң тiзбесi;
3) Агенттiктiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi;
4) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.
3. Агенттiк пен Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi К.Мәсiмов
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2011 жылғы 1 тамыздағы
№ 888 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Дiн iстерi агенттiгi туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Дiн iстерi агенттiгi (бұдан әрi – Агенттiк) Үкiмет құрамына кiрмейтiн, дiни қызмет саласындағы мемлекеттiк реттеудi, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте салааралық үйлестiрудi және өзiнiң құзыретiне жатқызылған қызмет саласындағы өзге де функцияларды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады.
Агенттiктiң облыстарда, Астана және Алматы қалаларында заңды тұлға болып табылатын аумақтық органдары бар.
Агенттiктiң тiзбесiн Үкiмет бекiтетiн ведомстволық бағынысты ұйымдары бар.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi – ҚР Үкiметiнiң 2012.10.08 № 1269 Қаулысымен.
2. Агенттiк өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Агенттiк мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттiк тiлде жазылған мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. Агенттiк азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
5. Егер Агенттiкке Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкiлеттiк берiлсе, ол мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болады.
6. Агенттiк өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен Агенттiк төрағасының немесе оны ауыстырушы тұлғаның бұйрықтарымен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
7. Агенттiктiң штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
8. Агенттiктiң заңды мекен-жайы:
Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есiл ауданы, Орынбор көшесi, 8 үй, 15-кiреберiс.
9. Агенттiктiң толық атауы – «Қазақстан Республикасы Дiн iстерi агенттiгi» мемлекеттiк мекемесi.
10. Осы Ереже Агенттiктiң құрылтай құжаты болып табылады.
11. Агенттiк қызметiн қаржыландыру республикалық бюджет қаражатының есебiнен жүзеге асырылады.
12. Агенттiкке Агенттiктiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында кәсiпкерлiк субъектiлерiмен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
2. Агенттiктiң негiзгi мiндеттерi мен функциялары
13. Агенттiктiң негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады:
1) дiни қызмет және дiни бiрлестiктермен өзара iс-қимыл жасау саласындағы мемлекеттiк саясатты қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзiрлеу;
2) дiни қызмет және дiни бiрлестiктердiң, миссионерлер мен дiни (рухани) бiлiм беру ұйымдарының қызметi саласында елде болып жатқан процестердi жан-жақты және объективтi зерделеу, қорыту және талдау;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен Агенттiкке жүктелген өзге де мiндеттердi жүзеге асыру.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкiметiнiң 2012.10.08 № 1269 Қаулысымен.
14. Агенттiк қолданыстағы заңнамаға және өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) дiни қызмет және дiни бiрлестiктермен өзара iс-қимыл жасау саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын қалыптастыруға және iске асыруға қатысады;
2) дiни ахуалдың дамуын, Қазақстан Республикасының аумағында құрылған дiни бiрлестiктердiң, миссионерлердiң және дiни (рухани) бiлiм беру ұйымдарының қызметiн зерделеу мен талдауды жүргiзедi;
3) Қазақстан Республикасының дiни қызмет және дiни бiрлестiктер туралы заңнамасын жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi;
4) өз құзыретi шегiнде нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлейдi және бекiтедi;
5) өз құзыретiне жататын мәселелер жүргiзудi бойынша ақпараттық-насихаттау iс-шараларын жүзеге асырады;
