Бейсенбі, 13 Қараша, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Төрегелді Шармановтың соңғы жазбасы: «Өмір – бір тылсым дүние…»

25.05.2024
- Жаңалықтар, Таңдаулы
0
91
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Халқымыздың белгілі гигиенист-нутрициолог ғалымы, медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақ тағамтану академиясының президенті Төрегелді Шарманов бүгін 94 жасқа қараған шағында қайтыс болды.

Ғалымның негізгі ғылыми еңбектері тамақтану физиологиясына арналған. Ол тамақтану тәртібінің бұзылу себептерін зерттеп, адам денесінде ақуыз, дәрумен жетіспеу жөнінде тұжырым жасады; мешел ауруының даму механизімін ашты. Оның басшылығымен емшектегі балаларға арналған «Бөбек», «Аруана», «Антихолестерин» тағам қоспаларын шығарды. Оның бастамасымен 1978 жылы Дүниежүзілік денсаулық ұйымы (ДДҰ) мен ЮНИСЕФ-тің Халықаралық Алматы конференциясы өтіп, онда медицина санатының алғашқы жәрдемнің ұлттық жүйесін ұйымдастырудың ұстанымдары алғаш рет тұжырымдалған Алматы декларациясы қабылданды.

Төрегелді Шарманов әлеуметтік желіде белсенді болатын. Ол тамақтануға қатысты пайдалы посттар шығарып тұратын. Ал оның инстаграм желісіндегі соңғы жазбасы өмірдің сырына арналыпты. Биыл 28 ақпанда жариялаған постта былай деп жазыпты:

«Әр адамның өмірі бір салынған самал әуендей, айтылған адуын жырдай, күмбірлеген күміс күйдей, сыздықтап басталып, толқындай иірімденіп, буырқанып, қыран құстай қалықтап, ашық аспан астында күн мен айдың нұрына шомылып, әлемге үнін естіртіп, Тәңірдің пешенеге жазуымен тайталас-тартыс жетегінде жүргенде сынаптай сырғып өтетін, ешкімнің уысында мәңгі қалмайтын, әр көңілде арман болып ұялап, бақиға аттанатын бір тылсым дүние. Адам Ата мен Хауа Ана заманынан бері қаншама дәуір дүбірлеп өткенімен, адам жанының құпиясы жұмбақ күйінде қала бермек.

Харам мал ризық-несібені азайта ма?

Харам мал ризық-несібені азайта ма?

13.11.2025
Алғашқы кітап байқауы өтті

Алғашқы кітап байқауы өтті

13.11.2025

Адам баласы өзіне белгіленген уақыт-өмірін сүріп, өнерін көрсетіп, қайтадан аспандағы көп жұлдызға айналатындай, айналмалы тылсым дүниедегі бір қонақ тәрізді. Ешбір жанға өмірге келуінің сыры жайлы түсінік берілмеген, бойына біткен күш-қуаты, жігер-дарыны, қаны мен қасиетіне сай жер бетіндегі өзіне дайындалған рөлін сомдап, тек өзіне арналған сый-сыяпатын, қуаныш-бақытын иемденіп, тауқыметі мен қияметін арқалап, тоқтауды білмейтін уақыт диірменіне түсіп кете баратын жалпы адамзат баласының ғұмыры мәңгілік сапар үстінде десе болар.»

Ғалым ағамыздың жаны жәннатты болсын!

 

Таңбалар: қазанамаӨмір
Бөлісу2Твитерге1БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Шыншыл достардың рухы бір
Ғибратты әңгімелер

Жұмақтың өзі өлімді талап етеді

17.07.2025
Шәкірттің талабы
Ғибратты әңгімелер

Шәкірттің талабы

10.07.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Теріс пиғылды діни ағымды тек идеологиямен жеңу керек

Теріс пиғылды діни ағымды тек идеологиямен жеңу керек

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Харам мал ризық-несібені азайта ма?
Сұрақ-жауап

Харам мал ризық-несібені азайта ма?

13.11.2025
Алғашқы кітап байқауы өтті
Жаңалықтар

Алғашқы кітап байқауы өтті

13.11.2025
Зайырлылық – дінге қарсы құрал емес
Видео

Зайырлылық – дінге қарсы құрал емес

12.11.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00