Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Әлемдік діндер съезі: Диалогтан – ортақ шешімге

09.10.2023
- Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі, Сұхбат, Таңдаулы
0
143
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

11 қазанда Астана қаласында Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі Хатшылығының 21-отырысы өтеді. Хатшылық жұмысына ислам, христиан, буддизм және иудаизм діндерінің ең беделді өкілдері, сондай-ақ әлемнің 24 елінен халықаралық ұйымдардың саяси қайраткерлері мен өкілдері қатыспақ. «Хабар» агент­тігінің «Бетпе-бет» бағдарламасына сұхбат берген Сенат төр­ағасы, Съезд хатшылығының басшысы Мәулен Әшімбаев форум барысында қандай мәселелер талқыланатыны туралы айтты.

– Мәулен Сағатханұлы,  жуыр­да БҰҰ Бас ассамблеясының 78-сессиясында сөз сөйлеген Мем­лекет басшысы еліміздің бейбіт­сүйгіш мемлекет екенін, өзі­нің ұлттық мүдделерін қор­ғай­тынын және татулық пен ха­лық­аралық проблемалардың шешім­дерін іздеу жолында еке­нін атап өтті. Бұл бағытта Әлем­­дік және дәстүрлі діндер кө­ш­бас­шы­ларының съезі іс жүзінде қандай үлес қосуы мүмкін?

– Әңгімемізді қазіргі уақытта әлемде өте күрделі саяси жағдай ор­на­ғаны туралы бастаған дұрыс шығар. Өкінішке қарай, әр жерде со­ғыстар, қарулы қақтығыстар ж­ү­ріп жатыр, өзара ықпалдасқан белгілі бір блоктардың пайда бол­ғанын көріп отырмыз. Бұрынғ­ы қыр­ғи­қабақ соғыс кезін­дегі идео­логия­лар қақтығысы қайта орал­ғанын бай­қауға болады. Май­дан дала­сын­дағы қақты­ғыс­тардан бөлек әл­ем гибридті, ақпа­рат­тық, ки­бер және сауда-саттық со­ғыста­рын да бастап кешіріп жатыр. Ха­лықа­ралық жағдайды талдағанда соғыс­тың жиі қолданылатын құ­рал болып отырғаны өкінішті жайт. Екінші дүниежүзілік соғыс­тан кейін қалыптасқан халық­аралық қауіпсіздік жүйесінің шытына­ғанын көріп отырмыз. Сол кезде құ­рыл­ған БҰҰ, БҰҰ Қауіпсіздік ке­ңесі секілді ықпалды институттар, жұмсартып айтқанда, тиімді жұ­мыс істемей отыр және түрлі қақ­ты­ғыстарға тосқауыл бола алмай тұр.

Халықаралық қатынастар жү­йесін қайта құру, сондай-ақ әлем­дегі бейбітшілікке, тұрақтылыққа, өзара түсіністікке бастайтын инсти­туттар мен тетіктерді трансформациялау қажеттілігі туындады. Өзара текетірес жағдайларының артуына қарап отырып, біз мемлекеттер арасындағы пікір қайшы­лық­тары өте қызуқанды сипат ала бастағанын көріп отырмыз.

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025

Қақтығыстардан бөлек, қазіргі әлемнің маңызды мәселелері, атап айтқанда, климаттың өзгеруі секілді проблеманың да күрделеніп, өзекті бола түскені белгілі. Пандемия көптеген әлеуметтік мәселелерді, соның ішінде адамдар табысының теңсіздігі, алшақтығы сияқты проб­лемаларды одан әрі шиеленістіріп жіберді. Моральдық, адамгершілік құн­дылықтардың төмендеп, тек тұтынушылық мінез-құлық моде­лі­нің алдыңғы қатарға шыққанын көруге болады.

Міне, осындай кезеңде діни көш­бас­шылардың рөлі қаншалық­ты маңызды екенін айтпаса да түсі­нікті. Мұндай форумдар бары­сын­да келешекке деген ортақ көз­­қарас қалыптасады. Қазіргі күні әлем халқының 85 пайызы бел­гілі бір дінді ұстанушы. Сәйкесін­ше, сол діндердегі рухани көшбасшы­лар­дың да беделі өте жоғары деген сөз.

