Сәрсенбі, 28 Қаңтар, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Жастар және зайырлылық принциптері

05.10.2021
- Мемлекет және дін
0
199
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Бүгінгі таңда саналы ұрпақ түрлі ақпаратқа, жаңа технология үрдісіне жоғары қызығушылық танытуы – заңды құбылыс. Кез келген ақпаратты жедел қабылдап, оған қатысты пікірін де айқын жеткізе алады. Бұл зайырлы елдің негізгі қағидалары. Жастар ұлт пен этносына қарамастан, ерікті түрде сапалы білім алуына құқылы. Яғни діни, саяси, кәсіптік, техникалық және өзге салада да білім ала алады. Сонда зайырлылық дегеніміз не?

Зайырлылық?! Бұл біздің еліміздің мемлекеттік құрылым түрі. Яғни, зайырлы мемлекетте дін үкіметтің ісіне, ал билік өкілдері діни ұйымдардың ісіне араласпайды.

Осы ретте білім беру мекемелерінде оқушылар мен студенттер қауымына зайырлылық принциптерін түсіндіру, деструктивті діни ағымдардың ықпалынан сақтану бойынша ақпараттық жұмыстар қатары жолға қойылған. Біздің облыстың оқу орындарында да дәрістер оқу, түрлі кездесулер, семинарлар өткізу бойынша ауқымды жұмыс жүргізілуде. Өңірлік дін мәселелерін зерттеу орталығының мамандары ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жастардың сауалдарына үнемі жауап береді. Ондағы басты мақсат –зайырлы елдің қағидаларын түсіндіру. Өйткені кез келген мемлекеттің азаматы өз елінің конституциялық құрылымын білген абзал.

– Жастар тарапынан зайырлылық, жат ағымдардан сақтану туралы тақырыптарға жоғары қызығушылық бар. Ненің дұрыс, ненің бұрыс, туындаған мәселеден қалай шығу керек екені жөнінде сұрақтарын үнемі қойып отырады. Жалпы, мемлекеттік саясат, төзімділік мәселелеріне көңіл бөлу керек. Бұл түсініктердің өз шеңбері бар. Елімізде зайырлылық принципі бойынша билік органдары діни бірлестіктердің ісіне араласпайды, алайда олардың қызметі ҚР «Азаматтық кодексі», «Қылмыстық кодексі» және «Діни бірлестіктер және діни қызмет туралы» Заңы бойынша қадағаланады. Қаншалықты барлық дін өкілдеріне бірдей құқық берілген, соншалықты олар заң алдында бірдей дәрежеде құқықтық жауапкершілікке тартылады, – дейді орталық мамандары.

Зайырлылық – әлем елдерінің басым бөлігінің таңдауы, қоғамдық тұрақтылық пен келісім кілті. Зайырлылық – ол дін емес. Егер зайырлылық өз алдына дін болса, онда жастарымыздың оған қарсы психологиялық наразылық танытуы, өзінің діни сенімін қорғау мақсатында мемлекетке оппозициялық мінез танытуы объективті тұлғалық қасиет саналар еді. Бірақ зайырлылық – дін де, идеология да, идея да емес, ол – ұстаным.

Зайырлылық – дінсіздік пе?

13.01.2026
Сындарлы саясат: Биыл мемлекетімізді қандай өзгеріс күтеді?

Сындарлы саясат: Биыл мемлекетімізді қандай өзгеріс күтеді?

05.01.2026

Яғни, ең алдымен зайырлылық ұстанымының мәні мен табиғатын тану – шарт.  – Біз зайырлылық туралы күнделікті естігенмен, оның сипаты, ұстанымы не екенін жетік білмейді екенбіз. Зайырлы елдің азаматы ретінде өз құқығымызды да дұрыс білмейтінімізді жасыратын емес. Сондықтан ақпараттық топ жүргізетін кездесулердің маңызы өте зор. Білмегенімізді естіп, сұрап, мемлекеттік құрылымның өзекті тармақтарынан теріс діннің қоғам үшін тигізер зияны мен зардабы туралы да хабардар боламыз. Жат ағымның жетегінде кеткен таныстарымызды қалай оңалтуға болатыны жөнінде біраз ақпарат алдық, – дейді кезекті ақпараттық-түсіндірме тобы жүргізген кездесудің қатысушысы, жергілікті жоғары оқу орнының студенті Нұрбек Жұмағалиев.

ШҚО ДМЗО маманы Әсем Жылқышева

Таңбалар: дінЖастарзайырлылықзайырлылық қағидалары
Бөлісу5Твитерге3Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

«Таптаурындарсыз БАҚ-тағы дін» атты конференция өтті
Жаңалықтар

«Таптаурындарсыз БАҚ-тағы дін» атты конференция өтті

20.01.2026
Мемлекет және дін

Зайырлылық – дінсіздік пе?

13.01.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Алматы: Моланың іргесіне үй салмақшы

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Ағым түбі – алауыздық
Видео

Ағым түбі – алауыздық

28.01.2026
Жаңа айды көргенде не айту керек?
Сұрақ-жауап

Жаңа айды көргенде не айту керек?

28.01.2026
АҚШ-тағы Қазақстан елшісімен кездесті
Жаңалықтар

АҚШ-тағы Қазақстан елшісімен кездесті

28.01.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00