Сұрақ: Айт намазына тек ораза ұстаған адам бара ма?
Жауап: Рамазан айында ораза ұстау – мұсылман адамға парыз. Сол сияқты айт намазы да мұсылман үшін уәжіп амал. Демек, мұсылман адамның ораза ұстауы заңды құбылыс. Олай болса айт намазына ораза ұстағандар ғана барады деген шариғат жоқ. Айт барлық мұсылманның мейрамы, намазды да барлық мұсылман оқиды.
Кейбір азаматтар ораза ұстай алмайтын дертке шалдығуы мүмкін, кейбірі уақытша үзірлі (сапарда, ота жасату және т.б.) жағдайда болуы ықтимал. Олар айт мейрамынан кейін қаза оразаларын өтей береді, бірақ, мүкін болса айт намазына қатысады.
Жалғас САДУАХАСҰЛЫ