Сұрақ: Дін мен дәстүрдің үйлесімдігі деп нені айтамыз?
Жауап: Қоғам мүшесінің құқығын қоғау, өзге дін өкіліне қысымшылық жасамау, әлсізге зұлымдық қылмау, басшының жұмысшыға әділ болуы, көршінің ақысын беру, ата-ананы құрметтеу, құдайы қонаққа көмек көрсету, жетімге қамқорлық, мұқтажға жанашырлық, үлкенге құрмет, кішіге ізет, әйел және отбасы ақысы сияқты т.б. қағидаттардың барлығы – мұсылманшылық ұстанымы.
Біз осы құндылықтардың барлығын ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан ата-баба дәстүрінен көріп келеміз. Сондықтан да дін мен дәстүрдің үйлесімді болуы аса маңызды.
Мұның айқын мысалын біздің полиэтносты қоғамымызда көріп отырмыз. Қазақ халқының тарихи және мәдени қалыптасқан діні – ислам. Дархан қазақтың дәстүрімен біте-қайнасқан бейбітшілік дін исламның құндылықтары біздің тілімізге, ділімізге, ұлттық мәдениетімізге сіңген.
Жалғас САДУАХАСҰЛЫ