Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Жасанды интеллектіні дін насихатында қолдануға бола ма?

24.09.2025
- Қоғам, Таңдаулы
0
47
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

XXI ғасырда адамзаттың дамуына серпін берген басты жетістіктің бірі – жасанды интеллект (ЖИ). Бұл технология ғылым, медицина, өндіріс, білім беру сияқты көптеген саланы түбегейлі өзгертіп, өмірімізді жеңілдетуге зор мүмкіндік береді.

Дегенмен, ЖИ-дің дамуы дін саласында әртүрлі пікірлер мен қайшылықтарды туындатуда. Себебі дін – адамның рухани әлемін, құндылықтарын, моральдық және этикалық өлшемдерін қалыптастыратын күш болса, жасанды интеллект – логика мен алгоритмдерге негізделген технологиялық жүйе. Осы тұрғыдан олардың үйлесімділігі мен қайшылықтары туралы мәселелер туындайды.

Жасанды интеллект қазіргі кезде дін саласында да кеңінен қолданылуда. Бұл технология діни мәтіндерді автоматты түрде талдау және аудару, намаз уақыты мен дұға оқылу тәртібі жайлы ақпарат беру, діни білімді онлайн жеткізу, уағыздарды цифрландыру сияқты жұмыстарда тиімді пайдаланылады. Мысалы, Құран немесе Інжіл мәтіндерінің сандық нұсқаларына талдау жасап, дінге қатысты сұрақтарға жауап беру немесе діни рәсімдерді ұйымдастыруға арналған қосымшалар осыған жатады.

Алайда бұл мүмкіндіктер дін өкілдері мен қоғам арасында әртүрлі қабылданады. Бір топ ЖИ-ді тек көмекші құрал ретінде қарап, оның діни қызметтерді жетілдіруге септігін тигізетініне сенсе, кейбіреулер мұндай технология діни құндылықтарға қауіп төндіруі мүмкін деп алаңдайды. Олар ЖИ-дің адамның сенім мен руханиятқа қатысты нәзік мәселелерін толық түсіне алмауын және діни тәжірибенің табиғатына сәйкес келмеуін сынға алады.

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Қазақстанда 11 жаңа петроглиф табылды

Қазақстанда 11 жаңа петроглиф табылды

03.12.2025

Дін – адамның ішкі сенімі мен жүрегіне әсер ететін рухани құбылыс. Ол тек логикаға немесе сыртқы деректерге емес, адамның өмірлік тәжірибесі мен сезімі және сеніміне негізделеді. Ал жасанды интеллект болса есептеу мен алгоритмдер жүйесі. Ол тек берілген деректер мен программаланған ережелерге сүйенеді, адамның рухани әлемін тереңнен түсіну қабілеті жоқ. Сондықтан ЖИ-дің діни құндылықтарды толық және терең деңгейде ұғынуы мүмкін емес.

Дін моральдық нормаларды Құдайдың әмірі, қасиетті мәтіндер мен сенім арқылы анықтаса, жасанды интеллекттің шешімдері адам жасаған алгоритмдерге негізделеді. Бұл жерде «адам жасаған жүйе Құдайдың әмірін ауыстыра ала ма?» деген күрделі сұрақ туындайды. Сонымен қатар ЖИ моральдық дилеммаларда объективті емес шешім қабылдауы ықтимал, себебі оның негізі адамның субъективті бағдарламалауында жатыр.

Діни тәжірибе – адамның Құдаймен байланысы, жүрек пен сенімге негізделген қасиетті процесс. Кейбір елдерде ЖИ-ді уағыз айтуға, діни рәсімдерді орындауға қолдану байқалады. Бұл, әсіресе, рухани тәжірибенің табиғатына қайшы болуы мүмкін, себебі мұндай рәсімдерді жүрек сезімі мен шынайы сенімсіз атқару рухани мағынаны жояды. Сондықтан ЖИ-дің діни салалардағы қолданылуы шектеулі болуға тиіс.

Жасанды интеллекттің қателіктерге ұрынуы ықтимал. Егер ол діни мәтіндерді қате түсіндірсе немесе жалған ақпарат таратса, бұл адамдардың сеніміне кері әсер етуі мүмкін. Сонымен бірге ЖИ-дің дамуы адамды «жаратушының орнын басуға» ұмтылып жатыр деген көзқарастарды туғызады. Бұл – діни сенім мен адамзаттың өзара қарым-қатынасына терең этикалық сұрақтар әкеледі.

Жасанды интеллект пен дін арасындағы қайшылықтар – қазіргі заманғы технологиялық даму мен ежелгі рухани құндылықтардың қиылысында пайда болған күрделі құбылыс. Бір жағынан, ЖИ дінді насихаттауға, діни білімді таратуға және түсіндіруге тиімді құрал бола алады. Бірақ ол ешқашан рухани тәжірибенің, Құдайға деген шынайы сенімнің орнын баса алмайды.

Сондықтан жасанды интеллектті дін саласында қолданғанда адамзаттың рухани құндылықтары мен моральдық-этикалық принциптерді қорғау басты назарда болуы қажет. Тек осылай ғана технология мен руханият үйлесім таба алады және қоғамға пайдалы болады.

Жасұлан ЖОМАРТҚАНОВ,

«Жетісу облысы дін істері

басқармасының» ММ

«Дін саласындағы мәселелерді

 зерттеу және оңалту орталығы» КММ

Оңалту жұмыстарын ұйымдастыру

бөлімінің басшысы

Таңбалар: діндін насихатыжасанды интеллект
Бөлісу1Твитерге1БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Жасанды интеллект этикасы: цифрлық дәуір құндылықтары туралы халықаралық диалог
Жаңалықтар

Жасанды интеллект этикасы: цифрлық дәуір құндылықтары туралы халықаралық диалог

23.11.2025
«Алқа» әдеби клубында жасанды интеллектің әдебиетке әсері талқыланды
Жаңалықтар

«Алқа» әдеби клубында жасанды интеллектің әдебиетке әсері талқыланды

22.11.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Газадағы гуманитарлық дағдарыс: Қазақстан әлемге үндеу жасады

Газадағы гуманитарлық дағдарыс: Қазақстан әлемге үндеу жасады

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады

03.12.2025
Қазақстанда 11 жаңа петроглиф табылды
Жаңалықтар

Қазақстанда 11 жаңа петроглиф табылды

03.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00