6) өз құзыретiне жататын мәселелер бойынша түсiндiру жұмыстарын жүргiзедi;
7) дiнтану сараптамаларын және дiни бiрлестiктердi құруға бастамашы азаматтардың тiзiмдерiн тексерудi қамтамасыз етедi;
8) жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының дiни қызмет және дiни бiрлестiктер туралы заңнамасын бұзушылықтарға қатысты өтiнiштерiн қарайды;
9) Қазақстан Республикасының дiни қызмет саласындағы заңнамасын бұзатын жеке және заңды тұлғалардың, оның iшiнде дiни бiрлестiктердiң қызметiне тыйым салу жөнiнде құқық қорғау органдарына ұсыныстар енгiзедi;
10) заңнамада белгiленген жағдайда және тәртiппен әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы хаттамаларды жасайды;
11) дiни қызмет және дiни бiрлестiктермен өзара iс-қимыл жасау мәселелерi бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергiлiктi атқарушы органдарының қызметiн үйлестiредi;
12) шет мемлекеттердiң дiни қызмет және дiни бiрлестiктермен өзара iс-қимыл жасау саласындағы уәкiлеттi органдарымен ынтымақтастықты ұйымдастырады және жүзеге асырады;
13) дiни қызмет және дiни бiрлестiктермен өзара iс-қимыл жасау мәселелерi бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзiрлейдi;
14) республика аумағындағы шетелдiк дiни бiрлестiктердiң қызметiне, шетелдiк дiни орталықтардың Қазақстан Республикасындағы дiни бiрлестiктердiң басшыларын тағайындауына келiсiм бередi;
15) ғибадат үйлерiн (ғимараттарын) салу, олардың орналасатын жерiн айқындау, сондай-ақ үйлердi (ғимараттарды) ғибадат үйлерi (ғимараттары) етiп бейiнiн өзгерту (функционалдық мақсатын өзгерту) мәселелерiн келiседi;
16) миссионерлiк қызметтi жүзеге асыратын тұлғаларды тiркеудi жүргiзедi;
17) дiни қызмет және дiни бiрлестiктермен өзара iс-қимыл жасау мәселелерi бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады, сондай-ақ дiни қызмет саласындағы келiсiмдердi, меморандумдар мен шарттарды, соның iшiнде халықаралық құжаттарды әзiрлейдi және жасайды;
18) өз құзыретiне жататын мәселелер бойынша ресми түсiнiктемелер бередi;
19) өз құзыретi шегiнде ұлттық қауiпсiздiк жүйесiн жетiлдiру бойынша ұсыныстар енгiзедi;
20) ұлттық қауiпсiздiк саласындағы заңдар мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң сақталуын қамтамасыз етедi;
21) Агенттiктiң өз құзыретi шегiнде мемлекеттiк қызметтердi көрсетуi кезiнде тұтынушылар құқықтарының қорғалуын қамтамасыз етедi;
22) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкiметiнiң 2012.10.08 № 1269 Қаулысымен.
3. Агенттiктiң қызметiн ұйымдастыру
15. Агенттiк және оның аумақтық органдары Агенттiктiң бiрыңғай жүйесiн құрады.
16. Агенттiктi Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Төраға басқарады.
Төрағаның ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Төрағаның орынбасарлары болады.
Төраға Агенттiкке басшылықты жүзеге асырады және Агенттiкке жүктелген мiндеттердi орындауға және оның өз функцияларын жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
17. Агенттiк Төрағасы:
1) Агенттiктi Қазақстан Республикасының Парламентiнде, өзге де мемлекеттiк органдарда және ұйымдарда бiлдiредi;
2) нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын келiседi және қол қояды;
3) Агенттiкте сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға қарсы iс-қимыл жасауға бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдау үшiн дербес жауапты болады;
4) өзiнiң құзыретiне жататын басқа да мәселелер бойынша шешiмдер қабылдайды.
18. Агенттiк аппаратын Қазақстан Республикасының Премьер-Министрiмен келiсiм бойынша Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын жауапты хатшы басқарады.
19. Қазақстан Республикасының Үкiметi, Агенттiк төрағасы отставкаға шыққан жағдайда жауапты хатшының өкiлеттiгiн тоқтатуға әкеп соқтырмайды.
