Жексенбі, 14 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

300 миллион теңге немесе «Burabike Fest» қалай өтті?

26.08.2019
- Қоғам
0
123
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Жаздың соңғы күндері Шортанды-Бурабай курорттық аймағына жиналған көпшілік үшін қызықты өтті. Оған себеп – жыл сайын өтетін дәстүрлі «BURABIKE FEST–2019» спорттық әрі қайырымдылық шарасы.

 

Биыл «Болат Өтемұратов қорының» ұйымдастырған бірегей шарасы жылдағыдан анағұрлым өзгеше көрінді. Өйткені, жыл сайын бір тәулік қана болатын қайырымдылық бағытындағы веложарыс пен аукцион биыл екі күнге созылды.

«Биыл шараны өткізу форматын өзгерттік. Мақсатымыз – қайырымдылық шарасы болғандықтан, оны тек веложарыс деп шектемей, аясын кеңейтіп фестиваль деп атауды жөн көрдік.  Фестиваль екі күнге созылды, екіншіден, веложарыстан бөлек қатысушыларға концерттік бағдарлама мен шеберлік сабақтары секілді пайдалы іс-шаралар ұйымдастырылды. Жыл санап қатысушылардың көбеюі бір жағынан қуантса, екінші жағынан ауқымды шараның форматын өзгертуге алып келді. Мәселен, аукционнан түскен қаржы әрі қатысушылардың саны жөнінен рекордтық көрсеткішке жеткен былтырғы шараға 2500 адам қатысса, биылғы шараға 4 мыңға жуық адам қатысты» – дейді «Болат Өтемұратов қорының» директоры Марат Айтмағамбетов.

Ұлттық идеология: қорғалуға тиіс құндылықтар

Ұлттық идеология: қорғалуға тиіс құндылықтар

09.12.2025
Ғұмыры ғибратқа толы ел ағасы

Ғұмыры ғибратқа толы ел ағасы

22.11.2025

–Біз «Астана» велокомандасы мен «Samruk-Kazyna Trust» қорының атынан дәстүрге айналған қайырымдылық іс-шараны тағы да қолдап келгеніміз үшін қуаныштымыз. Burabike Fest ұйымдастырушыларының барлығына және «Болат Өтемұратов Қорына» алғысымды білдіремін. Осы жылдардың ішінде қор қайырымдылық қаражат жинау бойынша ауқымды жұмыс атқарды. Сондай-ақ іс-шараның жыл сайын жоғары деңгейде ұйымдастырылып келе жатқанын баса айтқым келеді. Осы демалыс күндерін бізбен бірге өткізген көпшілікке алғысым шексіз. Келесі жылы көрісеміз, – дейді А.Винокуров.

 

Фестиваль басталғанға дейінгі тіркеу және қайырымдылық жарналарынан 130 млн. теңге жиналса, шараның алғашқы күнінде мейман меценаттардың арасында өткізілген аукционнан Burabike Fest қорына 164 млн. теңге түсті. Ал екінші күні көпшіліктің қайырымдылыққа жұмсаған ақшасынан және брендті спорттық киімдер, кәдесыйлар сатудан түскен қаражат пен көпшілікке арналған ашық аспан астындағы аукционнан 6,2 млн. теңге жиналды. Сөйтіп, биылғы қайырымдылық шарасында 300,2 млн. теңге рекордты сома жиналып, Burabike Fest тарихында 1 млрд. теңге қайырымдылыққа жұмсалды.

«BURABIKE FEST 2019» қайырымдылық шарасынан түскен қаражат еліміздің әр түкпіріндегі бірнеше ауруханаға заманауи медициналық аппарат сатып алуға жұмсалмақ. Олардың қатарында Алматы облыстық ауруханасы, Қызылорда облыстық перинаталдық орталығы, БҚО Жаңақала аудандық ауруханасы, Ақмола облысының Есіл ауданындағы аурухана мен СҚО Қызылжар аудандық ауруханасы бар.

Ашық аспан астындағы аукцион кезінде Қанат Ислам, Геннадий Головкин мен Бақтияр Артаевтың қолғабы, Дмитрий Баландиннің жүзу телпегі, Батырхан Шүкеновтың альбомдар жинағы, Рафаэль Надальдың теннис добы, Димаш Құдайбергеннің  және басқа да лоттар саудаланды.

Такир Аминов – 69 жастағы Нұр-Сұлтан қаласынан келген шабандоз. Осы фестивальге қатысушылардың ішіндегі ең егдесі. Дәстүрлі шараға бұған дейін де, мүмкіндік болса алдағы жылдарда да қатысам дейді. Велосипедті тізгіндеп жүргеніне елу жылдан асып кеткен.

«Елімізде өтетін веложарыстардан қалмауға тырысам. Әсіресе, осындай қайырымдылық шара аясындағы жарыстарға қатысқанның бір пайдасы өзгеге аз да болсын қолыңда бар қаржымен көмектесесің. Биыл бала да болса туысқанымды ала келдім. Өйткені, өзіңнен кейінгілер үлгі алу үшін алдында өзің жүруің керек. Спортпен де айналысып, жақсылық жасауды, өзгелерге қамқор болуды да ұмытпау керек» – дейді ол.

 

Ал, Такир ақсақалдың туысқаны Равиль Муслимов небары 11 жаста.  «BURABIKE FEST» жобасын қолдап келгендердің ішіндегі жасы ең кішісі. Үш жасынан велосипедті серік еткен ол спортшы ретінде бір ай ғана жаттыққан. Каникулда жүрген ойын баласы қайырымдылық шарасына да дайындалып үлгермеген. Әйтсе де, Александр Винокуров бастап барған 1400 шабандоздың арасында еш қиындықсыз 10 шақырымды еңсеріпті.

Таңбалар: Ермұрат Назарұлықайырымдылық
Бөлісу3Твитерге2БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Қайырымдылық шараларына қатысты
Жаңалықтар

Қайырымдылық шараларына қатысты

21.11.2025
«Ел үлесі – пәтерге»: 869-шы баспана табысталды
Жаңалықтар

«Ел үлесі – пәтерге»: 869-шы баспана табысталды

20.11.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Жақсылығым ұзағынан болсын десең...

Соңғы жарияланымдар

Сұрақ-жауап

Қан алдыру туралы

12.12.2025
Арман Әсенов: Сарбаз бесаспап болуы керек
Сұхбат

Арман Әсенов: Сарбаз бесаспап болуы керек

12.12.2025
Мәдениет экономиканың драйверіне қалай айналады? Депутат Күлпаршын Айдархановамен сұхбат
Сұхбат

Мәдениет экономиканың драйверіне қалай айналады? Депутат Күлпаршын Айдархановамен сұхбат

12.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00