Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Әлемдік дін көшбасшылары Астанада кездеседі

04.08.2025
- Мемлекет және дін
0
42
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Биылғы 17–18 қыркүйекте Астана қаласында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі өтеді. VIII съездің басты тақырыбы – «Діндер диалогы: болашақ жолындағы синергия». Бұл форум қазіргі әлемдік сын-қатерлерге берілетін ұжымдық жауапты көрсетіп, діндердің бейбітшілікті нығайтудағы әлеуетін ашуды мақсат етеді. Форум аясында дін көшбасшылары мен сарапшылар адамзаттың ортақ мәселелерін шешудегі діннің рөлін талқылайтын болады.

Осындай жаһандық деңгейдегі діни және рухани көшбасшылардың басын қосу – Қазақстанның бейбітсүйгіш, келісім орнатушы мемлекет екенін көрсетеді. Бұл еліміздің халықаралық аренадағы беделін арттырады.

Расында, бүгінгі таңда әлемнің көптеген елдерінде діни алауыздықтар, экстремизм мен радикализм салдарынан қоғамда тұрақсыздық туындап отыр. Мұндай жағдайда әрбір мемлекеттің ең басты мақсаты – ел ішіндегі бейбітшілік пен келісімді сақтау. Осы тұрғыдан алғанда, діни тұрақтылық – мемлекеттің тұтастығы мен өркендеуінің негізгі шарты болып табылады.

Діни тұрақтылық – қоғамдағы әртүрлі діни сенім өкілдерінің өзара сыйластықта, бейбіт өмір сүруі, діни негіздегі қақтығыстардың, алауыздық пен араздықтың болмауы. Бұл ұғым дінаралық келісімді, діни сауаттылықты және мемлекет пен дін арасындағы тепе-теңдікті білдіреді.

Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезі қашан өтеді?

Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшылары съездерінің маңызы

25.11.2025
Дінаралық диалог – ислам сеніміне қайшы келмейді

Ортақ құндылықтарды жақындататын көпір

25.11.2025

Мемлекет – әрбір азаматтың құқықтары мен сенімдерін құрметтейтін әділетті орта болуы керек. Егер қоғамда бірлік пен келісім орнаса, ел ішінде бөлінушілік пен ішкі қақтығыстар болмайды. Діни алауыздық – кез келген мемлекеттің тұтастығына төнетін үлкен қауіп. Сондықтан діни тұрақтылық – елдің біртұтастығын сақтаудың маңызды факторы.

Қоғамдық тыныштық – дамудың алғышарты. Ел ішінде бейбіт өмір мен келісім болса, экономика өсіп, білім мен мәдениет дамиды. Ішкі тұрақтылық – шетелдік инвестиция мен халықаралық сенімнің негізі.

Жастарды теріс ағымдардан қорғау. Діни тұрақтылық – радикалды ұйымдардың алдын алу үшін маңызды. Діни сауаттылық пен дұрыс тәрбие жастарды жат ағымдарға кетуден қорғайды.

Әлеуметтік әділеттілік пен толеранттылық біздің басты ұстанымымыз. Түрлі дін өкілдерінің тең құқықта өмір сүруі қоғамда әділеттілікті нығайтып, өзара сыйластықты арттырады. Бұл – көпэтносты елдер үшін үлкен жетістік.

Қазақстан – әлемге діни келісім мен бейбітшілік үлгісін көрсетіп отырған мемлекет. Елдегі түрлі діндер мен ұлт өкілдері өзара татулықта өмір сүруде. Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі еліміздің бейбітсүйгіш саясатының айқын дәлелі. Сонымен қатар, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы, православ шіркеуі, католик қауымдастығы және басқа конфессиялар мемлекетпен өзара ынтымақтастықта жұмыс істейді.

Діни тұрақтылық – қоғамның рухани тұтастығының кепілі. Ол – ел ішіндегі тыныштықтың, бейбітшіліктің, мәдени және экономикалық өркендеудің негізі. Әрбір азамат діни татулықты сақтауға атсалысып, елдің болашағына бей-жай қарамай, ұлт бірлігін нығайту жолында қызмет етуі тиіс.

Қазақстан – тәуелсіздік алған күннен бастап бейбітшілік пен келісімді басты құндылық ретінде дәріптеп келе жатқан мемлекет. Осы бағыттағы ең маңызды халықаралық бастамалардың бірі – Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі. Бұл форум алғаш рет 2003 жылы Астана қаласында ұйымдастырылып, содан бері әр үш жыл сайын тұрақты түрде өткізіліп келеді.

Съездің өтуі – Қазақстан қоғамында діни және этностық келісімнің қалыптасқанын дәлелдейді. Мемлекет тұрғындары түрлі дінді ұстанғанымен, олар бейбіт, бірлікте өмір сүріп жатыр. Бұл – қоғам ішіндегі рухани тұрақтылықтың нығаюына, ұрпақ тәрбиесіне және ұлттық бірлікті сақтауына оң ықпал етеді. Күн тәртібінде жиі көтерілетін мәселелердің бірі – діни экстремизм мен радикализмге қарсы күрес. Әлемдік дін лидерлері бұл тақырыпта өз үндеулерін жариялап, адамзатты бейбіт өмірге, төзімділікке шақырады. Бұл Қазақстанға ғана емес, бүкіл әлемге тыныштық пен қауіпсіздікті нығайтудың жолын ұсынады.

Осындай үлкен шара барысында шетелден көптеген делегациялар, БАҚ өкілдері мен қонақтар келеді. Олар елдің мәдениетін, тарихын, діни татулығын көреді. Бұл Қазақстанның туристік тартымдылығын арттырып, әлемге ашық ел екендігін дәлелдейді. Діни қауымдар арасындағы өзара түсіністік пен сыйластықты нығайтуға үлес қосады. Діндер арасындағы кереғарлықты емес, ортақ құндылықтарды алға шығару арқылы адамдар арасында төзімділік пен диалог мәдениеті қалыптасады. Бұл – бүгінгі жаһандық саяси жағдайға байланысты аса қажет қасиеттердің бірі.

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі – бұл тек діни форум ғана емес, Қазақстанның бейбітшілік пен келісім жолындағы жаһандық үндеуі. Сондықтан бұл съезді өткізу – ұлттық мүддеге де, әлемдік қауіпсіздікке де қызмет ететін маңызды тарихи бастама.

Рүстем САБЫРЖАНҰЛЫ,

Түркістан облысы Дін істері

басқармасының басшысы

Қайнар көзі: atr.kz
Таңбалар: Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезібасты тақырыпконфессияаралық келісім
Бөлісу1Твитерге1БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады

03.12.2025
Палестина Президентінің дін істері жөніндегі кеңесшісін қабылдады
Жаңалықтар

Палестина Президентінің дін істері жөніндегі кеңесшісін қабылдады

02.12.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Исламда адамдармен қарым-қатынастың орны қандай?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады

03.12.2025
Қазақстанда 11 жаңа петроглиф табылды
Жаңалықтар

Қазақстанда 11 жаңа петроглиф табылды

03.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00