20. Агенттiктiң Жауапты хатшысы:
1) Агенттiк Төрағасы қалыптастыратын саясатты iске асыруды қамтамасыз етедi және оның актiлерi мен тапсырмаларын орындайды;
2) Агенттiк аппаратына басшылықты жүзеге асырады: оның бөлiмшелерiнiң жұмысын ұйымдастырады, үйлестiредi және бақылайды;
3) Агенттiк қызметiн ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз етудi ұйымдастырады;
4) Агенттiк Төрағасымен келiсiлгеннен кейiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен Агенттiктiң штат санының лимитi шегiнде Агенттiктiң, сондай-ақ Агенттiктiң аумақтық органдарының құрылымын және штат санын бекiтедi;
5) Агенттiк Төрағасымен келiсiлгеннен кейiн Агенттiктiң құрылымдық бөлiмшелерi және оның аумақтық бөлiмшелерi туралы ережелердi бекiтедi;
6) Агенттiктiң тәртiптiк, аттестаттау және конкурстық комиссияларының қызметiне жалпы басшылықты жүзеге асырады, атқарушылық және еңбек тәртiбiнiң сақталуын, кадр қызметiнiң жұмысын және құжат айналымын ұйымдастыруды бақылайды;
7) Агенттiктiң қызметiн қамтамасыз ету және оған жүктелген мiндеттердi орындау мақсатында мемлекеттiк сатып алуды өткiзудi ұйымдастырады;
8) Агенттiк Төрағасымен келiсiлгеннен кейiн Агенттiктiң департаменттерi мен басқармаларының басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
9) еңбек қатынастарының мәселелерi жоғары тұрған мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдардың құзыретiне жатқызылған қызметкерлердi қоспағанда, Агенттiк қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
10) Агенттiк Төрағасымен келiсiм бойынша Агенттiктiң қызметкерлерiн iссапарға жiберу, демалыстар беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), бiлiктiлiгiн арттыру, көтермелеу, үстемеақылар төлеу және сыйлықақы беру мәселелерiн шешедi;
11) Агенттiк төрағасымен келiсiм бойынша еңбек қатынастарының мәселелерi жоғары тұрған мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдардың құзыретiне жатқызылған қызметкерлердi қоспағанда, Агенттiк қызметкерлерiнiң тәртiптiк жауапкершiлiгi мәселелерiн шешедi;
12) Агенттiктiң Қазақстан Республикасының Президентi, Қазақстан Республикасының Үкiметi және Агенттiк төрағасы бекiтетiн стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын әзiрлеудi қамтамасыз етедi;
13) Агенттiктiң жыл сайынғы жұмыс жоспарын және оның қызметiнiң нәтижелерi туралы жыл сайынғы есептi әзiрлеудi қамтамасыз етедi және Төрағаға бекiтуге ұсынады;
14) Агенттiктiң бюджеттiк өтiнiмiн дайындауды, бюджеттiк өтiнiмдi Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгiзетiн Агенттiк Төрағасына ұсынуды, сондай-ақ бюджет процесiнiң өзге де рәсiмдерiн орындауды қамтамасыз етедi;
15) Агенттiк Төрағасымен келiсiлгеннен кейiн Агенттiктiң қаржыландыру жоспарларын және қаржылық есептiлiгiн әзiрлеудi қамтамасыз етедi және бекiтедi;
16) мемлекеттiк қызметтер көрсету регламенттерi мен стандарттарын әзiрлеудi ұйымдастырады;
17) Агенттiктiң құзыретi шегiнде нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлеудi ұйымдастырады;
18) Агенттiкке келiсуге келiп түскен нормативтiк құқықтық актiлердiң жобалары бойынша қорытындылар дайындауды ұйымдастырады;
19) өз өкiлеттiгi шегiнде мемлекеттiк органдармен және өзге де ұйымдармен өзара қатынастарда Агенттiк атынан өкiлдiк етедi;
20) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықаралық шарттардың мәтiндерiн дәйектейдi, оларға қол қояды және қабылдайды;
21) Қазақстан Республикасының заңдарымен және Республика Президентiнiң актiлерiмен жауапты хатшыға жүктелген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
21. Жауапты хатшы өзiне жүктелген қызметтiк мiндеттемелердi орындау үшiн:
1) Агенттiк аппаратының қызметкерлерiне орындауға мiндеттi тапсырмалар беруге;
2) өзге мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдардан жауапты хатшының құзыретiне жатқызылған мәселелердi шешу үшiн қажеттi ақпаратты, құжаттар мен материалдарды сұрауға және алуға;
3) жеке қолданылатын құқықтық актiлер қабылдауға құқылы.
22. Жауапты хатшы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзiне жүктелген мiндеттердi орындау үшiн жауапты болады.
23. Агенттiктiң Төрағасы жанынан консультативтi-кеңесшi орган болып табылатын алқа құрылады. Агенттiктiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының iшiнен алқаның саны мен дербес құрамын Агенттiк төрағасы бекiтедi.
