Пайғамбарымыз (Алланың салауаты мен сәлемі оған болсын) мешітіне ең алғашқы шам қойған сахаба Тамим ад-Дари (Алла одан разы болсын) еді.
Оған Пайғамбарымыз (Алланың салауаты мен сәлемі оған болсын): «Сен Исламды нұрландырғандай, Алла сені де екі дүниеде нұрландырсын» деп батасын берген екен.
Алла баршамызға да, дана Абай бабамыз:
«Болмасаң да ұқсап бақ,
Бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп,
Айтпа, ғылым сүйсеңіз», деп айтқанындай, мешіттерді де, адамдардың да жүректерін нұрландырып жүретін үмметтен болуға жазсын!
Қуат ҚАБДОЛДА










