Сұрақ: Аз нәрсе садақаға есептеле ме?
Жауап: Әдетте жақсылық жасап, садақа бергісі келген жандар беретін садақаның мөлшерін ойлайды. Сөйтіп бірі «барымды берейін» деп қалтасындағы бар тиынын берсе, кейбірі садақаға арнайы ақша жинайды. Ал енді бірі аз тиынды жәшікке салуға ұялады.
Дінде садақаның мөлшері емес, ниет маңызы. Бір күні Айша анамызға қайыршы келіп, садақа сұрайды. Айша анамыз қалталарын тексере бастады. Сөйтіп, қалтасының түбінен бір түйір мейіз табады. Оны алып, қайыршыға береді. Қайыршы «Бұл бір түйір мейізді не істеймін?» деген кейіп танытып, арқа шегінгендей болады. Айналадағы адамдар да Айша анамыздың бұл қылығына таң қалғандай қарайды. Сонда Айша анамыз:
– Мұны ала ғой. Егер бұл садақам қабыл болса, онда мұның ішінде Алла қиямет күнінде амал таразысына қоятын қанша мейіз бар екенін білесің бе? – деп қолындағы мейізін қайыршыға ұстатады. (Суютый)
Жалғас САДУАХАСҰЛЫ