Біз әлемдік масштабта мем­ле­кеттік және халықаралық инс­титут­тардың ықпалы, атап айт­қанда, қандай да бір мәселені шешуге деген ықпалы төмендеп кет­кенін көреміз. Ал рухани көш­бас­шылардың ықпалды рөлі, кері­сінше артып келеді. Бүгінгі өмір оңай емес, кез келген адамға бір сенімді тірек керек, біз оны руханияттан іздейміз. Ерте ме, кеш пе әрбір адам тіршіліктің мәні жайында өз-өзіне сұрақ қоятын болады, оған жауап іздейді, өмір жайында ойланады. Сондықтан әл-Әзһардың Жоғарғы шейхы Ахмед ат-Тайеб немесе Папа Франциск секілді көшбасшылардың ықпалы артып келеді. Оларды жұрт тың­дай­ды, кеңес сұрайды және осы тұрғыда Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің жасампаздық, ынтымақтастық рухындағы маңызы зор.

Биыл 2003 жылы алғашқы Съез­дің өткеніне 20 жыл толып отыр. Осы уақыт аралығында Съезд дін­­аралық және өркениетаралық диа­­лог­ті нығайту мақсатында жұ­мыс істейтін көпке танымал, мәр­тебелі халықаралық платфор­маға айналып үлгерді. Өткен жы­лы ұйымдастырылған жетінші Съез­дің нәтижелері оның ғаламдық сұра­ныс­қа ие алаң екендігін дәлелдеді.

– Бұл форумды өткізудің елі­міз үшін қандай пайдасы бар?

– Мен Съездің маңызын тек тәжірибелік мақсаттармен ғана түйіндегім келмейді. Қазіргі таңда әлемдегі жағдай әрбір елден өз болашағы үшін жауапкершілікті сезінуді талап етіп отыр. Біздің елі­міз Әлемдік және дәстүрлі дін­дер көшбасшыларының съезін өткізу арқылы рухани көшбас­шылар ұс­танымдарының тоғысуына, ха­лықаралық ахуалдың іргелі мәсе­лелерін шешуге ортақ қадам жасауға ықпал етеді. Халықаралық деңгейде бейбітшілік пен келісім мәдениетін таратуға өз үлесіп қо­са­ды. Бұл өз кезегінде еліміздің ха­лықаралық қауымдастықтың жа­уапты мүшесі ретінде қазіргі әлем бетпе-бет келіп отырған көп­те­ген проблеманы жұмсартуға ықпалын арттырады. Бұл бірін­шіден.

Екіншіден, осы сұраққа үтілдік көзқарас тұрғысынан қарап көре­йік­ші. Алғашқы Съезді өткіз­геннен кейін әлемнің көптеген мем­ле­кет­інде бейбітсүйгіш еліміз ту­ралы көп адам естіп білді. Был­тыр жетінші Съезд өтті. Оған 50-ден астам елден 100-ден аса делега­ция қатысты.

Мәселен, Рим Папасы Франциск бүгінде халық саны 1 млрд 400 млн адамды құрап отыр­ған католик әлемінің рухани көш­бас­шысы. Олардың көпшілігі Папа­ның қайда барғанын, не айт­қа­нын, қандай кеңестер мен баға бергенін бақылап отырады. Осынау көрнекті тұлғаның елі­міз­ге келгені туралы жүздеген халық­аралық бұқаралық ақпарат құра­лы жарыса хабар таратты. Рим Папасы Францисктің біздің елі­міз, оның рөлі, ұлтық кодымыз, өр­кениеттер тоғысқан өлке екен­ді­гіміз туралы айтқан сөздері, біздің сая­сатымызға, халқымызға берген бағасы әлемде жағымды әсер туғызғаны және көптің құлағына жеткені талассыз.

Әл-Әзһардың Жоғарғы шейхы Ахмед ат-Тайеб та еліміз туралы, оның халықаралық қауіпсіздік пен тұрақтылыққа қосқан үлесі жайында жылы сөздерін аямады. Бүкіл өмірін дін жолына арнаған ол қазіргі күні ислам әлеміндегі ең беделді тұлғалардың бірі саналады. Сондықтан оның да біздің еліміз туралы айтқан сөздері әлемнің көптеген елінде таралып жатты және бұның өзі ғаламдық қауіпсіздікті сақтауға қосып жатқан еліміздің бейбітсүйгіш мемлекет ретіндегі атын шығаратыны сөзсіз.

