Жұма, 22 Тамыз, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Елу жыл мешіттен шықпаған ғалым

26.05.2025
- Ғибратты әңгімелер, Таңдаулы
0
58
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Сомали мемлекеті Мысырға қарап тұрған кез болатын. Сол жерде дүниеге келгенүмбеттің болашақ ғалымы Салих әл-Жағфари (р.а.) әкесі, аталары сияқты ғылымға өте ынтызар еді.

Ол бала күнінде-ақ Құранды жаттап алады. Бұл жердің заңы бойынша жастарды ерте үйлендіретін. Сондықтан жастайынан бала-шағалы болады.

Бір күні Каирден бір адам имам Нәуәидің «Сахих Муслимге» жазған шархының бірінші томын алып келеді. Салих әл-Жағфари (р.а.) оны сұрап алып, оқуға кіріседі.

Түсінде марқұм болған атақты ғалым Әбдуләли әл-Идрисиді (р.а.) көреді. Ол оған: «Балам,ілімді кітаптардан емес, ілім иелерінен алу керек»  деп айтады.

Дүниежүзілік ислам лигасының Бас хатшысы діндер съезіне қатысады

Дүниежүзілік ислам лигасының Бас хатшысы діндер съезіне қатысады

22.08.2025
Бірлік – басты құндылық

Бірлік – басты құндылық

22.08.2025

Оянған соң әке-шешесі, отбасы, туыстарымен қоштасып, ілім жолына аттанады. Түйесіне мініп, талай жерді басып өтіп, Мысыр астанасы Каирге келіп, әл-Азһар университетінің мешітіне кіріпті. Сол жерде ілім үйреніп, ғалым болып, мешіттің имамы болып тағайындалады.

Сол мешіттен 1929 жылдан 1979 жылы қайтыс болғанына дейін,  қажылыққа барудан басқа мақсатта 50  жыл бойы шықпаған екен.

Аталған кезеңдерде мешітте төрт мәзһабтың отыратын бұрыштары болыпты. Имам Салих әл-Жағфари (р.а.) өзі ұстанған мәлики мәзһабы бұрышынан, өзіне арнап, ағаштан ені мен ұзындығы екі метрден аспайтын  кішкентай бөлме жасап алады. Ішінде төсегі мен шәйнегі, кітаптары ғана болыпты.

Өзі өте тақуа адам болып, түндерін құлшылықпен, күндерін оразамен өткізіп, өте аз тамақ – нан мен ірімшікті ғана місе тұтқан деседі.

Жұма намазынан кейін шейх Салих әл-Жағфаридың (р.а.) уағызын тыңдау үшін министрлерден бастап, қарапайым адамға дейін жиналған халық мешітке сыймай қалатын көрінеді. Мысырдың әр тарапынан байлар шейхқа хайыр-ихсандарын әкелсе, ғалым бұл ақшаға маталар сатып алып, кедейлерге таратушы еді.

Пайғамбарымызға (с.а.с.) деген махаббаты соншалықты, әрдайым Оны (с.а.с.) түсінде көретін болыпты. Мешіттен шыққанда, тек Алла үйі – Бейтолланы тәуәп етіп, Пайғамбарымызды(с.а.с.) зиярат ету үшін 27 рет үлкен қажылыққа, көптеген мәрте кіші қажылыққа ғана барыпты.

Елу жыл бойы мешітте имамдық қызмет етсе де, мешіттен бір тиын да имамақы қызметіне еңбек алмапты. Осы жылдар ішінде қаншама ғалымдарды, шәкірттерді оқытып шығарыпты.

Осынша жыл бойы иғтикафта болып, дінге, ғылымға қызмет ету екінің бірінің қолынан келе ме десеңізші? Бұл үшін шынайы сенім мен ерекше ықылас керек екені ақиқат.

Абай хакім бабамыз: «Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз» деп айтқандай, бізге келсек, болмасақ та, ұқсап бағу жолы бар. Алла Тағала осындай дініміздің тіректері болған ғалымдарға, бабаларымызға разы болғай!

Қуат ҚАБДОЛДА

Таңбалар: ғалымҚуат Қабдолдамешіт
Бөлісу1Твитерге1БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Мешітте «Отбасылық кеңес беру орталығы» ашылды
Жаңалықтар

Мешітте «Отбасылық кеңес беру орталығы» ашылды

19.08.2025
Елімізде қанша құлшылық орны бар?
Инфографика

Елімізде қанша құлшылық орны бар?

19.08.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Мальта Палестинаның тәуелсіздігін мойындамақ

Мальта Палестинаның тәуелсіздігін мойындамақ

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Дүниежүзілік ислам лигасының Бас хатшысы діндер съезіне қатысады
Жаңалықтар

Дүниежүзілік ислам лигасының Бас хатшысы діндер съезіне қатысады

22.08.2025
Лағынет айтудан қалай сақтанамыз?
Сұрақ-жауап

Лағынет айтудан қалай сақтанамыз?

22.08.2025
Бірлік – басты құндылық
Видео

Бірлік – басты құндылық

22.08.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

      Update Required Flash plugin
      -
      00:00
      00:00
        Сұрақ қою
        Сұрақ қою