Жұма, 16 Мамыр, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Жошы ұлысының ақша айналымы

07.08.2024
- Қоғам, Таңдаулы
0
63
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Еуразия аумағында билік жүргізген Жошы ұлысының ақша айналымы хақында айтудан бұрын сол тұста, яғни орта ғасырда дүниежүзілік сауда-саттық ісі қалай жүргізіліп келді дегенге тоқталған жөн. Бұл дәуірдің экономикасы мен ақша айналымын зерттеген америкалық тарихшы-социолог Жанет Абу – Лугодтың (Janet Abu-Lughod) тұжырымына назар аударсақ, ХІІІ ғасырдың екінші жартысында еуразиялық аумақта билік жүргізген Жошы ұлысының ықпалы нәтижесінде күллі әлемді қамтыған экономикалық саясатта бұрын-соңды болмаған бірнеше оң өзгеріс пайда болғаны туралы айтылыпты.

Өйткені бұған дейін еура­зия­лық аумақ бір әкімшілік бірлікке ба­ғынып көрмеген еді. Бұған дейін Еуразияның апайтөс даласы тек текетірес алаңына айналған болатын. Атап айтар болсақ, католик, иудей, хрис­тиан дін өкілдері тарапынан Рим папасы қолдауымен кресшілер жорығы күллі қарт құрлықты қанға бояп жатса, Шығыста Таң және Сүн империялары өмір сүрді.  Бірақ бұл ұлыстарды байланыстыратын сауда-саттық немесе мәдени алма­сулар әлі тұрақты жолға қо­йыл­­маған еді.

Еуразиялық ірі мемлекет Жошы ұлысының құрылуымен ХІІІ ғасырда Батыс пен Шығыс арасында адам­зат тарихында ал­ғаш рет тұрақ­ты әрі қауіпсіз қа­тынас орната алды. Нақты айтар болсақ, Жошы ұлысы еуразиялық сауда-сат­тық ісін дүниеге әкелді. Яғни қа­зіргі тілмен айтқанда, жа­һандық инте­гра­цияның іргесі қаланды. Бұл оқи­ғаның арқасында еуразиялық сау­да экономика ісіне тың серпін ту­ғы­зып, Азия мен Еуропа құрлығын тұтастырған бейбіт сауда айналымы жүйесі өмірге келді. Сөйтіп, ХІІІ ғасырдың екінші жартысында қалыптасқан ақша айналымы ХVІІІ ғасырға дейін 500 жыл жалғасты.

Осы аралықта еуразиялық аумақта сауда керуен жолдары ашылып, сонымен қатар мәдени алмасулар жүргізілді. Мысалы, Жошының ұрпағы Мөңке Темір ханның тұсында арнайы мөрленген аса ауқымды тиын-теңгелер соғы­лып, ақша айналымы өрістей түсті. Бұл металл тиын-теңгелер Батыс Еуропаның барлық елді мекенінде қолданыста болды. Ол тиын-теңгелердің алтын, күміс, қола түрлері айналымға енді. Салмағы 6 данник, яғни 1 мысқал (1 мысқал – 4,68 гр) болды.

Ерім дейтін ел қайда?

Ерім дейтін ел қайда?

16.05.2025
Діни саладағы заңсыз әрекет: 453-баптың құқықтық қолданысы

Діни саладағы заңсыз әрекет: 453-баптың құқықтық қолданысы

16.05.2025

Жоғарыдағы өлшем бірлігі әр ғасырда әрқилы өзгеріп отырды. Мысалы, 1265-1266 жылдары Қырымда соғылған тиын-теңгенің салмағы жарты мысқал (2,00 – 2,20) болып келсе, ХІІІ ға­сырдың соңында соғылған теңге­лер салмағы 1,45 грамм екен. Жошы ұлысының ыдырау кезеңіне жақын 1400 жылдары соғылған тиын-теңгелер салмағы исламның бір дирхамына сәйкес 1,1 грамм мөлшерінде тоқтатылған.

Осы кезден бастап Жошы ұлысына тән тиын-теңгелерге ислам дінінің ықпалы әсер етіп, тиын-дирхамның қасбетіне араб графикасымен бәдізделген аят-дұға мәтіндері жазу үрдісі қалыптасқан екен.

Ұлыс тарихы мен ортағасырлық ақша жасау мәдениетін зерттеу­шілердің пайымдауына қарағанда, ол заманда металл ақша соғатын негізгі төрт орталық болған. Олар: Хорезм, Қырым, Сарай, Бұлған қалалары. Бұл орталықтар Жошы билігіне дейін теңге жасаумен шұғылданып келгені хақында айта кеткеніміз жөн. Бірақ кейін Жошы және оның мұрагерлері заманында бұл шеберханалардың қызметі кеңейіп, күллі еуразиялық кеңістіктегі ақша айналымын толық игере алды.

Айталық, 1260 жылдары Қырым өлкесінің Азак және Тана қалаларында соғылған теңгелер Қара теңіз арқылы өрістеген сауда ісінің басты валютасына айналса, бұл үрдіс екі ғасыр өткенде 1424 жылы Гирей ханның мөрі басылып, татар-генуя жазуы бар тиынға дейін жалғасты. Жоғарыда атап өткеніміздей, Жошы ұлысы кезінде қалыптасқан ғаламдық сауда-саттық һәм ақша айналымы жүйесі әр жылдары билік жүргізген хандар кезінде жаңадан ақша-теңгелер соғылып, еуразиялық ақша айналымы жетіліп отырды.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ

Қайнар көзі: egemen.kz
Таңбалар: Жошы ұлысытарих
Бөлісу2Твитерге1БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Төл тарихымызда зерттеушісін күткен тақырып көп
Сұхбат

Төл тарихымызда зерттеушісін күткен тақырып көп

14.05.2025
Бүгін – Бөкей ордасы құрылған тарихи күн
Жаңалықтар

Бүгін – Бөкей ордасы құрылған тарихи күн

11.03.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Игі істер марафоны жалғасып жатыр

Игі істер марафоны жалғасып жатыр

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Көп қаралғаны

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    75577 бөлісті
    Бөлісу 30231 Твитерге 18894
  • Сәби шағында қайтыс болған бала ата-анасына шапағатшы бола ма?

    2475 бөлісті
    Бөлісу 990 Твитерге 619
  • Төрт мәзһаб – ислам

    4810 бөлісті
    Бөлісу 1924 Твитерге 1202
  • Тәһәжжүд намазын түннің қай уақытында оқыған дұрыс?

    2712 бөлісті
    Бөлісу 1085 Твитерге 678

Соңғы жарияланымдар

Ерім дейтін ел қайда?
Қоғам

Ерім дейтін ел қайда?

16.05.2025
Бірінші түскен аят білімге шақырған
Видео

Бірінші түскен аят білімге шақырған

16.05.2025
Діни саладағы заңсыз әрекет: 453-баптың құқықтық қолданысы
Мемлекет және дін

Діни саладағы заңсыз әрекет: 453-баптың құқықтық қолданысы

16.05.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00