Білім – жарық нұр, білімсіздік – қараңғылық. Бүгінгі таңда әсіресе діни тұрғыдағы білімсіздік – адамзаттың қас жауы болып отыр. Бір ғана мысал: теріс ниетті ағымдардың мағынасы жақсы «жиһад» деген сөзді тек «соғыс» деп түсіндіруінің салдарынан діни сауаты аз адамдар терроризмнің қолшоқпары болып шыға келді. Шын мәнінде жиһад дегеніміз соғысу ма? Маманның сөзіне құлақ салайық.