Елдің абырой-беделі іскерлік қатынастар үшін маңызды екені талас­сыз шындық. Бейбітсүйгіш серік­тесің болса, оған инвестиция құю­ға болатын сенімді серіктес ретін­де қарауға болады. Сол арқы­лы басқа елдермен сауда-саттық артады, туристер де көптеп келеді. Біздің Съездеріміз өтіп жүрген Пирамида қазіргі күні әлемнің көптеген турисін өзіне тартатын орталыққа айналып үлгерді.

Сыртқы саясат – негізінен ішкі саясаттың жалғасы екені белгілі. Біздің елімізде ар-ұждан бостан­дығы Конституциямен қорғалады. Со­нымен бірге Қазақстан – зайыр­лы мемлекет, елдің барлық аза­матына ортақ талаптар бар. Дін ұстанушылар үшін тиімді, толерантты саясат жүргізу арқылы біз әлемнің көптеген еліне үлгі болып отырмыз.

Болашақ форумның мақсаты жайында айтсақ, менің ойымша, ең бастысы – барлық әлемдік және дәс­түрлі діндердің рәміздерін, қа­сиетті жерлерін, кітаптарын қорғау туралы жалпыға ортақ, халық­аралық мәмілеге келуіміз керек.

– Съезд хатшылығының отырысында нақты қандай мәселелер талқыланады?

– Біз жетінші Съезд деклара­циясының қалай жүзеге асырылып жатқанын, осы жұмыс аясында алдағы уақытта не істеу керектігін жан-жақты қарастырамыз. Екінші ма­ңызды мәселе, алдағы 10 жылға ар­налған Съездің даму тұжы­рым­дамасын қарастыру да жос­парда бар. Съезд – бұл тірі ағза, бізге әлі де даму керек, алдыңғы форумдардың жетістіктерімен тоқтап қалмауымыз қажет. Алға қарай жылжуымыз керек, әлемде не болып жатқанын сараптай отырып, Съезд жаңа ахуалдарға бейімделуі керек. Осы платформаны қалай дамытамыз және осыған байланыс­ты барлық әлемдік және дәстүрлі діндер өкілдерінің қатысуымен алаңды қалай дамытатынымыз туралы ұсыныстар көрсетілген құжат дайындалды. Съезд жұмысында неғұрлым инклюзивті қағидатты қамтамасыз ету, көбірек жастарды тарту, сабақтастықты сақтап қалу үшін жас діни көшбасшылар форумдарын өткізу де жоспарда бар. Рим Папасы Франциск пен Жоғарғы Имам Ахмед ат-Тайеб­тың достық деңгейдегі өзара қарым-қатынасына мән берсе­ңіздер, олардың арасында тек әріп­тестік ынтымақтастық емес, адами достық бар. Бұл достық көш­бас­шылардың келесі ұрпақ­тары­на жалғасуы қажет, осылай­ша келер ұрпақ қарым-қаты­насы қалыптасады, өзара әрекет­теседі және жаһандық мәселелерді шешуге ықпал ете алады.

Сонымен қатар Съезд хатшы­лығы аясында әлемнің рухани орталықтарында бірқатар зерттеу, дөңгелек үстел өткізу және осы Келісім мен толеранттылық идеологиясын тарату да жоспарланып отыр. Егер «Алдағы 10 жылда Съезд жұмысы қалай дамиды?» деген сұрақтың жауабын тұжырымдайтын болсақ, әлемдік және дәстүрлі діндер өкілдері нақты іс-әрекеттер мен шешімдерге назар аударуды ұсынады дер едім. Ең бірінші кезекте диалогті қамтамасыз ету маңызды болды. Ал қазір әлем­дегі ең өзекті кедейлік, эколо­гия­лық мәселелер, соғыстар, қақты­ғыстар, радикализмге қарсы күрес, арандатушылық сияқты жаһандық проблемаларды бірлесіп шеше­тін кез келді. Тұжырымдама осы мәселелер ашық айтылған. Дәл осы сұрақтар Съезд құжатында да кеңінен қарастырылады. Егер діни көшбасшылар Тұжырымдаманы қабылдаса, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің алдағы уақыттағы жұмысы осы құжат негізде іске асырылады.

Дайындаған –

Ескендір ЗҰЛҚАРНАЙ

Таңбалар: Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезібасты тақырыпдінаралық диалогконфессияаралық келісімМәулен Әшімбаев
Бөлісу4Твитерге2Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады

03.12.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Ауғанстанда қуатты зілзаладан мыңдаған адам зардап шекті

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00