Жұма, 7 Тамыз, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Күн мен түн туралы күнгей тәмсілі

22.01.2025
- Қоғам, Таңдаулы
0
Иллюстративное фото: pixabay.com

Иллюстративное фото: pixabay.com

249
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Ертеде күні де ұзақ, түні де ұзақ бір ел өмір сүріпті. Бұл елдің адамдарына жарық пен қараңғылық бірнеше ұрпақ алмасатындай уақытқа созыла кезек алмасып, өмірдің өзгеше заңдылығын танытыпты. Ел билеушілер «Халық сол ұзақ түндерде өздерін де, айналасын да көре алсын, бір-бірін танысын» деп, баршаға үлкенді-кішілі шамдар таратқан екен.

Жарық түскен сайын ел-жұрт өздеріне қарап, бойларындағы кемшіліктерді байқап, тазаруға тырысқан көрінеді. Әркім өз шамын қасиетті деп есептеп, оның жарық сәулесін сақтау үшін ең көрнекі жерлеріне қойыпты. Уақыт өте келе адамдар бірігіп, ең үлкен шамдардың айналасына жинала бастапты. Олар оны жағалай қоршап, үлкен сарай-жайлар салып, сол сарайлардың төріне өз шамдарын орнатып, төңірегінде бас қосуды дәстүрге айналдырған екен.

Бірақ бұл мамырайхан тіршілік ұзаққа бармапты. Бір сарайдағы адамдар өз шамдарын артық көріп, өзгелердің шамдарын кемсітіп, оны менсінбейтін күйге жетіпті. Әркім өз шамын ұлықтап, өз жарығын мақтап, бір-бірімен дауласыпты. Мұндай бөлініс тек дау-дамайға емес, бір-біріне деген жаулыққа ұласа бастапты.

Сонымен қатар, ел ішінде жарық атаулыны мүлдем жақтырмайтын, тек қараңғылықта өмір сүруді ұнататындар да табылыпты. Олар жарыққа төзе алмай, тас түнек пен қараңғылықты дәріптеп, айналасындағыларды да жарықтан қорқуға үгіттейді екен. Олар жарықтан қорқатын адамдарды топтап жинап, жарықтың зияндығын дәлелдеу үшін әр шамның титтей де кемшілігін көрсетіп, оны қасақана көпшілікке жария қылады екен.

Күлтөбе қалашығының көшпелі көрмесі ашылды

Күлтөбе қалашығының көшпелі көрмесі ашылды

06.08.2026
Сауран қалашығында реставрация жұмыстары басталды

Сауран қалашығында реставрация жұмыстары басталды

06.08.2026

Айлар мен жылдар алмасқан сайын адамдардың тірлігі де өзгере бастапты. Уақыт өте келе, күннің жарығы, оның шапағы мен жылуы деген ұғымдар ұмытылыпты. Бала кезінде күнді көрген соңғы қария дүниеден өткенде, оның шын мәнінде не екенін айта алатын да пенде қалмайды. Осылай бірнеше буын дүниеге келіп, фәниден көшіп үлгереді. Алтын күн мен көгілдір аспан туралы әңгімелер ертегі ретінде айтылатын сәт те туады. Адамдар тек шамның жарығына ғана тәуелді өмір сүруге үйренгендіктен, ол ертегідегі құбылыстарды елестете де алмайтын болады. Сөйтіп қауым ел шерменде болып жүргенде, бір күні ұзаққа созылған түн аяқталып, арайлана таң атыпты. Күннің алғашқы сәулелері қараңғылықты сейілтіп, әлемге нұр шашыпты.

Бірақ бұл кенеттен келген жарық адамдарды таңырқатыпты. Көздері күннің жарығына үйренбеген жандар оның нұрына қарап, шошынып, одан қашып, қауіптене бастапты. Қараңғылыққа бойлары үйренген кейбірі күн сәулесінен мүлде қорғану үшін жарық түспейтін баспаналар салыпты, терең үңгірлер қазып, жерастылық тірлікке көшіпті. Тіптен, олар күннің шуағын дұшпан көріп, одан алыстай түсіпті.

Ал жарықты сүйеді деп есептелінген адамдардың өздері де күн нұрынан бас тартып, өз шамдарына қайта оралыпты. Олар өз сарайларына тығылып, терезелерін қымтап, күннің жарығын ішке кіргізбеуге тырысыпты. Әркім өз шамының айналасына жиналып, баяғы үйреншікті өмірлерін жалғастырыпты. Олар күннің шуағын шын мәнінде сезінбей, тек өз шамдарының әлсіз жарығына ғана сенген екен.

Сөйтіп, адамдар жарықтың шынайы нұрын ұмытып, тек өздерінің жасаған шамдарына табынып, соның айналасында өмір сүре берген деседі. Ал күннің нұры, оның шапағаты мен жылуы сыртта қалса да, кімде-кім терезесін ашып, жүрегін күнге бұра білсе, нағыз жарықтың, нағыз жылулықтың қандай екенін сезіне алатын еді. Бірақ ондай батыл адамдар сол елде тым аз еді…

Өзге ұлыстар олардың елін «Шам мәдениетінің елі» деп атап кетеді.

Отырарлық қариялар аузынан жазып алған

Абылайхан ҚАЛНАЗАРОВ

Таңбалар: басты тақырып
Бөлісу6Твитерге4Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Ислам

Абай – кемел мұсылман

05.08.2026
Қызметке адал болу – көркем мінез көрінісі
Ислам

Қызметке адал болу – көркем мінез көрінісі

03.08.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба
2025 жыл – Ислам және отбасы құндылығы жылы

2025 жыл – Ислам және отбасы құндылығы жылы

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Танымал тақырыптар

  • Мешіттің есепшісі

    Мешіттің есепшісі

    43
  • Абай – кемел мұсылман

    20
  • ШҚО: Әйел-қыздар секторы ұстаздарының қатысуымен тағылымды кездесу өтті

    18
  • Исламда пікір айту әдебі бар ма?

    17
  • Қызметке адал болу – көркем мінез көрінісі

    16

Соңғы жарияланымдар

Күлтөбе қалашығының көшпелі көрмесі ашылды
Жаңалықтар

Күлтөбе қалашығының көшпелі көрмесі ашылды

06.08.2026
Сауран қалашығында реставрация жұмыстары басталды
Жаңалықтар

Сауран қалашығында реставрация жұмыстары басталды

06.08.2026
Исламда жалқаулықтың орны қандай?
Сұрақ-жауап

Исламда жалқаулықтың орны қандай?

06.08.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00