Сұрақ: Өзінің туған тілін білмеу күнәға жата ма?

Жауап: Адамның өз ана тілін біліп-білмеуі исламға, шариғатқа қатысы жоқ. Бұл – ұлттық, этностық мәселе.

Біздің ата-бабамыз мұсылман болғандықтан, көбіміз, «имандылыққа бет бұрған адамның қазақша білуі міндетті» деп ойлаймыз. Мұсылман болу үшін қазақ болып туылу немесе қазақ тілін білу шарт емес. Дәл сол сияқты өзбек, дүнген, ұйғыр, қырғыз немесе түрік сияқты т.б. ұлт өкілінің өз ана тілін білуін шариғат міндеттемейді. Ислам адамның ұлтына, тіліне, нәсіліне, түсіне немесе жынысана қарамайды.

Бірақ, осы жерде маңызды жәйт бар: «Ислам маған ана тілімді білуді міндеттемейді екен» деп ана тілге, ділге, дәстүрге салғырт қарауға да болмайды. Өйткені, тіл, діл, дәстүр деген дүниелер – әр ұлтты даралап тұратын жеке қасиеттері. Алла былай деген:

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ:  Қызыл шүберекті босағаға не үшін іледі?

«Әй адам баласы! Шүбәсыз сендерді бір ер, бір әйелден (Адам, Хауадан) жараттық. Сондай-ақ бір-біріңді тануларың үшін сендерді ұлттар, рулар қылдық» (Хужрат: 13).

Ана тілді құрметтеу, оны білмесеңіз, білуге талпыну – әрбір азаматтың Отан, туған елі мен жері, ұлты және тарихы мен мұрасы алдындағы борышы деп білген жөн.

Жалғас САДУАХАСҰЛЫ

Пікір жазу