Сенбі, 6 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Дін саласын реттейтін маңызды құжат

01.06.2021
- Мемлекет және дін
3
382
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Қазақстан Республикасы – зайырлы мемлекет. Мемлекетіміздің басты құндылығы – ұлтаралық және дінаралық келісім мен татулықты сақтау. Қазір Тәуелсіз елімізде 130-дан астам ұлт пен ұлыс, 18 конфессиядан тұратын дін өкілдері өмір сүруде. Мемлекетіміздің дін саласындағы ұстанған саясаты әділдігімен, ашықтығымен, адам құқығын заңмен қорғауымен маңызды. 

Елімізді мекендеген 18 конфессияға енетін 3816 діни бірлестіктің 2680-і – ислам бағытында болса,  342-і – православие, 86-ы – католик, 595-і – протестандық бағытты ұстанған.

«Дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырудың 2021-2023 жылдарға арналған кешенді жоспары» мемлекетіміздің дін саласындағы саясатының мақсаттары мен міндеттерін айқындайды. Бағдарлама «Зайырлылық қағидаттарын нығайту», «Азаматтардың діни сенім бостандығына құқығын және діни бірлестіктермен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету», «Қазақстандық қоғамда конфессияаралық келісім мен тұрақтылықты қамтамасыз ету», «Дін саласындағы ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету» деген 4 бөлімнен тұрады.

«Азаматтардың діни сенім бостандығына құқығын және діни бірлестіктермен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету» бөлімінде көрсетілгендей, діни сенімдегі отбасылардың кәмелетке толмаған балаларының құқықтарының заңмен қорғалатыны еліміздің болашақ азаматтарының қоғамның толыққанды мүшесі болып қалыптасуына ықпал етеді. Елімізде тіркелген кейбір ұйымдардың діни наным-сенімдеріне орай, балаларына қан құйдырмау салдарынан шетінеп кету фактілері сирек те болса орын алуда. «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңға сәйкес мұндай әрекеттерге жол бермеу қарастырылған.

Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезі қашан өтеді?

Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшылары съездерінің маңызы

25.11.2025
Дінаралық диалог – ислам сеніміне қайшы келмейді

Ортақ құндылықтарды жақындататын көпір

25.11.2025

Бағдарлама әлемде қалыптасып отырған күрделі діни ахуалға орай, мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ел халқының діни экстремизм мен терроризм идеологиясына қарсы тұра алатын иммунитетін қалыптастыру бағытында іс-шараларды жүзеге асырады. Бағдарламада осыған орай ақпараттық, әлеуметтік және ғылыми білім жобаларын іске асыру көзделген.

Еліміз бойынша 224 ақпараттық-түсіндіру тобы жұмыс істейді. Оның құрамында мемлекеттік қызметкерлер, дін мамандары, еңбек ардагерлері, қоғамдық ұйым мүшелері еңбек етуде.

Діни сауатсыздық салдарынан адасқан, экстремистік әрекеттері үшін бас бостандығынан айырылған адамдарды радикалдық пиғылдан қайтару бағытында дін мамандары мен құқық қорғау органдарының бірлескен қызметі елімізде радикалды, жат идеологиялардың алдын алуда.

Ел азаматтары өз еркімен дінді ұстануға немесе ұстанбауға құқылы. Зайырлы, мемлекетіміз адамдардың діни наным-сеніміне қол сұқпайды. Алайда, құқықтық мемлекет ретінде заңда көрсетілген шектеулерді бағытқа ала отырып, әрекет етеді.

Соңғы жылдары деструктивті діни теріс ағымды ұстанушылар тарапынан әкімшілік құқық бұзушылықтар кездесуде. Мемлекеттік рәміздер мен ұлттық және мемлекеттік мейрамдарды мойындамау белең алды. Аталмыш құжатта «Қазақстанды мекендеген барлық өзге дін өкілдері мемлекеттік рәміздерді, ұлттық және мемлекеттік мерекелерді құрметтеуге тиіс» делінген.

Сондай-ақ,

Қазақстандық қоғамда діндер:

қоғамдағы моральдық-адамгершілік құндылықтарды жаңғыртуға, сақтауға және дамытуға, соның ішінде руханиятсыздық элементтерін жеңуге;

қоғамдағы мәдениет деңгейін арттыруға;

халықтың дәстүрлі құндылықтарын дамытуға және қоғамға жалған құндылықтардың енуіне қарсы тұруға;

отбасы және неке институтының рөлі мен маңыздылығын арттыруға;

елде және халықаралық деңгейде мәдени алуан түрлілік пен мәдениетаралық диалог құндылықтарын дамытуға маңызды үлес қоса алады, – делінеді.

Бағдарламаның маңыздылығы – радикалды, деструктивті діни теріс ағымдардың экстремизмді насихаттауына және діни теріс ағымдарға адам тартуына жол бермеу. Бұл бағыттағы басты мақсат – экстремизм мен радикализм идеологиясының алдын алу үшін жұмыс тиімділігін жетілдіру, дін мамандарының біліктігін арттыру, әлеуметтік, ақпараттық жұмысты тиімді ұйымдастыруда жатыр.

Бұл жұмыстар халықтың дін саласындағы мемлекеттік саясатты және зайырлылық қағидаттарын қолдауына, діни теріс ағымды ұстанушыларды оңалту арқылы зайырлы қоғамға оралуға қол жеткізеді деп ойлаймыз.

Мақсатбек МАХАНБЕТОВ,

Маңғыстау облысы Дін істері

басқармасының басшысы

Таңбалар: басты тақырыпдінаралық татулықконфессияаралық қатынасТолеранттылық
Бөлісу9Твитерге6Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады

03.12.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

«Қайырымдылық жаршысы» көпшілікке таныстырылды

Пікір 3

  1. Есен Боранбайұлы жазған:
    5 жыл бұрын

    Керемет! Елдегі конфессияаралық татулық пен зайырлылық принциптерінің сақталуы – ел іргесінің беріктігі мен бейбітшілік кепілі.

    Жауап беру
  2. Madina жазған:
    5 жыл бұрын

    Қазақ елі әрдайым қонақжайлы болатын. Сондықтан СССР кезінде келген барлық халықтар тату-тәтті өмір сүреді. Конфессияаралық келісім де тұрақты, зайырлы қоғам оңай қалыптасуда

    Жауап беру
  3. molyaa жазған:
    4 жыл бұрын

    Қазақстан Республикасы Ата заңының абсолютті нормаларының бірі – зайырлылық

    Жауап беру

Madina үшін пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00