Жексенбі, 16 Тамыз, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Прокурор: Біздің мақсатымыз – ел азаматтарының өмірін қорғау

19.07.2026
- Сұхбат
0
20
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Заңсыз есірткі айналымы – қазіргі заманның ең күрделі қауіп-қатерінің бірі. Ол халықтың денсаулығына ғана емес, қоғамдық қауіпсіздікке де кері әсерін тигізіп, ұйымдасқан қылмыстың, сыбайлас жемқорлықтың және көлеңкелі экономиканың дамуына ықпал етеді, сондай-ақ басқа да ауыр қылмыстардың жасалуына жағдай жасайды. Осыған орай біз Астана қаласы прокурорының көмекшісі Ақтөре Беріковті әңгімеге тартып, саладағы қордаланған мәселелер жайында сұрап білген едік.

– Қазіргі таңда есірткі қылмысы заман ағымына сай қалай өзгеріп жатыр?

– Ең алдымен айта кетер жайт, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл еліміздің мемлекеттік саясатының басым бағытының бірі және Мемлекет басшысы қауіпсіз әрі әділетті қоғам құрудың негізі ретінде айқындаған «Заң және тәртіп» қағидатын іске асырудың маңызды құрамдас бөлігі.

Соңғы жылдары есірткі қылмысының сипаты айтарлықтай өзгерді. Бұрын негізгі қауіп есірткі құралдарын жеткізудің дәстүрлі арналары болса, бүгінде қылмыстық топтар заманауи цифрлық технологияларды белсенді пайдаланады.

Серікқали БАЙМЕНШЕ: Елдік мұрат енші алатынына сенемін

Серікқали БАЙМЕНШЕ: Елдік мұрат енші алатынына сенемін

09.08.2026
Дінтанушы: Зайырлылық – барлық дінге тең қарайтын ұстаным

Дінтанушы: Зайырлылық – барлық дінге тең қарайтын ұстаным

27.07.2026

Заңсыз айналымды ұйымдастыру үшін анонимді интернет-платформалар, мессенджерлер, криптовалюта арқылы есеп айырысу және байланыссыз өткізу тәсілдері қолданылады. Қылмыстық схемаларды ұйымдастырушылар көбіне елден тыс жерде болады, ал орындаушылар тапсырмаларды қашықтан алады. Бұл мұндай қылмыстарды ашуды едәуір қиындатады.

Синтетикалық есірткілердің таралуы ерекше қауіп төндіреді. Оларды өндіру көп ресурсты қажет етпейді, ал психоактивті заттардың жоғары концентрациясы мұндай есірткілерді адам өмірі мен денсаулығы үшін аса қауіпті етеді.

– Бұл қылмысты көбіне қандай жастағы адамдар жасайды?

– Ең осал санат – жастар. Қылмыскерлер әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы «жеңіл табыс» туралы ұсыныстар таратып, жастарды курьер немесе «жасырын орынға қалдырушы» («закладчик») ретінде заңсыз әрекетке тартады.

Мұндай схемаларға қатысу ел заңнамасына сәйкес ауыр және аса ауыр қылмыстар ретінде сараланып, ол үшін қатаң қылмыстық жауаптылық көзделген. Жылдам табыс туралы уәделер түптің түбінде адамның болашақ өмірін түбегейлі өзгертуі мүмкін ауыр құқықтық салдарға алып келетінін әрдайым есте ұстаған жөн.

– Бұл құқық бұзушылықтарға қарсы қандай шаралар қабылданып жатыр?

– Бүгінде есірткі қылмысына қарсы күрес тек тікелей орындаушыларды ұстаумен шектелмейді. Негізгі назар қылмыстық схемаларды ұйымдастырушыларды анықтауға, жасырын зертханаларды жоюға, прекурсорларды жеткізу арналарының жолын кесуге, есірткі тарату үшін пайдаланылатын интернет-ресурстарды бұғаттауға, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған кірістерді анықтап, тәркілеуге аударылады.

Қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыруға қарсы іс-қимылға ерекше көңіл бөлінеді. Ұйымдасқан қылмыстық топтарды қаржылық негізінен айыру олардың заңсыз қызметін одан әрі жалғастыру мүмкіндігін айтарлықтай төмендетеді.

Осы орайда елдің мемлекеттік есірткіге қарсы саясатын іске асыруда прокуратура органдарына маңызды рөл жүктелген. Прокуратура жедел-іздестіру қызметінің, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің және қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалауды жүзеге асырады, құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіреді, азаматтардың конституциялық құқықтарының сақталуын қамтамасыз етеді және қылмыстардың жасалуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөнінде шаралар қабылдайды.

Бұл ретте жұмыстың тиімділігі тек қозғалған қылмыстық істердің санымен ғана емес, ең алдымен қоғамдағы есірткіге тәуелділік деңгейінің төмендеуімен, азаматтардың қылмыстық әрекетке тартылуының алдын алумен және қоғамның мемлекеттік институттарға деген сенімінің нығаюымен бағаланады.

– Есірткі қылмысы таралмау үшін басқа қандай амал қылған дұрыс?

– Мәселені түпкілікті шешу үшін құқық қорғау шараларының өзі жеткіліксіз. Профилактикалық жұмыстың да маңызы зор.

Жастардың бойында есірткіге деген тұрақты теріс көзқарасты қалыптастыру, құқықтық мәдениетті арттыру, есірткінің заңсыз айналымына қатысудың салдары туралы ақпараттандыру мемлекет, білім беру жүйесі, ата-аналар, қоғамдық ұйымдар және бұқаралық ақпарат құралдарының күш-жігерін біріктіруді талап етеді.

Тек бірлескен жұмыс қана қоғамда есірткі қылмысына төзбеушілік ахуалын қалыптастырып, жас ұрпақты құқыққа қайшы әрекеттерге тартылудан қорғауға мүмкіндік береді.

Осы орайда айта кетер жайт, есірткі қылмысына қарсы күрес – тек құқық қорғау органдарының ғана емес, мемлекет пен қоғамның ортақ жауапкершілігі. Біздің мақсатымыз – азаматтардың өмірін қорғау және елдің қауіпсіздігін нығайту. Бұл бағыттағы тиімділік «Заң және тәртіп» қағидатын сақтауға, жазаның бұлтартпастығына және қылмысқа қарсы күрестің заманауи әдістерін енгізуге байланысты. Тек мемлекет пен азаматтық қоғамның күш-жігерін біріктіру арқылы ғана есірткі қаупіне тиімді қарсы тұра аламыз.

– Әңгімеңізге рахмет!

Әңгімелескен – Е.ЕРҒАЛИҰЛЫ

БөлісуТвитергеБөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Тамыры бір, гүлі ортақ
Ғибратты әңгімелер

Тамыры бір, гүлі ортақ

16.08.2026
“Мектепке жол” қайырымдылық акциясына қатысты
Жаңалықтар

“Мектепке жол” қайырымдылық акциясына қатысты

15.08.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Түркістан облысында Қаңлы дәуірінің құнды жәдігерлері табылды

Түркістан облысында Қаңлы дәуірінің құнды жәдігерлері табылды

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Танымал тақырыптар

  • В Турции взялись за финансовую структуру общины «сулейманджы»

    «Сүлейменшілер» ағымының жетекшісі ұсталды

    23
  • Әлеуметтік желіде біреудің айыбын ашу күнә ма?

    23
  • Ұлт руханиятының шамшырағы

    21
  • Дәстүрлі қазақ қоғамындағы тойдың маңызы мен ерекшелігі

    20
  • Қасым-Жомарт Тоқаев: «Толық адам» идеясы – мазмұны терең тұжырым

    19

Соңғы жарияланымдар

Тамыры бір, гүлі ортақ
Ғибратты әңгімелер

Тамыры бір, гүлі ортақ

16.08.2026
“Мектепке жол” қайырымдылық акциясына қатысты
Жаңалықтар

“Мектепке жол” қайырымдылық акциясына қатысты

15.08.2026
195 мечетей функционирует в Кызылординской области
Жаңалықтар

Қызылорда әкімімен кездесті

14.08.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00