Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Сиқырдың сиқы

16.05.2021
- Қоғам
0
699
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Қасиетті Құранды ашатын алғашқы «Фатиха» сүресінің бірінші аятында «ғәләмин» сөзі тұр. Бұл «әлемдер» деген көпше сөз. Демек, адамзат әлемімен қатарлас бізден жасырылған ғайып әлемдер бары хақ. Олардың бірсыпырасы ғана мәлім, қалғандары сыр! Ал, оған сенім келтіру иманның бұлжымас мүттәқин шарты.  

Ардақты Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыз аса қауіпті болған ұлы жеті күнәні біздерге тізбектеп берген. Осылардың ішінде адам тағдырын тәлкекке салатын, өмірінің ойранын шығаратын көзбояушылық-сиқыр бірінші орында. Бұл зұлматпен айналысу мұсылман пенденің қолынан келе қоймас. Тек иманын Әзәзілге сатып, ата дінінен айырылып, тіпті кәпірден төмен деңгейге түскен жүзеге асырушылардың қолынан келеді.

Негізінде, бұл адамзатқа сырттан жасалынатын қастандық, Харут Марут үйреткен жақсылық ниетпен де атқаруға болмайтын Алланың ұлы тыйымы. Мұса (ғ.с.) пайғамбар тұсында өркендеп, кейін құлдилаған. Сол себепті, барлық дінде мұнымен  айналысқандарды аямастан жазалаған. Алайда, түп-тамырымен қияметке дейін жалғасатын осы жауыздық мұсылман мұсылманға, келіндер қайын жұртқа, достар бір-біріне, әйелі еріне, кәсіпкер серіктестертер арасында жиі кездесетін болды.

Шариғи тілде өз болмысын өзгерту үшін жынға, шайтанға қайырылу сиқыр делінеді. Бүгіннің кей адамдары бұл іске жақсы атау беріп, «Ақ магия» дейді. Бірақ, атын өзгерткенмен, заты мәңгілік бәрібір өзгермейтін харами дүние. Тіпті адамды адамға қосу, бір-біріне жақсы көрсету, қарызын қайтарту үшін жасалынса да.

Ғұмыры ғибратқа толы ел ағасы

Ғұмыры ғибратқа толы ел ағасы

22.11.2025
Тұлға – тектілік пен тәрбие жемісі

Тұлға – тектілік пен тәрбие жемісі

21.11.2025

Жалпы сиқырмен дуалау, жын ұру, көз тию дегендердің шығатын жері бір, яғни ол – имансыздықтың бастауы. Қызғаныш – оның түртпегі, қаражат – оның ілмегі. Бүгінде осы бір кесапат кесірмен айналысушылардың саны көбейіп, оған жүгінушілердің қатары азаймауда.

Құранның аят-сүрелері бұл жөнінде хабарлар ақтарады. Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымызды да сиқырлаған. Оның (с.ғ.с.) хадисінде көп адамның көз тиюден өлетіндігі айтылса, адамды қабірге, хайуанды қазанға түсіретінін де айтқан.

Көз тию бар, ол ақиқат. Қазақта «Көз тиеді, көз тимесе сөз тиеді» дейді. Яғни “Көзі бар” адамдардың да, жындардың да сұқтана қарауы. Жобада осы тізбектің барлық дерлік белгілері бір-біріне ұқсас. Олардың қатарында адамның рухани құлазуы, құлықсыздығы, бедеулігі, түсік тастау жиілігі, жұмысының жүрмеуі, себепсізден себепсіз жылауы, бет-жүзінің қараюы не сарғаюы, жалғыздықты сүюі, ешбір нәрседен ләззат алмауы, барлық мәселеде тұрақсыздығы, бір аурудың асқынуы, емі табылмауы, сырқаттың ұзауы, жүректің қысылуы, тым қатты есінеуі яки кекіруі айтылған.

