Сенбі, 13 Маусым, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Бұ дүние мен О дүние

18.11.2024
- Ислам, Таңдаулы
0
Автор – Mo Laman

Автор – Mo Laman

143
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Бәріміз білетін керемет бір дұға бар: «Я, Раббым, маған осы дүниенің жақсылығын бер, Ақыреттің жақсылығын бер және мені от азабыңнан сақтай гөр» («Бақара» сүресі, 201-аят). Бұл дұғаны сүйікті Пайғамбарымыз да (Ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын!) өте көп айтқан екен.

Алғаш көзге түсетіні – екі дүниені қамтыған, қос дүниенің жақсылығын сұрауды үйреткен әмбебап тілек екендігі. Бұл аяттан, біздің ойымызша, мынандай тұжырымдар шығады:

  1. Мұсылман адам – бұл дүниеден баз кешкен, тек Ақыретті ғана ойлап қалған жан емес; қос дүниесін қатар уайымдайтын, екеуін қатар алып жүретін адам.
  2. Иман келтірген жан жақсылық іздейді. Ал адам іздегенін табады…
  3. Жақсылықты беретін, бүкіл нығметтің Иесі – Алла Тағала!
  4. Екі дүниеде жақсылық тапқан жан – азаптан құтылады.
  5. Бұл дүниенің жақсылығына жетпеген пенде Ақыреттің де жақсылығына жете алмайды. Өйткені: Бұл Дүние де – Құдіреттің ғажап туындысы!..
  6. Ұлы Жаратушының Ғажабының игілігін көру үшін Оның Заңдарымен (Дінімен) өмір сүру қажет.
  7. Дұға-тілек – құлшылық: өзіңнің орның мен Раббыңның дәрежесін мойындау.
  8. Азап та бар, яғни Есеп болады.
  9. Азаптан жақсы өмір сүрген адам құтылады.
  10. Жақсы өмір сүру – жақсы құлшылық, жаратылу мақсатының орындалғаны.
  11. Жамандықтан сақтанған жақсылыққа ие болады. Сақтану – шарт, сақтанғанды (Ол) сақтайды!
  12. Ақырет – бұл дүниенің жалғасы. Істің басы дұрыс басталса, ақыры да – дұрыс болмақ.
  13. Екі дүниені бөлек көру немесе бірін жоққа шығару, немесе тек біреуінің ғана қамын жеу – қателік пен өкінішке ұрындырады.
  14. Сұраған дүние – ұмтылған дүние. Жүрек қалауына жету үшін сөзбен қатар іс керек, дұға мен амал қабысса ғана – қалаған нәтиже қолға келмек.
  15. Жаратқан Иеміз біздің сұрағанымызды, яғни Өзін танып, Оған ұмтылғанымызды, жақындағанымызды жақсы көреді!
  16. Алла Тағала бізді жақсы көреді! Сүйіп, барша жаратылыстан артық қылып жаратқан!..
  17. Ақырет игілігіне жету үшін әуелі осы дүниеде ізгілікке жету қажет. Яғни осы дүниеде жүріп Жұмаққа кіре алу қажет: ішкі хәлмен…
  18. Жақсылық табу, жақсылық тарату – нығметті қадірлеу, Жаратушының Даналығын тану…
  19. Айналадағы нығмет, жағдайлардағы жақсылық ішкі көзбен – көкірек көзімен танылады…
  20. Жақсылыққа жету үшін: оған ұмтылу қажет; оны тану, ажырата білу керек; қадірін білу – шүкірлік керек; әр нәрседен жақсылық көре білу керек; жаман болып көрінген дүниені жақсылыққа айналдыра білу қажет…
  21. Осы Дүние жақсылығын қалау – қазір, осы сәтте, осы жерде жақсылық таба алумен, Әлемнен жақсылық көре алумен, шүкірлік етумен, разылықпен – құлшылықпен жүзеге асады.
  22. Бүгін мен ертеңді біріктіре білу қажет. Мәңгілік – тұтастықта…
  23. Бүгін (осы Дүние) мен ертең (Ақырет) – Уақытта түйіседі. Яғни Өмір дегеніміз – уақыт. Уақыттың қадіріне жеткен – Өмірдің қадіріне жетеді, ғұмыры берекелі, өзі бақытты болады…
  24. Дін – адам бақыты үшін түсірілген! Әлем – бақыт мекені!..
  25. Таным түзелсе – сезім де, харекет те түзелмек. Ойлану – маңызды…

Алғадай ӘБІЛҒАЗЫҰЛЫ

«Qaitadan» Бішкек халықаралық кинофестивалінде Орталық Азияның үздік фильмі атанды

«Qaitadan» Бішкек халықаралық кинофестивалінде Орталық Азияның үздік фильмі атанды

12.06.2026
Террористік қылмыс жасаған 13 адам сотталды

Террористік қылмыс жасаған 13 адам сотталды

12.06.2026
Таңбалар: Өмір
Бөлісу4Твитерге2БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Ал сіз әлемге не бердіңіз?
Ғибратты әңгімелер

Менің ең шынайы достарым

13.04.2026
Шыншыл достардың рухы бір
Ғибратты әңгімелер

Жұмақтың өзі өлімді талап етеді

17.07.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Уақып мүлкі – Алланың мүлкі

Уақып мүлкі – Алланың мүлкі

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Танымал тақырыптар

  • Құрбан айт – құтты мереке

    Айт намазының кестесі (барлық қала бойынша)

    3.3k
  • 27 мамыр – Құрбан айттың бірінші күні

    659
  • Бір хадистен – жеті хикмет

    87
  • Бақырша елді мекені атауы қайдан шыққан?

    84
  • Қауіпсіз сана – қауіпсіз бала

    55

Соңғы жарияланымдар

«Qaitadan» Бішкек халықаралық кинофестивалінде Орталық Азияның үздік фильмі атанды
Жаңалықтар

«Qaitadan» Бішкек халықаралық кинофестивалінде Орталық Азияның үздік фильмі атанды

12.06.2026
Террористік қылмыс жасаған 13 адам сотталды
Жаңалықтар

Террористік қылмыс жасаған 13 адам сотталды

12.06.2026
Радикалды көзқарастан арылту мен оңалту мамандарына арналған курс өтіп жатыр
Жаңалықтар

Радикалды көзқарастан арылту мен оңалту мамандарына арналған курс өтіп жатыр

12.06.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00