Дүйсенбі, 16 Мамыр, 2022
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Аягүл МАНТАЙ: Арманым – Құдаймен гармонияда өмір сүру

29.07.2021
- Сұхбат
0
1.4k
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Жазушы Аягүл Мантай соңғы сұхбаттарының бірінде ішкі сезімі, өмірден не күтетіні, не нәрсеге сенетіні және қандай адамдарды бағалайтыны туралы айтыпты. Біз сол сұхбаттан үзінді беріп отырмыз.

– Көңіліңіздегі ауа-райы қалай? Ішкі әлеміңіздің түзілісі, сезімдеріңіз туралы айта отырыңыз…

 – Шынымды айтсам, соңғы күндері жүрегімдегі балансты, жүрегімдегі тыныштықты жоғалтып алдым. Қазір формама келу үшін ораза ұстап, Құдаймен қарым-қатынасымды жақсартуға тырысып жатырмын. Арманым – Құдаймен гармонияда өмір сүру.

 – Адам әлденеге сеніп, өмір сүреді… Сіз неге сенесіз?

– Мені шын жақсы көретін, өзім жақсы көретін адамды кездестіріп, тұрмысқа шығып, сүйкімді балам болатынына сенем. Қиялымда әлі өмірге келмеген баламды тәрбиелеймін. Отбасыммен гармонияда өмір сүрем деген сенім бар. Әйел адамға, мысалы, маған атақ та, сыйлық та, ештеңе керек емес. Атақ та, даңқ та, танымалдылық та адамға ешқашан бақыт сыйламаған. Жүректегі тыныштық қана бәрінен маңызды, бәрінен қымбат. Өзім үшін отбасы құндылығы бәрінен жоғары тұрады.

 – Бойыңыздағы стрестік вирустармен қалай күресесіз?

 – Көп сүре оқимын. Менің сүре оқымайтын кезім аз.

Самал БОТАХАНҚЫЗЫ: Бала дамуына бір жыл ғана емес,  әрдайым көңіл бөлінуі керек

Самал БОТАХАНҚЫЗЫ: Бала дамуына бір жыл ғана емес, әрдайым көңіл бөлінуі керек

06.05.2022
Уақып – сарқылмас сауап

Уақып – сарқылмас сауап

30.04.2022

– Кейіпкерлеріңізге қарап отырып, шығармашылығыңызды таза ұстауға тырысатыныңызды байқаймын. Өміріңізде қиянат көрген кезіңіз болды ма?

 – Қиянат көрген кезім аз емес… Бірақ «пәленшеден қиянат көрдім» деп ол туралы фейсбукта жазбаймын. Жалпы бұл ішкі мәдениетіме қайшы дүние. Мүмкіндігінше ұрыс-керістен қашатын адаммын. Адекват емес адамдардан да қашам. Кейбір адамдарды сырттай жақсы көріп қана жүрем, саналы түрде жақын араласқым келмейді. Ол адаммен жақын араласа келе жоғалтып алудан қорқамын. Сыйлап, жақсы көріп жүрген адамымның өзіме қатысты арамдығын сезіп қойсам сынып, күйреп кетем. Мені алдау мүмкін емес. Ол адаммен үзілді-кесілді араласудан бас тартам. Бірақ артына түсіп алып, кек алмаймын. Бірақ ешқашан қайтадан араласып, сөйлесіп кетпеймін.

– Тоня әжейдің адамгершілігі туралы көп жазасыз. Өміріңізде одан бөлек азаматтық танытқан жандар болды ма?

 – Өмір жолымда жақсы адамдар көп кездесті. Қазақтың классик жазушысы Дулат Исабековтің жақсылығын көп көрдім. Дулат аға екеуміз қыз алыспайтын руданбыз.

Алматыда жұмыссыз жүрген кезімде де Дулат ағаның алдына барып, жұмыс сұраған емеспін. «Аға, сөзіңіз басшыларға өтеді ғой, жұмысқа тұрғызыңызшы» деп өтінген емеспін. Мен де «бәріне өзім жетем» деген амбиция болды. Қазір де сол амбиция. Бірақ мұндай амбициямен өмір сүру өзің үшін қиын. Қырсық, бірбеткей мінезімнен аз қиналмадым, әлі де қиналам.

