Сәрсенбі, 17 Маусым, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Ұрпақтың азғаны – ұлттың жоғалуы

10.09.2021
- Қоғам
0
193
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Елімізде бір жыныстылардың шаңырақ көтеріп, қоғамнан жасырын өмір сүріп жатқаны жөнінде соңғы кездері жиі айтылып жүр. Әсіресе, мәдениеттен жұрдай, өздерін ашық демократиялы қоғам деп санайтын батыс елдерінде мұны заңдастырып та қойды. Мәселен, АҚШ-тың Нью-Йорк, Калифорния және басқа да бірқатар штаттарында бір жынысты некелер саны күн санап артып барады.

Еркектің еркекпен, әйелдің әйелмен мұндай қадамға баруы бізге Лұт қауымының тағдырын тағы бір еске салады. Кезінде ерлер бір-бірімен жыныстық қатынасқа түсіп, азғындықтың шегіне жеткен. Сөйтіп Алланың азабына ұшыраған. Жаратушымыз азғындаған бұл қауымның төбесінен отты тас жаудыртып, оларды мәңгілік жермен-жексен еткенін біреу білсе, біреу білмес.

Иә, Лұт қауымы демекші, қасиетті Құранда бұл жөнінде былай баяндалады: «Лұт сол уақытта еліне айтты: «Сендерден бұрын әлемнен ешкімнің істемеген арсыздығын істейсіңдер ме?», «Сендер әйелдерді қойып еркектерге қызығып келесіңдер ме? Әрине сендер шектен шыққан елсіңдер» («Әғраф» сүресі, 80-81-аяттар).

Құранның тағы бір жерінде: «Лұтқа (ғ.с.) да (пайғамбарлық бердік). Сол уақытта еліне: «Рас өздеріңнен бұрын әлемде ешкім істемеген арсыздықты істедіңдер» деді. «Рас сендер еркектерге жақындасасыңдар да жол кесіп, және мәжілістеріңде жамандық істейсіңдер ме?». Сонда қауымы былай деді: «Егер шыншылдардан болсаң, қане бізге Алланың азабын келтірші». Лұт: «Раббым! Бұзақы елге қарсы маған жәрдем бере көр!», – деді» («Анкәбут» сүресі, 28-30-аяттар).

Қазақ тарихындағы өнегелі тұлғалар – бүгінгі ұрпаққа үлгі

Қазақ тарихындағы өнегелі тұлғалар – бүгінгі ұрпаққа үлгі

16.06.2026
Террористік қылмыс жасағандарға рақымшылық берілмейді

Террористік қылмыс жасағандарға рақымшылық берілмейді

15.06.2026

Міне, жиіркенішті істі ең алдымен осылай бастаған Лұт қауымы Құдайдың қаһарына ұшырады. Өкініштісі, сол кездегі азғындықтың белгісі бүгінде қайталанып келуі.

Мұсылман әлеміне танымал ғалым Ибн Қайим гомосексуализм көптеген күнәлі істер мен зияндарға алып келетінін айтқан. «Ал оны істеген адам сол ісін жалғастырып жүргеннен өлгені жақсы, себебі ол азғындық жолындағы және күнәһар адам болады да, қайта түзелуге үміті қалмайды, Алланың және Оның жаратылыстары алдында ұяттан жұрдай болады», – дегені көпшілікке ой салуы тиіс.

Ал, пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) көптеген өсиеттерінде мұндай азғындық жайлаған елде түрлі жұқпалы аурулардың пайда болатыны және адамның екі жағы мен екі санының арасындағы мүшелерінің күнәларынан тозаққа баратыны айтылған.

Бұл ретте өз халқымыздың болашағы үшін алаңдауымыз керек. Өйткені, Қазақстанның әрбір қалаларында гомосексуалистердің арнаулы орындары, қыдыратын түнгі клубтары бар екендігі БАҚ беттерінде ашық жарияланып жүр. Тіпті, оларды бір-бірін жақындастыратын, басын қосатын мүдделі сайттардың жұмыс істейтіні қынжылтады. Ару қала Алматының өзінде отызға жуық орталығы бар дегенді естігенде таң қалдық.  Ал,  еліміздің  «Неке және отбасы туралы» кодексінде «Араларында неке қиюға жол берілмейтін азаматтар – біржынысты адамдар» деп тайға таңба басқандай жазылған.

Жалпы, адамзат ұстанымдары мен салт-дәстүрімізге, шариғат заңдарына қарсы шығып жатқандарды жөнге салатын уақыт келді. Өзіміз азғантай ғана халықпыз. Еліміздің ертеңі деп жүрген жастарымыз «бір жынысты махаббатқа» бой ұрса, ұлт болашағына балта шабылғанымен бірдей емес пе? Ел басына күн туғанда әлгі гомосексуалистер Отанды қай бетімен қорғайды? Азғындықтың шегіне жеткен мұндай ұрпақ кімге керек?

Бәрін айт та бірін айт, бұл мәселені шешуге қоғам болып атсалысқан жөн.  Адамгершіліктің бастауы болған Ислам дінін жастар арасында кеңінен насихаттап, тура жолға салуда тәжірибелі мамандардың, кәсіби дінтанушылардың, психологатардың көмегі ауадай қажет.

Қай жағынан алып қарасақ та, Лұт қауымының күнәлі істерге барғаны, қалай жазаланғаны, Алланың қаһарына іліккені бізге сабақ. Ендеше, мұны біле тұра үнсіз қалған жарамас деп ойлаймын.

Тәрбие отбасынан басталады. Баланы дұрыс азамат етіп тәрбиелуде әке-шешенің міндеті жоғары. Одан кейін білім беріп, саналы ұрпақ тәрбиелейтін ұстаздар қауымына түсер жүк те жеңіл емес. Баланы жастайынан туралыққа, тазалыққа, адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеген жанұядан ешқашан азғын ұрпақ щықпасы анық. Сондықтан да ұл-қыздарымыздың болашағына бармақ тістеп қалмас үшін, осы мәселеге қазірден бастап кіріскеніміз жөн.

Мамлюк МҰСАЕВ

Таңбалар: басты тақырыпҰрпақ тәрбиесі
Бөлісу5Твитерге3Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Ұлы даланың мәдени коды
Видео

Ұлы даланың мәдени коды

12.06.2026
Келте шешім кесапаты
Видео

Келте шешім кесапаты

09.06.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Айбек Асқарбекұлы халал индустриясын айтып берді

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Танымал тақырыптар

  • Құрбан айт – құтты мереке

    Айт намазының кестесі (барлық қала бойынша)

    3.3k
  • 27 мамыр – Құрбан айттың бірінші күні

    662
  • Бір хадистен – жеті хикмет

    94
  • Қауіпсіз сана – қауіпсіз бала

    59
  • Тақ үстінде дәруіштік жол бола ма?

    44

Соңғы жарияланымдар

Мешіттегі ұрлық: Имам ақша ұрлаған қызды түрмеден құтқарып қалды
Жаңалықтар

Мешіттегі ұрлық: Имам ақша ұрлаған қызды түрмеден құтқарып қалды

17.06.2026
Құранда жәндіктер жайлы не айтылған?
Сұрақ-жауап

Құранда жәндіктер жайлы не айтылған?

17.06.2026
Фильмдерді прокатқа шығаруға дейінгі сараптама қағидалары бекітілді
Жаңалықтар

Фильмдерді прокатқа шығаруға дейінгі сараптама қағидалары бекітілді

17.06.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00