Сенбі, 14 Наурыз, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Амалдың қандай түрлері бар?

27.10.2025
- Сұхбат
0
64
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Сұрақ: Амал деген не?

Жауап: Пенденің іс-әрекеті.

Сұрақ: Пенденің іс-әрекеті неше түрге бөлінеді?

Жауап: Пенденің іс-әрекеті сегізге бөлінеді.

Исатай БЕРДАЛИЕВ: Діни құндылықтар – бейбітшіліктің тірегі

Исатай БЕРДАЛИЕВ: Діни құндылықтар – бейбітшіліктің тірегі

11.03.2026
Бақытты ана, бабындағы чемпион – боксшы Әйгерім Сәттібаевамен мерекелік сұхбат

Бақытты ана, бабындағы чемпион – боксшы Әйгерім Сәттібаевамен мерекелік сұхбат

09.03.2026

Сұрақ: Олар қандай?

Жауап: Парыз, уәжіп, сүннет, мұстахап, мубах, мәкрүһ, харам, мустакраһ.

Сұрақ: Бұл амал түрлерін қалай басшылыққа аламыз?

Жауап: Кейбірін істеу керек, кейбірін істемеу керек. Ал, кейбіреуін істесе де, істемесе де оқасы жоқ.

Сұрақ: Парыз деген қандай амал?

Жауап: Ислам дініндегі міндет етілген амал. Парыз амалын істеген адам сауап алады, ал себепсіз істемеген адам күнәһар болады. Әрбір парыз амалдың парыздығына сенбеген, яғни мойындамаған адам кәпір болады, яғни имансыз боп есептеледі.

Сұрақ: Парыз амалдарына қандай амалдар жатады?

Жауап: Алла Тағалаға иман келтіру, дін Исламның хақтығына, яғни шынайылығына сену, әр күні бес уақыт намаз оқу, Рамазан айының әр күнінде ораза тұту, зекет беру, қажылыққа бару сияқты амалдар жатады.

Сұрақ: Уәжіп деген қандай амал?

Жауап: Парыз амал сияқты бұл да Ислам дінінде міндет етілген амал. Уәжіп амалын істеген адам сауап алады, ал себепсіз тәрк еткен адам күнәһар болады. Әрбір уәжіп амалының уәжіптігіне сенбеген кісі кәпір болмаса да, ол ауыр күнәға батады.

Сұрақ: Уәжіп амалдарына қандай амалдар жатады?

Жауап: Үтір намазын оқу, Құрбан айт пен Ораза айт намаздарын оқу, пітір садақасын беру, құрбан шалу, Құранда сәжде аяты оқылғанда тіләуәт сәждесін жасау сияқты амалдар жатады.

Сұрақ: Сүннет деген қандай амал?

Жауап: Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) әр уақыт істеп жүрген амалдары. Сүннет амалын істеген адам сауап алады, ал істемеген адам күнәһар болмаса да, істемегені үшін қиямет күні сөгіске қалады. Сонымен қатар, сүннет амалын жасамаған адам Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) шапағатына лайық болмайды.

Сұрақ: Сүннет амалдарына қандай амалдар жатады?

Жауап: Әрбір жақсы амалды істерде «Бисмилләһи-р-Рахмани-р-Рахиим» деп бастау, мұсылман адамдарға сәлем беру, Құран оқырда «Әғузу билләһи мин-аш-шайтани-р-раджиим» деп айту, т.б. амалдар жатады.

Сұрақ: Мұстахап деген қандай амал?

Жауап: Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) кейде істеп, кейде істемеген амал. Оны істеген кісі сауап алады, істемеген кісі күнәһар да болмайды, қиямет күні де істемегені үшін сөгіс алмайды.

Сұрақ: Мұстахап амалдарына қандай амалдар жатады?

Жауап: Нәпіл намаздар оқу, нәпіл ораза тұту, нәпіл садақа беру, әрдайым дәретпен жүру сияқты амалдар жатады.

Сұрақ: Мүбах деген қандай амал?

Жауап: Істеуі не істемеуі пенденің өз еркіндегі амал. Қаласа істейді, қаламаса істемейді. Мүбах амалын істеген адам сауап та алмайды, күнәһар да болмайды.

Сұрақ: Мүбах амалдарына қандай амалдар жатады?

Жауап: Халал тамақтарды тойып жеу, халал сусындарды тойып ішу, отыру, тұру, жүру, зияны жоқ сөздерді сөйлеу сияқты амалдар жатады.

Сұрақ: Харам деген қандай амал?

Жауап: Ислам дінінде жасауға қатаң тыйым салынған амал. Мұндай амалдарды мүлдем істемеу керек. Харам амалын Алла Тағаладан қорқып істемеген адам сауап алады, ал істеген адам ауыр күнәға батады.

Сұрақ: Харам амалдарына қандай амалдар жатады?

Жауап: Жазықсыз адам өлтіру, адамдарға немесе жануарларға зұлымдық жасау, ғайбат айту, өтірік айту, зина жасау, ұрлық қылу, мас қылатын ішімдік ішу сияқты амалдар жатады. Қандай да бір харам амалын халал деген адам мүжтәһид ғалымдардың ортақ үкімі бойынша, кәпір болып саналады.

Сұрақ: Мәкрүһ деген қандай амал?

Жауап: Ислам дінінде жасауға тыйым салынған амал. Мәкрүһ амалын істемеген адам сауап алады. Ал істеген адамға жаза берілуі мүмкін. Және осы мәкрүһ амалын халал деген адам ауыр күнәға батады, бірақ кәпір болмайды.

Сұрақ: Мәкрүһ амалдарына қандай амалдар жатады?

Жауап: Мешітте түкіру, әдепсіз өлеңдерді айту, құмар ойындарды тамашалау, әдепсіз әзілдерді оқып-жаттау, адамдарды үстінен мазақ ету, масқарасын шығару сияқты істер мәкрүһ істерге жатады.

Сұрақ: Мүстакраһ деген қандай амал?

Жауап: Бұрынғы ізгі, салиқалы адамдар істелуін жөн көрмеген, жақсы деп санамаған амал. Бұл амалды жасамаған дұрыс. Мүстакраһ амалын жасаған адам күнәһар болмайды, бірақ әдепсіз боп саналады. Және қиямет күні сол үшін сөгіске қалуы мүмкін.

Сұрақ: Мүстакраһ амалдарына қандай амалдар жатады?

Жауап: Тамақ жегенде ауызды толтырып жеу, тамақты көшеде немесе базарда жүріп жеу, дауысын шығарып есінеу, кекіру сияқты амалдар жатады.

«Ислам ғибадаты» кітабынан

Таңбалар: Амаламалдың түрлері
Бөлісу2Твитерге1БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Парыз амалдардың қандай түрлері бар?
Сұрақ-жауап

Парыз амалдардың қандай түрлері бар?

23.04.2025
Сұрақ-жауап

Уәжіп амал деген не?

13.01.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Пайғамбарлар деген кімдер?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    120843 бөлісті
    Бөлісу 48337 Твитерге 30211
  • Рамазан-2026: Пітір садақасы – 735 теңге

    1586 бөлісті
    Бөлісу 634 Твитерге 397

Соңғы жарияланымдар

Көк паспорттың қадірі
Мемлекет және дін

Көк паспорттың қадірі

14.03.2026
В Казахстане отмечают Көрісу күні
Жаңалықтар

Бүгін – Көрісу күні

14.03.2026
Наурызнама күнтізбесі
Инфографика

Наурызнама күнтізбесі

14.03.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00