Сандық – ерте кезден пайдаланылып келе жатқан ең ежелгі жиһаздың бірі. Осындай сандықта әжелеріміз көбінесе бағалы заттарын сақтаған. Алматы қаласындағы Мемлекеттік орталық музей ата-бабамыздан мұра ретінде қалған салт-дәстүрімізді қайта жаңғыртып, оқушыларға арнайы дәрістер ұйымдастыруда. Бабалар салып кеткен дана жолмен, ата салтымызбен өмір сүру – ұлттығымыздың басты міндеті.