Бүгін Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Қызылорда жұртшылығымен кездесті.
Кездесуде Дархан Қуандықұлы министрліктің негізгі бағыттары ақпарат, азаматтық қоғам, дін, жастар және этносаралық қатынас бойынша жасалып жатқан жұмыстар туралы баяндады.
Өз кезегінде тұрғындар өз сауалдарын қойып, ел көкейіндегі мәселелерді айтты.
Мәселен өңірлік медианың бүгінгі жағдайы, ақпаратқа қолжеткізу, дәстүрлі медиа мен әлеуметтік желі жайында сауалдар қойылды, тіл және телеарна контенті, жастардың жайы мәселесі көтерілді.
Министр жиында көтерілген сауалдарға жауап берді.
Сонымен бірге азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдап, ұсыныс-пікірлері мен арыз-шағымдарын тыңдады.