ҚМДБ Республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшесі, Діни оңалту бөлімінің жауапты маманы Ислам Маратұлы Қаюпов 15–16 қазан күндері жоспарлы жұмыс сапарымен Павлодар облысында болды.
Сапар аясында Павлодар қаласы мен Павлодар ауданының дін қызметкерлеріне, сондай-ақ Екібастұз және Ақсу қалаларының имамдарына арналған семинар өтті. Онда «Уағыз айту әдебі» тақырыбы қозғалып, діни оңалту жұмыстарын жетілдіру мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар Ислам Маратұлы қалалық «Бижан» мешітінде «Ең үлкен нығмет – ауызбіршілік», №63 түзеу мекемесінде жазасын өтеушілерге «Көркем мінездің жемісі» тақырыптарында насихат айтты. Ал «Мәшһүр Жүсіп» орталық мешітінде «Үміт ізгілікке жетелейді» тақырыбында жұма уағызын жүргізді.
Сапар барысында «Әбу Бәкір Сыддық» медресе-колледжінің шәкірттерімен де кездесу ұйымдастырылды. «Білім алудың маңыздылығы» тақырыбындағы сұхбатта дін маманы шәкірттерге үздіксіз ізденудің, көркем мінез бен ықыластың білім жолындағы маңызын түсіндірді.










