Сауд Арабиясында король Салманның тікелей нұсқауы бойынша паразитті сыңарымен дүниеге келген сәбиге ота жасалатын болды.

Аиша есімді қыз бала Йеменде өмірге келді. Оның өзінің екі аяғынан бөлек тағы екі аяғы бар. Сыңары жатыр ішіндегі процесстер нәтижесінде оның денесіне қосылып кетіп, тек аяғы ғана сыртта қалған. Егіздердің жамбас сүйегі бір, несеп-жыныс жүйесі де бірігіп кеткен.

«Аиша мен Ахмедке» Эр-Риядтағы король Абдолланың мамандандырылған балалар ауруханасында белгілі балалар хирургы Абдолла әл-Рабианың жетекшілігімен ота жасалмақ.

8 кезеңнен тұратын ота 8 сағатқа созылады деп күтілуде. Оған 25 дәрігер мен ондаған техникалық маман және медбикелер қатысады.

Соңғы жылдары денесі қосылып туған егіздерді ақысыз негізде бөлу бойынша саудиялық ұлттық бағдарлама шеңберінде 22 елден келген 117 патологиялық жағдай қарастырылған. Олардың 49-ына саудиялық дәрігерлер от жасаған. «Аиша мен Ахмед» – 50-ші пациент.

Пікір жазу