Жексенбі, 26 Шілде, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Мұса пайғамбардың жәннаттағы көршісі

08.06.2026
- Ғибратты әңгімелер, Таңдаулы
0
66
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Бір күні Мұса пайғамбар (ғ.с) Тұр тауының қасиетті құзында Алла Тағаламен тілдесу құрметіне ие болған кезде:

– Уа, Раббым! Жәннаттағы көршілерімнің кім болатынын білдірсеңіз екен, — деп өтініш білдірді.

Сонда Алла Тағала:

– Сенің Жәннаттағы көршілеріңнің бірі – пәлен жердегі қасапшы. Егер көргің келсе, оның дүкеніне барып, бір түн қонақ болып қайт, – деп бұйырды.

Бірлік – береке бастауы

«Бірлікке үн қосқан» республикалық этномәдени бірлестіктер фестивалі өтеді

25.07.2026
Ясауи іліміне қатысты XVII ғасырдағы сирек қолжазба Мәскеуден табылды

Ясауи іліміне қатысты XVII ғасырдағы сирек қолжазба Мәскеуден табылды

24.07.2026

Бұл хабарды естіген Мұса пайғамбар таңырқап қалды. Қарапайым бір қасапшы қандай ізгі амалымен осындай ұлы мәртебеге жетті екен деген ой көңілін баурады.

Осыны білмек болып, ол әлгі қасапшы тұратын ауыл жаққа жол тартты. Біраз уақыттан кейін қасапшыны тауып:

– Уа, Алланың құлы! Бүгін түнде саған қонақ болсам деймін. Рұқсат етесің бе? – деді.

Қасапшы қуана қарсы алып:

– Қош келдіңіз! Алланың қонағына есігім әрдайым ашық. Кеш бата бірге үйге қайтайық, – деді.

Кеш түскен соң қасапшы себетіне азық-түлік толтырып, қонағымен бірге үйіне бет алды.

Үйге кіргенде ол:

– Маған аз ғана мұрсат беріңіз. Алдымен мына үйдегі ең қадірлі қонағымның жағдайын жасап алайын, содан кейін сізбен бірге боламын, – деді.

Сөйтіп, бөлменің бір бұрышында ілулі тұрған бесіктей тербелмелі төсектің жанына келді. Ішінен әбден қартайып, әл-дәрмені қалмаған бір кейуананы көтеріп алды. Оның үстін ауыстырып, тазалап, бар қажетін өтеді. Сосын өз қолымен тамақтандырып, жайлап орнына жатқызды.

Қасапшының әр қимылынан шексіз мейірім мен құрмет сезіліп тұрды.

Осы кезде қарт ана әлсіз дауыспен түсініксіздеу бір дұға айтты. Қасапшы болса:

– Әмин! – деп жауап берді.

Мұса пайғамбар бұл көрініске сүйсініп:

– Бұл кісі кім? Өзің ерекше құрмет көрсетіп жатыр екенсің, – деп сұрады.

Қасапшы:

– Бұл менің анам. Кезінде мен үшін қаншама қиындыққа төзді, қаншама бейнет көрді. Енді мен де перзенттік борышымды өтеуге тырысып жүрмін, – деді.

Мұса пайғамбар тағы сұрады:

– Анаң жаңа ғана бір нәрсе айтты. Сен де «әмин» дедің. Не деп дұға жасады?

Қасапшы күлімсіреп:

– Анам маған күн сайын: «Балам, Жәннатта Мұса пайғамбарға көрші болғайсың!» деп бата береді. Мен соған «әмин» деймін. Бірақ бұл қайдан мүмкін болсын?! Мұса пайғамбар қайда, мен қайда?! Оның дәрежесіне жету тұрмақ, жанына жақындаудың өзі арман емес пе?! – деді.

Сонда ғана Мұса пайғамбар өзін таныстырып:

– Қуанышты хабар қабыл ал! Мен – Мұса пайғамбармын. Алла Тағала сенің Жәннатта маған көрші болатыныңды хабарлаған соң, сені көруге арнайы келдім, – деді.

Қасапшы таңданыс пен қуаныштан көзіне жас алды. Ал Мұса пайғамбар оған:

– Анаңа қызмет етуден ешқашан жалықпа. Ананың разылығы – Алланың разылығына апарар жол, – деп насихат айтып, жолына шықты.

Ғибрат

Ананың жүрегінен шыққан ақ бата – қабыл болатын дұғалардың бірі. Кейде адамды биік дәрежелерге жеткізетін нәрсе оның байлығы да, атағы да емес, ата-анасына деген ықыласы мен қызметі болады.

Сондықтан дана халқымыз:

«Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да, ақ сүтін өтей алмайсың» деген. Расында, ананың ақысы өтелмес, ал ананың батасы – таусылмас қазына.

 Дайындаған – Тұрар ТҮГЕЛҰЛЫ

Таңбалар: анабата
Бөлісу2Твитерге1БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Ана – адамның алғашқы ұстазы
Видео

Ана – адамның алғашқы ұстазы

06.04.2026
Жердегі періште
Ғибратты әңгімелер

Жердегі періште

26.11.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Зекеттің жалпы пайдалары

Зекет пен садақаның айырмасы қандай?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Танымал тақырыптар

  • Ясауи іліміне қатысты XVII ғасырдағы сирек қолжазба Мәскеуден табылды

    Ясауи іліміне қатысты XVII ғасырдағы сирек қолжазба Мәскеуден табылды

    507
  • Бір кесе сорпаның бағасы

    43
  • Зәмзәмді күткен қария

    36
  • Сарышаянды арқалаған бақаның соңғы өкініші

    22
  • Исламда көп сөйлеу туралы не айтылған?

    21

Соңғы жарияланымдар

Ясауидің алғашқы ұстазы – Ақ Ата
Жаңалықтар

Ұлттық таным адасудан сақтайды

25.07.2026
“Зайырлы мемлекет пен қоғам” семинар-тернингі өтті
Жаңалықтар

“Зайырлы мемлекет пен қоғам” семинар-тернингі өтті

25.07.2026
Бірлік – береке бастауы
Жаңалықтар

«Бірлікке үн қосқан» республикалық этномәдени бірлестіктер фестивалі өтеді

25.07.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00