hadis-sharip инстаграм парақшасынан:
Әбу Дарда (р.а.) айтады:
«Расулалла (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм): «Дәретін дұрыс алып, рукуғ, сәждені толық орындап намазын уақытылы оқу, Рамазан айында ораза ұстау, шамасы келсе қажылыққа бару, зекетін ықыласпен беру және аманатты ада ету – осы бес нәрсемен келген иманды адам жәннатқа кіреді», – деді.
– Уа, Расулалла! Аманатты ада ету деген не?
– Жүніп болғаннан кейін шомылу (1). Ақиқатында Хақ Тағала адам баласына дін ісінде ғұсылдан (2) өзге істі аманат етпеді».
(Табарони)
- Жүніп болу – ері әйелімен қосылғаннан кейінгі жағдай
- Ғұсыл – шомылу, бастан-аяқ су құйыну.
Дереккөз: رواه الطبراني بإسناد جيد، الترغيب 1/241