24. Агенттiк қызметiн ұйымдастырудың өзге мәселелерi, лауазымды адамдарының құқықтары мен мiндеттерi, оның қызметiн қамтамасыз ететiн құрылымдық бөлiмшелердiң құзыретi мен өкiлеттiгi Агенттiк жұмысының регламентiмен және Агенттiктiң құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелермен белгiленедi.
4. Агенттiктiң мүлкi
25. Агенттiк жедел басқару құқығында оқшауланған мүлiкке ие болады. Агенттiк мүлкi оған мемлекет берген мүлiк есебiнен, сондай-ақ құны Агенттiктiң теңгерiмiнде көрсетiлетiн өзге мүлiк есебiнен қалыптасады.
26. Агенттiкке бекiтiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады.
27. Егер заңда өзгеше белгiленбесе, Агенттiктiң өзiне бекiтiлген мүлiктi және өзiне қаржыландыру жоспары бойынша бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе өзге тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
5. Агенттiктi қайта ұйымдастыру және тарату
28. Агенттiктi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2011 жылғы 1 тамыздағы
№ 888 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Дiн iстерi агенттiгiнiң аумақтық органдары – мемлекеттiк мекемелерiнiң тiзбесi
1. Қазақстан Республикасы Дiн iстерi агенттiгiнiң Ақмола облысы Дiн iстерi департаментi.
2. Қазақстан Республикасы Дiн iстерi агенттiгiнiң Ақтөбе облысы Дiн iстерi департаментi.
3. Қазақстан Республикасы Дiн iстерi агенттiгiнiң Алматы облысы Дiн iстерi департаментi.
4. Қазақстан Республикасы Дiн iстерi агенттiгiнiң Атырау облысы Дiн iстерi департаментi.
5. Қазақстан Республикасы Дiн iстерi агенттiгiнiң Батыс Қазақстан облысы Дiн iстерi департаментi.
6. Қазақстан Республикасы Дiн iстерi агенттiгiнiң Жамбыл облысы Дiн iстерi департаментi.
7. Қазақстан Республикасы Дiн iстерi агенттiгiнiң Қарағанды облысы Дiн iстерi департаментi.
8. Қазақстан Республикасы Дiн iстерi агенттiгiнiң Қостанай облысы Дiн iстерi департаментi.
9. Қазақстан Республикасы Дiн iстерi агенттiгiнiң Қызылорда облысы Дiн iстерi департаментi.
10. Қазақстан Республикасы Дiн iстерi агенттiгiнiң Маңғыстау облысы Дiн iстерi департаментi.
11. Қазақстан Республикасы Дiн iстерi агенттiгiнiң Оңтүстiк Қазақстан облысы Дiн iстерi департаментi.
12. Қазақстан Республикасы Дiн iстерi агенттiгiнiң Павлодар облысы Дiн iстерi департаментi.
13. Қазақстан Республикасы Дiн iстерi агенттiгiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы Дiн iстерi департаментi.
14. Қазақстан Республикасы Дiн iстерi агенттiгiнiң Шығыс Қазақстан облысы Дiн iстерi департаментi.
15. Қазақстан Республикасы Дiн iстерi агенттiгiнiң Алматы қаласы Дiн iстерi департаментi.
16. Қазақстан Республикасы Дiн iстерi агенттiгiнiң Астана қаласы Дiн iстерi департаментi.
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2011 жылғы 1 тамыздағы
№ 888 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Дiн iстерi агенттiгiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi
1. Қазақстан Республикасы Дiн iстерi агенттiгiнiң «Мәдениеттер мен дiндердiң халықаралық орталығы» мемлекеттiк мекемесi.
2. Қазақстан Республикасы Дiн iстерi агенттiгiнiң «Дiн мәселелерi жөнiндегi ғылыми-зерттеу және талдау орталығы» мемлекеттiк мекемесi.
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2011 жылғы 1 тамыздағы
№ 888 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар
1. «Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгiнiң мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 29 қазандағы № 1130 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 42, 538-құжат):
5-тармақтың 5) тармақшасы алынып тасталсын;
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгi туралы ережеде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгi (бұдан әрi – Министрлiк) мемлекеттiк реттеудi, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте мәдениет, iшкi саяси тұрақтылық, этносаралық келiсiм, тiлдердi дамыту, мемлекеттiк рәмiздер салаларында салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.
