Сәрсенбі, 24 Маусым, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Аида Балаева: «Капитан Байтасовтың ерлігі – нағыз патриотизмнің үлгісі»

23.10.2025
- Жаңалықтар, Таңдаулы
0
47
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Республика күні қарсаңында Астанада Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы мен Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының және ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен түсірілген «Капитан Байтасов» фильмі таныстырылды.

Фильмнің тұсаукесеріне ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, ҚР Парламенті депутаттары, құқық қорғау органдарының өкілдері, мәдениет қайраткерлері, актерлер мен туындының шығармашылық тобы, сондай-ақ батырдың отбасы – жұбайы Гүлжамал Тажиева мен ұлы Арманжан қатысты.

Киноның көрсетілімі алдында ҚР Парламенті Сенатының депутаты Нұртөре Жүсіп ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың құттықтау хатын оқып берді.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев биыл құқық қорғау органдарының кеңейтілген алқа мәжілісінде ержүрек сақшылардың ерлігі халыққа жанқиярлықпен қызмет етудің үлгісі ретінде жұртымыздың жадында сақталуға тиіс екенін айтты. Осы тұрғыдан келгенде, қалың көрерменге жол тартқан жаңа фильмді бұл бағыттағы іргелі істердің жарқын көрінісі деп қабылдаймыз. Ғазиз Байтасов – қысқа ғұмырында қылмысқа қарсы күресті қастерлі парыз санап, Отанға адал қызмет етудің озық үлгісін көрсетті»,– делінген құттықтау хатта.

 

Фильмнің сюжеті 2011 жылдың 12 қарашасында Тараз қаласында болған шынайы оқиғаға негізделген. Сол күні полиция капитаны Ғазиз Байтасов өз өмірін қиып, террористі тоқтатып, бейбіт тұрғындардың өмірін сақтап қалған еді. Полицейдің бұл ерлігі батырлықтың, патриотизм мен адалдықтың символына айналды.

Прокатқа шығатын фильмдер тексерістен өтеді

Прокатқа шығатын фильмдер тексерістен өтеді

09.06.2026
Өзбекстанмен мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық жоспарына қол қойылды

Өзбекстанмен мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық жоспарына қол қойылды

06.06.2026

Аида Балаева өз сөзінде мұндай жобаларды қолдау – ұлттық киноны дамыту ғана емес, сонымен бірге жас ұрпақтың бойына ерлік, әділдік, адалдық сияқты құндылықтарды дарытудың маңызды құралы екенін атап өтті.

«Капитан Байтасовтың жанқиярлық қызметі – нағыз патриотизмнің үлгісі. Фильм тек ерлік туралы ғана емес, ар-намыс пен борыш алдындағы адалдық жайында да терең ойға жетелейді. Мемлекетіміздің тыныштығы мен қауіпсіздігі – елдегі әр азаматтың ортақ жауапкершілігі.

Президентіміз атап өткен «Заң мен тәртіп», «Адал азамат» қағидаттары осы фильмде көрініс тапқан ерлік пен елге адалдық сынды құндылықтармен үндесіп жатыр. Өйткені мемлекеттің қуаты – заң мен тәртіпте, ал ұлттың беріктігі – азаматтарымыздың адалдығы мен жауапкершілігінде екені сөзсіз», – деді министр.

 

Аида Балаева сондай-ақ фильмді түсіруге атсалысқан барлық шығармашылық ұжымға алғысын білдірді.

Картинаның режиссері – Дәурен Қамшыбаев. Басты рөлдерді белгілі қазақстандық актерлер – Азамат Сатыбалды, Еркебұлан Дайыров, Асан Мәжит, Дархан Сүлейменов, Қобыланды Болат және Самал Еслямова сомдаған.

«Капитан Байтасов» фильмі 23 қазаннан бастап Қазақстанның барлық кинотеатрларында көрсетіледі.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Таңбалар: Аида БалаеваҒазиз Байтасов
Бөлісу1Твитерге1БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Прокатқа шығатын фильмдер тексерістен өтеді
Жаңалықтар

Прокатқа шығатын фильмдер тексерістен өтеді

09.06.2026
Өзбекстанмен мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық жоспарына қол қойылды
Жаңалықтар

Өзбекстанмен мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық жоспарына қол қойылды

06.06.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Абай Құнанбайұлының жеті тілге аударылған кітабының тұсауы кесілді

Абай Құнанбайұлының жеті тілге аударылған кітабының тұсауы кесілді

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Танымал тақырыптар

  • Сотталғандарға рухани-мәдени іс-шара ұйымдастырылды

    Сотталғандарға рухани-мәдени іс-шара ұйымдастырылды

    120
  • Қайролла КӨШҚАЛИ: Діни әдебиеттерді тарату заңмен реттелген

    44
  • Елордалық зейнеткерлер қымызмұрындық мерекесін атап өтті

    39
  • Діни мәтіндерге өз бетінше үкім шығару адасуға апарады

    34
  • Түзеу мекемесіндегі топтық кездесу

    33

Соңғы жарияланымдар

Нобель сыйлығының иегері қазақ қаламгерлерімен кездесті
Жаңалықтар

Нобель сыйлығының иегері қазақ қаламгерлерімен кездесті

24.06.2026
Зекет қоры институт қызметкерлеріне көмек көрсетті
Жаңалықтар

Зекет қоры институт қызметкерлеріне көмек көрсетті

24.06.2026
Желіні кезген жалған идеология
Видео

Желіні кезген жалған идеология

23.06.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00