Осының бәрі адамды толықтай өзгертеді, яғни жүйкесі сыр береді, рухани құлазиды, жалқауланады, ашушаң келеді, өз-өзіне сөйлейді, орынсыз күледі, дірілдеп қалшылдайды, түбінде өз-өзіне қол жұмсауына алып баруы да әбден ықтималды кесел. Әрі мұның ең үлкен белгісі адамның себепсіз үнемі сұлқ құлай беруі.

Түнде бастырылу, қорқыныш пен үрейлі түстер көру, биіктен құлау, ит-мысық көру, лас нәрсені (түсінде) жеп-ішу, қашу, қылғыну, буыну ұдайы көрініп не түс, не өңі екендігінен белгісіз күйге түседі. Бұл белгілердің басым көпшілігі әркімде әрқалай сипатта болуы мүмкін. Тек, ең жоғарғы дәрежеге жеткенде, түстегі қорқынышы өңіне айналып, елестері нақты күндізгідей көрінетін болады.

Жалпы, бұл рухани кеселден емделудің екі жолы көрсетілген. Біріншісі, қасиетті Құранның ұлы дұғаларымен айығу болса, екіншісі дәл сондай сиқыршының үлкенірегіне бару. Тек, екінші жолына шариғат тыйым салады.

Аурулар екіге бөлінеді: дене және рух сырқаттары. Сол рух кеселіне жын әлемінің тікелей әсері бар. Бұл қасіреттен сақтанудың негізгі жолы мыналар: саф таза ақида (сенім) ұстану арқылы жаратқан жалғыз Аллаға иманы мен үміті нық болу, күнә атаулыдан алыс болу, әуретті жердің жабық жүруі, бірде-бір жаратылысқа нақақтан (әдейілеп) жазықсыз зияндық көрсетпеу. Ұдайы ғұсыл-дәретпен таза жүру, құлшылық жасау, сүннет дұға-тілектерге сүйену. Қатты қуану мен қайғыда өз-өзін жоғалтпау, сабыр сақтау және көпшілік жамағатпен бірге болу.

Бүгінде сиқыр мен дұға, көз тию себептерінен кейбір жүздерді қайғы шалған, отбасыларды үрей ұялаған, санадан алжасқан, шаңырағынан өздеріне мүлде тиесілі болмаған заттар мен түйіншіктер табылып жатқан жағдаяттар көп. Тіпті, зират басында, қабір жанында, оның құлыптасында тескілене жыртылған, кескіленген суреттердің, әр нәрселердің табылып жатқандығы көпшіліктің алаңдаушылығын туғызуда. Бұл анық сиқыр.

Ал, қаптап кеткен балгерлер, бақсылар, көріпкелдер, жол ашушылар – осы сиқыр, жын әлемінің әскерлері. Олардың қара қойлары мен тауықтары, маңдай мен қабырғаға жаққан қандары – сиқырдың элементтері. Зират-моланың топырағы, тұз бен шекер, ине шаншылған қуыршақтар – баршасы осы ұлы апатты күнәнің аспаптары.

Осы күпір істермен айналысқандардың өздері, тұқымдарымен қоса зардап шегетіндігін баса айта келе, оларға барып, көмек сұраудың өзі опық жегізетін имансыз қарабет қылықтар екендігін тағы да еске салғым келеді.

Бірақ, «қорыққанға қос көрінеді» дегендей, әрбір нәрседен үрейлене бермеу керек. Ала жіп пен инеден, шырпы мен шүберектен үркімей, жалғыз Жасаған Алламызға тәуекелімізді кемелдендіруге шақырар едім.

Нұрлан қажы БАЙЖІГІТҰЛЫ

дінтанушы, имам   

Таңбалар: дуалаужын-шайтансиқыр
Бөлісу17Твитерге11Бөлісу2Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Әжетханаға кірерде не үшін дұға айтылады?
Сұрақ-жауап

Әжетханаға кірерде не үшін дұға айтылады?

13.02.2025
Сұрақ-жауап

Құран оқып жолды ашатындарға сенуге бола ма?

05.07.2024
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Деструктивті бағыттағы теріс ақпаратты анықтаудың негізгі үш белгісі - мамандармен сұхбат

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00