Министрлiктiң мынадай ведомстволары бар: Мәдениет комитетi, Тiл комитетi.»;
13-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау және пайдалану, тiл саясаты саласындағы мемлекеттiк саясатты әзiрлеуге және iске асыруға қатысу;
2) мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау және пайдалану, тiл саясаты саласында салааралық үйлестiрудi жүзеге асыру;»;
14-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау және пайдалану, тiл саясаты және мемлекеттiк органдармен өзара iс-қимыл саласындағы мемлекеттiк саясатты қалыптастыру;»;
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«8) мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау және пайдалану, тiл саясаты салаларында нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеу, бекiту;»;
53) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«53) iшкi саяси тұрақтылықты, этносаралық келiсiмдi нығайтуға бағытталған халықаралық, республикалық және өзге де iс-шаралар, акциялар мен конкурстар өткiзу;»;
15-тармақтың 46), 47), 48), 49), 50), 51), 52), 53), 54), 55) және 56) тармақшалары алынып тасталсын;
22-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау мен пайдалану, тiл саясаты салаларында Министр қалыптастыратын саясаттың iске асырылуын қамтамасыз етедi және оның актiлерi мен тапсырмаларын орындайды;».
2. Ескерту. Күшi жойылды – ҚР Үкiметiнiң 2012.02.07 № 209 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
3. «Бiлiм беру қызметiне қойылатын лицензиялау ережесi мен оған қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 2 маусымдағы № 452 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 18, 202-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген бiлiм беру қызметiн лицензиялау кезiнде қойылатын бiлiктiлiк талаптарында:
10-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«8) мәлiмделген дiни бiлiм беру бағдарламаларына Қазақстан Республикасы Дiн iстерi агенттiгi қорытындысының болуы.».
4. «Азаматтық қызметшiлерге, мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлерiне, қазыналық кәсiпорындардың қызметкерлерiне еңбекақы төлеу жүйесi туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 51, 648-құжат; 2011 ж., № 13, 161-құжат):
көрсетiлген қаулыға 24-қосымшада:
«Республикалық мемлекеттiк мекемелер» деген бөлiмде реттiк нөмiрi 12-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Қазақстан Республикасы Дiн iстерi агенттiгiнiң «Мәдениеттер мен дiндердiң халықаралық орталығы» мемлекеттiк мекемесi».
5. «Министрлiктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелердегi адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 15 сәуiрдегi № 339 қаулысында:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген министрлiктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелерiндегi адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерiнде:
реттiк нөмiрi 1-жолда: Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгi, оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелердi ескере отырып, оның iшiнде:
3-бағанда:
«1344» және «1155» деген сандар тиiсiнше «1191» және «1075» деген сандармен ауыстырылсын;
«Дiн мәселелерi жөнiндегi ғылыми-зерттеу және талдау орталығы 30», «Мәдениеттер мен дiндердiң халықаралық орталығы 50» деген жолдар алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi-24 жолмен толықтырылсын:
«
24. |
Қазақстан Республикасы Дiн iстерi агенттiгi, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелердi ескере отырып, оның iшiнде: |
206 |
Қазақстан Республикасы Дiн iстерi агенттiгiне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелер, оның iшiнде: |
60 |
|
Мәдениеттер мен дiндердiң халықаралық орталығы |
30 |
|
Дiн мәселелерi жөнiндегi ғылыми-зерттеу және талдау орталығы |
30 |
».
6. «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi № 745 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 44, 401-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiнде:
реттiк нөмiрi 32-жолдың 4-бағанындағы «ММ» деген аббревиатура «ДIА» деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
«Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:» мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«ДIА – Қазақстан Республикасы Дiн iстерi агенттiгi».
7. «Қазақстан Республикасындағы құқық бұзушылық профилактикасының 2011 – 2013 жылдарға арналған салалық бағдарламасы» туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 21 желтоқсандағы № 1390 қаулысында:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасындағы құқық бұзушылық профилактикасының 2011 – 2013 жылдарға арналған салалық бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарында:
реттiк нөмiрi 50-жолдың 4-бағанындағы «ММ» деген аббревиатура «ДIА» деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
«Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:» мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«ДIА – Қазақстан Республикасы Дiн iстерi агенттiгi».
8. Күшi жойылды – ҚР Үкiметiнiң 2012.02.07 № 211 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.