Сұрақ: Әлемдегі экономикалық және қаржылай дағдарыс пен қымбатшылық уақытында біраз қаржы мен күшті талап ететін осындай ауқымды іс-шараның керегі қанша?
Жауап: Діннің адамзат өркениеті мен мәдениетіндегі орны мен маңызының жоғары екені мәлім. Кез келген мәдениет тарихының артында халықтың белгілі діни нанымы мен сенімі тұрады десек қателеспейміз. Бұл өз кезегінде діннің қоғамдағы орнын көрсетеді.
Сонымен қатар әлем және дәстүрлі дін лидерлері арасындағы келіссөз өзара ынтымақтастық үшін кең болашаққа жол ашып, біздің заманымыздың зомбылық, фанатизм, экстремизм және терроризм сияқты теріс көріністерін болдырмауға септігін тигізеді деп сенеміз.
Діни дауларды шешу құралы ретіндегі діндер келіссөзі конфессияаралық және ұлтаралық қатынастардағы зорлық пен терроризм әдістеріне қарсы қойылады. Жиынға келген қатысушылар қазіргі әлемдегі діннің рөлі және кез келген діннің негізгі адамгершілік құндылықтарының жалпы адамзаттық сипаты туралы ашық пікір алысуға қол жеткізеді. Осылай өркениеттер, конфессиялар, елдер мен халықтар арасында құрылымдық келісімді нығайту мен келіссөз орнату жолында батыл адым жасалады.
Сөйтіп әлемдегі түрлі діни және ұлтаралық түйткілді мәселелер талқыланып, өркениеттер, конфессиялар, елдер мен халықтар арасында құрылымдық келісімді нығайту мен келіссөз орнату жолына алғаш қадамдар жасау платформасы орнайды.
Жалғас САДУАХАСҰЛЫ