Баяғыда Дулат аға ақша берсе, «жоқ, алмаймын» деп алмайтынмын. Дулат аға көмекшісі құрбым Ақмоншаққа «Осы Аягүл қызық. Мен оның жақын ағасымын ғой. Ақша берсем алмайды. Осы қыз қиналып жүрсе де, намысшыл» деп ренжиді екен. Періште болмай-ақ қояйын, қазір ағам ақша берсе, аламын.

Мәскеуде оқып жүрген кезімде Дулат  аға «самолеттің билетін өзім көтерем» деді. Магистратурада Ресейдің бюджетімен оқыдым ғой, стипендиямыз 1200 рубль ғана болды. Яғни, рубль құлдырағанда 3 мың теңге ғана алғанбыз. Мәскеуде оқумен бірге жұмыс істеп жан бақтым. Дулат аға РУДН-де оқып жүргенімде үнемі жол қаражатымды көтерді.

Сұхбаттарында Дулат аға ылғи жылы пікір айтады. Рулас қарындасы болған соң, мақтайды деп ойламаймын. Шығармашылығым туралы Несіпбек Дәутайұлы, Мархабат Байғұт аз айтпады…

Ал, Тоня әжейге келсек, ол кісі құрбым Бану екеуміз жалдап тұрған пәтердің иесі еді. Кремльдің қасынан екі бөлмелі пәтерді 75 мың теңгеге жалдап тұрдық. Мәскеуде жатақхананың бір бөлмесін 75 мың теңгеге жалдап тұра алмайсың. Тіпті «Жаңа жылға сендерге сыйлығым» деп бір ай пәтерақысын алмаған.

Өмір жолымда кездескен әрбір жақсы адам сана кеңістігімде қалықтап тұрады…

Сұхбаттасқан Сезім МЕРГЕНБАЙ

Қайнар көзі: http://kyzmet-gazeti.kz/
Тегтер: аягүл мантайбасты тақырыпӨмірсұхбат
Бөлісу33Твитерге21Бөлісу4Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Аятжан АХМЕТЖАНҰЛЫ: Ұлттық мектепсіз ұлт ретінде жоғаламыз
Видео

Аятжан АХМЕТЖАНҰЛЫ: Ұлттық мектепсіз ұлт ретінде жоғаламыз

14.05.2022
Түркістанның соңғы мүфтиі
Ислам

Түркістанның соңғы мүфтиі

13.05.2022
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Төрт аяқты Аишаға ота жасалады

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Көп қаралғаны

  • Бауыржан Әлиұлы жариялаған ой салар соңғы 10 пост

    Бауыржан Әлиұлы жариялаған ой салар соңғы 10 пост

    63 рет бөліскен
    Бөлісу 25 Твитерге 16
  • Исламның 5 парызы – Ибраһимнің (а.с.) 5 қазынасы

    2047 рет бөліскен
    Бөлісу 819 Твитерге 512

Соңғы жарияланымдар

Дін атынан білімсіз сөйлеу қауіпті

16.05.2022
0
Дін атынан білімсіз сөйлеу қауіпті

Толығырақ оқу

Қажылық электронды жүйесінің басшысы болатын өзгерістермен бөлісті

16.05.2022
0
Қажылық электронды жүйесінің басшысы болатын өзгерістермен бөлісті

Толығырақ оқу

Мемлекеттің мүлкін рұқсатсыз пайдалануға бола ма?

16.05.2022
0
Мемлекеттің мүлкін рұқсатсыз пайдалануға бола ма?

Толығырақ оқу
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

 

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2022 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Бастапқы бет
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Сауалнама
    • Кітапхана
  • Жоба туралы
  • ҚАЗ
    • ҚАЗ
    • РУС

© 2022 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіге кіріңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы аты немесе электрондық пошта мекенжайын енгізіңіз.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00